Қаратал ауданы әкімі Ұ. Досымбековтің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингте сөйлеген сөзі

Қымбатты қауым! Ардақты ағайын!
Бүгін біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өткізіліп отырған шараға жиналып отырмыз. Халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» тақсыретті кезеңдердің де аз болмағаны ащы ақиқат. Өткен күнімізді сөз етер болсақ, кеңестік кезең тұсында Қазақстанда 11 мемлекеттік басқару лагері болған (олар: Алжир, Карлаг, Дальный, Степной, Песчаный, Қамыслаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл, Кеңгір және Өскемен лагерлері.) Еліміз бойынша 1930 жылдың аштығы мен 1937-38 жылдардағы репрессияның зардабын қоса есептегенде 5 миллионнан астам халық қырылды. 4 мыңнан астам жазасыз құғын-сүргін ұшырады. Алаш зиялылары ел болашағы жолында құғын-сүргін құрбандары болды. Қанды қасап кезеңде қазақ жеріне тұтас халықтар жер аударылды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанға миллиондаған адам күшпен көшіріліп әкелінді. Олардың қатарында кәрістер, немістер, поляктар, күрдтер мен қарашайлар, түріктер, кавказдықтар және басқа да көптеген ұлыстар бар. Үздіксіз жалғасқан саяси науқандар мен қуғын-сүргіннен есін жия алмай жатқанына қарамастан, қазақ халқы, тағдырдың тәлкегіне түскен барша ұлыстарды бауырына басты. Кеңестік биліктің пәрменімен қазақ жеріне қоныс аударған сол этнос өкілдерінің барлығы бүгінде біздің бауырларымызға, отандастарымызға айналды.Тар жерде табысқандардың ұрпағы – кең жерде келісіп, бүгін тағдыры бір Қазақстан халқы деген ұлы елге айналды. Бейбітшіліктің бесігі атанып, бүкіл әлемге танылды.Төрт тарапты түгел мойындатып, өсіп-өркендеу жолына түсті.
Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес. Бұл - тарихтан тағылым алып, биік мақсат – болашаққа бет алған ұлы халықтың ұлағатты ісі.
Уважаемые участники митинга!
В ХХ веке на территории Казахстана находились лагеря, такие как ГУЛАГ, Алжир, Степной и многие другие. Страна практически превратилась в одну большую тюрьму. За годы репрессий в лагеря Казахстана было сослано более 5 миллионов человек. По некоторым данным, общее число заключенных значительно превышает эту цифру. Позднее стали выявляться места массовых захоронений расстрелянных людей. Одно из которых было обнаружено под Алматы. Точнее, в местности Жаналык, где в 1937-1938 годах было тайно захоронены тела тысячи невинных жертв тоталитаризма.
Қадірлі қауым! Қадамын анық басып, «Жаңа Қазақстанның» іргесін қалаған халқымыздың болашағы баянды болатыны сөзсіз. Еліміз биікке бет түзеген сайын өткеннен сабақ алып, тарих беттерін ешқашан ұмытпаумыз керек.
Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің табы біздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, халықтың жадында мәңгілікке сақталатын болады!