Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті

 

Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы «___»_______

№____ қаулысына қосымша

 

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті

 

1-тарау. Жалпы ережелер

      1.Осы Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті (бұдан әрі - Регламент) Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының тәртібін регламенттейді.

2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі - қабылдау) Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының ғимаратында мынадай лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылады:

      1) аудан әкімі және оның орынбасарлары;

      2) аудан әкімі аппаратының басшысы;

      3) қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті аудан әкімі аппаратының өзге де қызметкерлері жүзеге асырады;

3.Әкім аппаратының қабылдауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген өзге де қызметкерлері жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін аталған лауазымды адамдар қабылдауға келіскен жағдайда олар өтініш берген күні қабылдауды жүргізеді.

2-тарау.Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімінің аппаратында жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі

4.Қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында түскі үзіліспен «электрондық үкімет» веб-порталындағы немесе «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесiндегі электрондық құжат, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен немесе жауапты қызметкеріне ауызша нысанда айтылған жолданымдар, сондай-ақ телефон арқылы келіп түскен өтінімдер негізінде қабылдауға жазылуды жүргізеді.

5. Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау туралы жолданым қаралмайды, бұл туралы арыз иесіне хабарланады.

6. Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

Егер жеке қабылдау туралы өтініші бар жолданым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, ол туралы арыз иесіне көрсетіледі және оны Кодекстің талаптарымен сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді.

Белгіленген мерзімде Кодекстің талаптарына сәйкес келтірілмеген жеке қабылдау туралы өтініші бар жолданым қайтарылуға жатады.

7. Аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аудан әкімі аппаратының басшысының қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес айына кемінде бір рет жүргізіледі.

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі азаматтарды жеке қабылдауды «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес халықпен кездесулер өткізгеннен кейін де жүргізеді.

 7-1. Осы Регламенттің 2-тармағында көрсетілген адамдардың қабылдауы аудан әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентіндегіқосымшасына сәйкес нысан бойынша аудан әкімімен бекіткен кестеге сәйкес айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.

8. Лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), көрсетілген қабылдау кестелері,қабылдау күндерімемлекеттік және орыс тілдерінде көпшілікке көрінетін жерлерге ілінеді, сондай-ақ ауданәкімдігінің ресми сайтында орналастырылады.

9. Аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауы аудан әкімінің тиісті тапсырмасы бойынша бекітілген кестеден тыс қабылдауды өткізу күні көрсетіле отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

10. Қабылдаудың алдында жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі – арыз иесі) өзінің жеке басын куәландыратын құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан жүгінген кезде – олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетеді.

11. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауда берген жолданымдары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзгеше қағидалары көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

12. Қабылдау жүгіну кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, еңбек ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран», «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерімен марапатталған адамдар кезектен тыс қабылданады.

13. Арыз иесінің келісімімен облыс әкімінің және оның орынбасарларының қабылдауы бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

14. Пандемиямен немесе жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да жағдайларға орай шектеу шаралары енгізілген жағдайда қабылдау бейнеконференцбайланыс арқылы ғана жүзеге асырылады.

15. Қабылдауға жазылу мына жағдайларда:

1) жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кірмейтін мәселелер болса;

2) әкімшілік органның, лауазымды адамның жолданымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша шешімі бар болса;

3) сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сол адамға қатысты шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар болса;

4) әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды қайтарса;

5) әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесінен жолданымды кері қайтарып алуды қабылдаса, жүзеге асырылмайды.

16. Уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар және басқа да жағдайлардың себебі бойынша қабылдау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қабылдаушы адам қабылдауға жауапты қызметкерді жеке қабылдау өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей немесе қабылдау өткізілетін күні хабардар етеді.

17. Жеке және заңды тұлғалардың қабылдау күні қосымша жолданымдар мен басқа да ілеспе құжаттарды ресімдеуге (қажет болған жағдайда) көмектесетін заң консультанттары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер (волонтерлерді қабылдау күндері ғана тартуға болады) тартылуы мүмкін.

18. Аудан әкімі аппаратының тиісті қызметкерлері қабылдау өткізген кезде, егер көтерілетін мәселе басқа да мүдделі органдар өкілдерінің құзыретіне қатысты болса, олардың қатысуы қамтамасыз етіледі.

19. Басқа мүдделі органдар өкілдерінің қабылдауға қатысуы туралы сұрау салу жіберілгеннен кейін, арыз иесі 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілген сұрау салу туралы және қажет болған жағдайда қабылдауға жазылу туралы жолданымды қараудың ұзартылғаны туралы хабардар етіледі.

20. Басқа мүдделі органдардың бірлесіп қабылдауға қатысудан бас тарту фактілері туралы ақпарат 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыс әеімі аппаратының өтініштерін қарауды бақылау бөліміне жіберіледі.

21. Қабылдау арыз иесінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

22. Қабылдау барысында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін қабылдауға қатысуға шақыра алады немесе қабылдау уақыты мен орнын тиісті лауазымды адамдармен келісе алады.

23. Қабылдау нәтижелері жолданым немесе тапсырмалар бойынша қабылдау барысында қабылданған шешімді көрсете отырып, оларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетіліп хаттамаланады. Хаттамалық тапсырмалар жолданымдарға қоса тіркеледі.

24. Азаматтарды қабылдау дербес деректер мен мемлекеттік құпияларды не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау туралы талаптарды сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3-тарау. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері жөніндегі жолданымдарды тіркеу және қарау тәртібі

 25. Қабылдауға жазылу туралы келіп түскен барлық жолданымдарды әкім аппаратының қызметкерлері электрондық құжат айналымы жүйесінде не «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінде олар келіп түскен күні тіркейді және жолданымдардың қаралуына бақылауды жүзеге асыратын жауапты қызметкерге (бұдан әрі – жауапты қызметкер) алдын ала қарау үшін жібереді.

Егер өтініш жұмыс істемейтін күні келіп түссе, онда ол одан кейінгі келесі жұмыс күні тіркеледі.

Өтініш беруші жеке өзі келген кезде немесе телефон байланысы арқылы ауызша нысанда келіп түскен өтініштер,бөлек хаттамаға енгізіледі және осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес тіркелуге жатады.

26. Жауапты қызметкер аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын, материалдарды жинағаннан және талдағаннан кейін қабылдау күнін белгілеу немесе бас тарту туралы ұсыныспен аудан әкімі аппараты басшысының атына анықтамалық ақпарат дайындайды.

27. Қабылданған шешімнің қорытындысы бойынша жауапты қызметкер аудан әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы қабылдайтын адамдардың тізімін қалыптастырады және оны аудан әкімінің күнтізбелік жұмыс жоспарына енгізу үшін ұйымдастыру бөліміне жібереді.

28. Әкім аппаратының жауапты қызметкері бекітілген қабылдау кестесіне тізімдерді кезектілік тәртібімен бөледі.

29. Әкім аппаратының жауапты қызметкері жолданым тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде арыз иесіне қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты жолдайды.

30. Мәні бойынша барынша пысықтауды талап ететін күрделі мәселе болған жағдайда, арыз иесіне жолданымды қарау мерзімін жолданым тіркелген кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзарту туралы хат жіберіледі.

31. Уәкілетті қызметкерлерінің лауазымды адамдар мен олардың орынбасарларының қабылдауды ұйымдастыруы үшін қажетті материалдарды ұсыну, қабылдауды өткізу практикасын талдау және жинақтап қорыту туралы талаптары аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері үшін орындауға міндетті болып табылады.

32. Қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей арыз иесіне тыңдау рәсімін жүргізу үшін бас тарту туралы алдын ала шешім жобасы жіберіледі.

Қабылдаудан бас тартылған жағдайда тыңдау рәсімі Кодекстің73-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін.

33. Тыңдау рәсімін ұйымдастыру және өткізу тәртібі Кодекстің 66, 73 және 74-баптарының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру

34. Қабылдау қорытындысы бойынша дайындалған хаттамалық тапсырмаларды бақылауды жолданымдардың орындалуына бақылауды әкім аппаратының жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.

35. Арыз иесіне түпкілікті уәжді жауап қабылдаудан келіп түскен жолданымды бақылаудан алу үшін негіз болып табылады.

36. Қабылдау барысында арыз иесі берген жолданымдар «жеке қабылдаудан» деген белгі қойылып, электрондық құжат айналымы жүйесінде немесе «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесiнде тіркеледі.

37. Қабылдаудан түскен жолданымды бұған дейін қараған қызметкерге тапсыруға жол берілмейді.

38. Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің қызметкерлері тұрақты негізде арыз иелерінің қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізіп, консультация алған және жеке қабылдауға жазылудан бас тартқан арыз иелеріне телефон байланысы арқылы іріктеп сауалнама жүргізуі тиіс.

39. Жолданымдардың орындалуына бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, мыналарды:

1) өткізілетін қабылдаулар шеңберінде аудан әкімінің және оның орынбасарларының жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді;

2) қабылдауға тартылған жауапты лауазымды адамдардың, оның ішінде басқа да мүдделі органдардың жауапты лауазымды адамдарының қатысуын;

3) арыз иесімен кері байланысты (қажеттілікке қарай);

4) аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі шеңберінде жұмыс істейтін байланыс нөмірлерінің үздіксіз жұмыс істеуі, оның ішінде төтенше жағдай, төтенше ахуал режимдерін, эпидемиологиялық сипаттағы карантиндік шараларды енгізумен, техногендік авариялармен және халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де апаттармен байланысты шектеу шаралары қабылданған жағдайда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

40. Азаматтарды қабылдау жөніндегі жұмысының нәтижелері туралы тұрақты негізде (тоқсанына бір реттен сиретпей) аудан әкіміне, облыс аппаратының өтініштерін қарауды бақылау жөніндегі бөлімге хабарлау қажет.

Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентіне қосымша
Бекітемін

____________________

Кербұлақ ауданының әкімі

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімдігі басшылығының

азаматтарды қабылдау кестесі

Мемлекеттікорганның

атауы

Азаматтарды

Қабылдауды

Жүргізетін

тұлғаның Т.А.Ә.

Азаматтарды

Қабылдауды

Жүргізетін

Тұлғаның

лауазымы

Азаматтарды

Қабылдау

күні мен

уақыты

Мемлекеттік органның, ұйымның орналасқан жері

Байланыс телефоны, электрондық мекен-жайы

           
           
           
     

 

 
Жарияланған күні

18 сәуір 2024 15:26

Жаңарту күні

18 сәуір 2024