«Көксу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Көксу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Көксу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық бөлімі:

1) осы стандартты аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияласын;

2) осы бұйрықтың қосымшасындағы стандартпен аппарат қызметкерлерін таныстырсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Аппарат басшысы                                                        Ж.Кубиева

Жарияланған күні

16 қазан 2025 17:12

Жаңарту күні

16 қазан 2025