Аудан әкімі Ұ. Досымбековтің Жеңіс күнімен құттықтауы!

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Қадірлі Тыл ардагерлері!
Сіздерді 9 мамыр Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке соңғы демі қалғанша күрескен жанқиярлық пен ерліктің нәтижесі, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де Ұлы жеңістің жемісі.
Өздеріңізге мәлім, сұрапыл соғысқа 1,5 миллионнан астам қазақстандық аттанып, соның тең жартысы қан майданан қайтпады. Миллиондаған адам «бәрі де жеңіс үшін» деп, бел шешпей еңбек етті. Қасіреті мол соғыс оты әрбір шаңыраққа тиіп, өшпес дақ қалдырды.
Қаратал ауданынан Ұлы Отан соғысына 16800 ден астам адам аттанып, оның 6 мыңы ғана туған өлкеге оралды. Майдан даласында ерліктің нағыз үлгісін көрсеткен Қараталдық жауынгерлер – Иван Косенков, Сейдахмет Қосжанов, Никита Митчинко, Николай Шевелев, Сергей Морозов, Иван Кузнецов кеңес одағының батырлары атанды.
Бүгінде аудан орталығындағы саябақта 1985 жылы майдангерлердің құрметіне арналып, бой көтерген «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған» ескерткішіне Ұлы Отан соғысының 327 боздағының соғыстан аман-есен келіп, бейбіт өмірде ауданымыздың дамуына үлестерін қосқан 678 адамның есімдері жазылып, ұрпақ жадында жаңғырып тұр.
Сол сұрапыл соғыс жылдарында тылда еңбек етіп, жеңіске деген өлшеусіз еңбектерімен өз үлестерін қосқан 98 тыл ардагерлері бүгінгі күні ортамызда.
Ұлы жеңістің 79 жылдығы аясында ауданымыздан шыққан батырларымыз бен тыл еңбеккерлерінің ерлігі өскелең ұрпаққа кең көлемде насихатталуда. Бұл күні-қайсар мінезді ата –бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күн. Ендеше атаулы мерекеде барлық бастамалар оң жемісін беріп, еліміздің көркеюіне аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарымыздың еңселері биік, мерейлері үстем болсын.
Уважаемые жители и гости района! Дорогие наши тыловики!
Поздравляю Вас с днем Победы! Это праздник, который никто и никогда не забудет. Великий день Победы оставил отпечаток на века. Тех, кто воевал, искренне благодарим, гордимся ими и храним вечную память. Благодаря нашим предкам, сегодня наши дети и внуки трудятся и приумножают ваши достижения. От всей души поздравляю Вас с праздником Великой Победы, желаю счастья и здоровья!
Ардақты ағайын!
Біз әрқашан Жеңіс мерекесін аға буынның Отанға, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз. Ерліктері еліміздің тарихи шежіресінде мәңгі орын алған, елге мұра, ұрпаққа ұран болған батыр бабалар аманатына адал болайық.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін.
Мәңгілік Еліміздің болашағы жарқын, Ұлы Дала ұрпақтары намысты болсын!
Жеңістің туы желбіреп, елеміздің абыройы арта берсін!