Құрметті ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер!

Құрметті ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер!

📢 Құрметті ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер!

Ауылдық округі әкімі аппараты арқылы жер қатынастарына байланысты келесі мемлекеттік қызметтерді электронды түрде және кеңсе арқылы алуға болатынын хабарлаймыз.

Төменде көрсетілген қызметтер тізімі мен оларды алу тәсілдерімен таныс болыңыздар:

🔹 Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері:

1️⃣ Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту

  • Алу тәсілдері: Қызметті берушінің кеңсесі немесе «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры» ақпараттық жүйесі арқылы.

2️⃣ Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру

  • Алу тәсілі: «Бірыңғай... кадастры» ақпараттық жүйесі арқылы.

3️⃣ Кент және ауылдық елді мекендер аумағынан жер учаскесін беру

  • Алу тәсілі: «Электрондық үкімет» (egov.kz) веб-порталы арқылы.

4️⃣ Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату

  • Алу тәсілі: «Бірыңғай... кадастры» ақпараттық жүйесі арқылы.

5️⃣ Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

  • Алу тәсілі: «Электрондық үкімет» (egov.kz) веб-порталы арқылы.

6️⃣ Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық беру

  • Алу тәсілі: «Е-лицензиялау» МДҚ ақпараттық жүйесі арқылы.

⚠️ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ: Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сай қаралады.

Мемлекеттік қызметтерді уақытылы әрі заңды түрде алу үшін көрсетілген электронды порталдарды қолдануды ұсынамыз. Сұрақтарыңыз болса, әкімдік аппаратына хабарласуға болады.