Аудан әкімі Ұ. Досымбековтің брифингтегі сөйлеген сөзі

Қаратал ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуының негізгі көрсеткіштерінің 2023 жылғы
қорытындысы, 2024 жылға жоспары
Құрметті жиынға қатысушылар!
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданымыз әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерді толық орындап шықты. Аудан бюджетінің кіріс бөлігі немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау 3 млрд. 11 млн. теңгені құрап, 133,8%-ға орындалды. Ал шығыс бөлігі 10 млрд. 708 млн. тенге, орындалуы 98,3 пайыз. 2024 жылы 7 млрд. 223 млн. теңге. (ауданның облыстағы үлесі – 2,3%, Жетісу облысы бюджеті 472 млрд 099 млн теңге).
Ауылшаруашылық саласында өндірілген өнімнің көлемі (2022 ж. 48926.0 м.т. НИК 102,4%) 42 млрд. 383 млн. теңге (ауданның облыстағы үлесі - 8,3%), 2024 жылға жоспар 48,7 млрд. теңге өнім өндіруді жоспарлап отырмыз. Ауданымызда ауыл шаруашылығы дақылдарының суармалы егіс көлемі 22 мың гектардан асады немесе облыстағы үлесі 6,5%, (Жетісу облысында суармалы жер 340га) Аудан бойынша 396,6 млн теңгеге 34 жаңа ауыл шаруашылық техникалар сатып алынды, жалпы ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы 100% құрап отыр. Ауданда 6 сервистік-дайындау орталығы жұмыс істейді. 112 техника бірлігі бар, күріш (2) және қызылша (4) бағытындағы. Қаратал және Быжы өзендері, 5 магистральдық каналдары бар, одан бөлек суғару жүйесіндегі каналдардың көлемі: 1770,046 шақырым, оның ішінде: аудан меншігінде – 1541,046 шақырым, республика меншігінде – 229 шақырым. Облыс басшылығының қолдауымен осы каналдардың ішінде 484,7 шақырым каналдарды қайта қалпына келтіру, реконструкциялау, тазалау жұмыстары 1 және 2 кезеңмен жүргізілуде, жоба құны 13,6 млрд теңге. Мердігер «Риголит» ЖШС-мен келісім-шарт 2022 жылдың 18 шілдесінде жасалған. Бүгінгі күнге 45 адам мен 11 арнайы техника жұмыс істеуде. Каналдарды механикалық тазалау жұмыстары – 100% аяқталды. (112 км), Демонтаж-монтаж латков 22%, сооруженияларды қою 40%, жұмыстардың орындалуы 33%. Каналдарды жөндеу жұмыстары аяқталса қосымша 2 мың 150 гектар суармалы егістік алқап жер қосылады. (2150 га – Тастөбе-200га, Елтай-200га, Жолбарыс батыр-1120га, Айтуби-200га, Балпық-430га ауылдық округтерде).
2023 жылы жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын Аққайыр каналының 10,5 шақырымын механикаландырылған тазалау, кеңейту және тереңдету жұмыстарына облыстық бюджеттен 156,4 млн.теңге қаражат бөлініп, жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы 21,5 шақырымына механикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ-сы қорытындысы сараптамадан ағымдағы жылдың 19 мамыр айында шығады, жобаға қаржы бөлінгеннен кейін, жұмыстар жүргізілетін болады.
Қаратал өзенінің жағалауын бекіту үшін 2023 жылы Тастөбе (тұрғындар саны – 829), Қаражиде (тұрғындар саны – 1016) ауылдары маңындағы жағалауды бекіту жұмыстарына 16,6 млн. теңге облыстық резервтен қарастырылып, (мердігерлер: ЖК «Меруерт» – 2,34 млн. тг., «Нұр-Азия» ЖШС – 14,3 млн. тг.). жұмыстар аяқталды, үш жерден бөгет салынып, өзен арнасы тазаланды (Тастөбе ауылында ұзындығы – 145 м, биіктігі – 3 м, ені - 6 м, Қаражиде ауылында ұзындығы – 200 м, биіктігі – 3 м, ені - 10 м бөгет салынып, нығайту мақсатында жағалау таспен қаланды).
Жүсіп Жәнекенов атындағы жобалау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жағалауды нығайту бойынша жоба жасалынып жатыр. Жобаның құны 23 млн. теңге.
Сонымен қатар, а.ж. 8-9 ақпан аралығында Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша Қаратал ауданының аумағында "Көктем-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығу барысында Қаратал ауданының азаматтық қорғау қызметтерінің 12 құрылымы, сондай-ақ жеке құрамы 114 адам және 54 бірлік техника қатысып, Қаратал өзенінің жағалауын нығайту (топырақпен толтыру, бөгет салу, арнаны тереңдету, шпор орнату.) жұмыстары жүргізілді. Оқу жаттығу кезінде мемлекеттік құрлымдардан бөлек жеке кәсіпкерлер тарапынан (демеушілер) 50 жүк көлігі жұмылдырылды, 1250 тоннадан аса қиыршық тас төгілді.
Аудан бойынша қант қызылшасы 1 мың 106 га жерге егіліп толығымен жиналып, 37,6 мың тонна өнім қант өңдеу зауытына өткізілді (Өнімділігі 1 га-34 тонна). Осы көрсеткіш 2022 жылы 456 гектар жерге егілген, 2023 жылмен салыстырғанды 2,4 есеге артып отыр. Ағымдағы жылы 1500 гектарға егуді жоспарлап отырмыз. 2023 жылмен салыстырғанда 1,4 %-ға артып отыр.
Бүгінгі күні қант қызылшасының тұқымын 72 шаруа қожалықтары 1106 гектарға 1536 себу бірлігіне келісім-шарттарға отырды.
Аудан бойынша 829 тонна (2060га) тыңайтқыштар алынған. Бұдан бөлек қосымша 59 шаруа қожалығы 351 тонна (1500га) тыңайтқыштарға сұраныс беріп отыр. Жалпы аудан бойынша 2 мың 355 тонна тыңайтқыш алу жоспарланып отыр. (Сульфат аммоний бойынша ауданда 609 тонна қолдану жоспарлануда. Оның ішінде «Шығыс Қаратал» ЖШС 200 тонна сатып алды, қосымша 100 тоннаға келісім-шартқа отырған, «Уштобинский» ЖШС «Kaz Chemical» фирмасымен 69 тоннаға келісім-шартқа отырды, «Опытное» ЖШС 2 вагон «Арселор Метал» ЖШС мен 2 вагон Ресейден жеткізу барысында.)
Көктемгі дала жұмыстары үшін 381 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. (наурыз - 90 тн, сәуір - 150 тн, мамыр - 141 тн). Оператор «GAZOil» ЖШС, бағасы 250 теңге.
Былтыр 1,3 млрд. теңгеге 316 ауыл шаруашылығы субъектісі субсидияланды, 132 млн. теңгеге 28 шағын кредит берілді. Оның ішінде 69 шаруа қожалығы 888 млн.теңге қант қызылшасы бойынша субсидияланды.
2023 жылы 1103 га жерге су үнемдеу технологиясы қолданды, оның ішінде 230 га тамшылатып суару, 873 га жанбырлатып суару.
2024 жылы тамшылатып суғару бойынша 380 га 3 шаруа қожалықтарында жоспарлануда, (Аққар ЖШС 150 га, Бақбол ШҚ 150 га, Ким ШҚ 80 га.)
Жер мәселесіне келетін болсақ, 2022 жылы 74 мың 800 га пайдаланбай жатқан жер анықталып, оның 20 мың 200 гектары мемлекет меншігіне өтті, 1 мың 900 гектар жер қайта айналымға енгізілді, 6 шаруашылықта мал бастары бірдейлендіру жүйесіне (ИСЖ) тіркелгендігі анықталған. 2023 жылы мемлекет меншігіне 31 мың 185 гектар (оның ішінде – 346,6 га суармалы егістік, 26 га шабындық, 30 812,4 га жайылымдық алқап) жер қайтарылып, 111 %-ға орындалды. жоспар – 28 мың га болған. Оның ішінде 23,5 мың га жер 6 ірі шаруа қожалықтарынан (ірі шаруашылықтардан «Шығыс Қаратал» ЖШС –15 мың га., «Бақыт - Қаратал» ЖШС – 1,2 мың га., «Тамас» ЖШС - 10 мың га., «Текелі Agro Sеrvis» ЖШС - 5 мың га., «Темірқазық С.Қ.» ЖШС - 5 мың га, «Г. Житкеев» ШҚ – 3,5 мың га).
2023 жылы 52 мың 700 га жер иелеріне (106 тұлға) нұсқама берілді, тексеру жұмыстары қараша айынан басталған. 2024 жылдың басынан 18 мың 551 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде:“Батыр” ЖК-інен сот шешімі (06.02.24) негізінде 15,0 мың га жер қайтарылды. Қалған жерлерге мал бастары тіркеліп айналымға енгізілді. оның ішінде 32 га суармалы егістік, 18 мың 519 жайылымдық алқап. Қәзіргі уақытта аталған жер учаскелері өңіраралық геоақпараттық жүйеге толықтай енгізілді.
2023 жылы 2 конкурс ұйымдастырылып, 41 мың 700 гектар жер берілді. Оның ішінде 41 мың 400 га жайылымдық алқап, 300 га суармалы егістік ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне табысталды.
2024 жылдың 29 наурызында 35 лотты құрайтын 16 мың 870 га жер учаскесі конкурсқа шығарылған. Оның ішінде Бәйшегір ауылдық округіне қарасты 1 мың 500 га жайылымдық алқап, жер учаскесіне қатысқан азаматтардың құжаттары (Жер Кодексінің 43-1 бабы, 9-тармағына) толық болмауына байланысты конкурс өтпеді. Қалған 34 лотты құрайтын 15 мың 370 га жерге конкурс өткізілді, оның 15 204 га жайылым, 166 га суармалы егістік жер учаскелері жеңімпаздарға ұсынылды.
(2024 жылдың 01 қаңтарына мал басы: Ірі қара малдың саны – 44 мың 577 басқа жетті, 100,1%. Қой мен ешкі –108 мың 961 бас, 100,8%. Жылқы –10 мың 811 бас, 113,2 %. Түйе - 166 бас, 121,2 %. Құс – 92 мың 592 бас, 91,0 %)
2024 жылы сырғаланған төл саны МІҚ-4910 бас, МҰМ-12100 бас, Жылқы-65 бас, шошқа-4043 бас АШЖБ ақпараттық жүйесіне есепке қойылған. Өзге аймақтардан жеткізілетін және сатылатын жануарлардың қозғалысы ветеринариялық станция қызметкерлердің бақылауында.
Қаратал ауданы бойынша ағымдағы жылы жайлауға және елді мекендерден малбасын сыртқа шығатын шаруашылықтар саны 54, оның ішінде - 49 шаруашылық, 5 жекеше мал бақташылары шығарып жүрген мал бастары Мүйізді ірі қара – 9460 бас, Жылқы- 3395 бас, Мүйізді ұсақ мал – 35180 бас, Түйе-62 бас жайлауға Текелі, Рудник Көксу, Ойсаз,Тентек, Шымбұлақ, Кебеже, Жынды бастаумен Омар бағытарына шығатын болады.
2023 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 76 адамның құжаттары қабылданған, жалпы сомасы 413 млн. 800 теңге. оның ішінде: ауылшаруашылығы бағытында 72 адам 386,1 млн теңге және 4 адам басқа бағыттарда 27,7 млн теңгеге несие алды.
Биылғы жылы 89 адам жалпы сомасы 655 млн. теңгеге «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында әр-түрлі бағатта несие алады деп жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобаларды айта кетер болсақ «USTOBE – Ет» ЖШС-гі Петропавл қаласынан 500 бас қызыл қасқа (қазақтың ақ басы) асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал басын «Ала – Бота» асылданған мал зауытынан 320 бас ұрғашы тана, 166 еркек тана, 14 бас бұқа әкеліп, бүгінгі күні карантинде тұр, сонымен бірге құжаттары осы айдың аяғына дейін заңдастыру жұмыстары аяқталады.
«Сейдахмет» ШҚ мақсаты - балық өңдеу және балық ұнын өндіру цехын іске асыру, жоба құны 362,2 млн. теңге. 30 жұмыс орыны ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңда жер телімдерін заңдастыру жұмыстары жүргізілуде. (жағалау сызығының ұзындығы - 31 км; орташа және максималды тереңдігі – 3,4 м.; жер учаскесінің алаңы – 101 гектар)
Аудандық ветстанцияда 5 және ауылдық округтерде 61. Барлығы 62 ветеринария мамандары жұмыс атқарады. 11 Нива автокөлігі және дезинфекция қондырғысымен жабдықталған УАЗ автокөлігі, SsangYong пикап автокөлігі және 1 малды санитарлық союға тасымалдауға арналған жүк автокөлігі бар.
Өткен жылы Елтай және Тастөбе ауылдық округтерінде 2 модульдік ветеринариялық пункт құрылғысы орнатылып, 2 автокөлік сатып алынады, (барлығы 48 млн. теңге қарастырылған).
Өткен жылы ауданда ветеринариялық аса қауіпті ауруларға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін 181,5 млн. теңге қаражат бөлінді. Биыл ветеринариялық шараларға 227,9 млн. теңге бөлінді.
Аудан экономикасына 2023 жылы тартылған инвестиция көлемі 20 млрд. 527 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 159 пайызға артты (бюджеттен тыс инвестиция көлемі 8 млрд 172,2 млн.тенге 187,6 пайыз). 2024 жылға 22 млрд 500 млн. теңге, (оның ішінде 14 млрд.тенге бюджеттік, бюджеттен тыс 8,5 млрд. тенге).
- 2023 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесінде қолдау алған үш жоба, олар: «Қаратал қожалығы» ЖШС-гі, ЖК "Бекназар" және «GASSOIL MA» ЖШС жанар – жағар май бекеті.
- «Қаратал қожалығы» ЖШС-гі 150 млн.тенгеге мал бордақылау алаңын ашты, (8 жұмыс орынға),
- ЖК "Бекназар" 32,2 млн.тенгеге спорт кешенін салынды, 5 жұмыс орынға.
- «GASSOIL MA» ЖШС жанар – жағар май бекеті іске қосылып 305 млн. теңге инвестиция тартылды, (15 жұмыс орыны ашылды.
2024 жылға инвестициялық картаға 3 жоба енгізілуге облыстық басқармаға жолданған олар:
- «Гелиос» ЖШС-гі заманға сай форматта автожанармай құю станциясының құрылысын салуды жоспарлап отыр, жобаның құны 320 млн. теңге. Жаңадан 10 жана жұмыс орыны ашылады, іске асыру мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айында (Сәуір айында құрылыс жұмыстарын бастайды),
- "Құдайберген" ШҚ ІҚМ өсіру және мал бордақылау алаңы, жобаның құны 130,0 млн. теңге. Бүгінгі күні 157 бас ірі қара мал, 7 бас жылқы ауданға тіркеліп, ауылшаруашылық техникаларын сатып алды. Бөлінген 1000 га жайылым жер игерілуде,
- «Сейдахмет» ШҚ балық өсіру және өндеу цехы 400 млн.тенге, 30 жұмыс орынға, каналдар сенімгелік басқаруға берілді.
Ауданда салынып жатқан коммерциялық нысандарға мониториг жүргізіліп, 2024 жылдың аяғына дейін нысан 1,5 млрд.теңгені құрайтын 15 нысанның іске қосу жоспарлануда, Тастөбе Агрофут ЖШС қосымша ІҚМ, техника сатып алуға, 800 млн. тенгеге ауылшаруашылық техника сатып алуға, 2 млрд. тенге ИЖС, ауылшаруашылық техника 300 млн. тенгеге, қосымша 2024-2025 жылдарға жобалар қарастырылуда «Отау Үштөбе» ЖШС жүнді жууға және иірілген жіп өндіруге 1 млрд. тенге (Аталған жобаны іске асыру бойынша қазақсттандық италиялық компания «КАЗФЛЕКТЭКС»), «GASSOIL MA» ЖШС автомайларды және битум өндіру цехы, жоба құны 3,5 млрд. теңге.
Өнеркәсіп саласында 2023 жылдың қортындысы бойынша 5 млрд. 357 млн. теңгеге өнім өндірілді немесе 2022 жылмен салыстырғанда 140,7 пайызға артты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі облыстағы үлесі 1,7% құрайды. 2024 жылға жоспар 3 млрд 934,9 млн теңге.
Өнеркәсіп саласында 23 кәсіпорын тіркелген, оның 14 кәсіпорын жұмыс жасауда, атап айтсақ: Сүт өнімдерін шығаратын «Үштөбе Айдын» ЖШС, «Үштөбе сүт өнімдері» ЖШС, балық өңдейтін «Қаратал Балық» ЖШС, профильдік бұйымдар шығаратын «Прогресс СМ» ЖШС, сыртқы киімдер тігетін «Қамқор» ЖШС, күріш өңдейтін «Уштобинский» ЖШС, жылу энергиясын өндіретін «Жылту орталығы» ЖШС, сумен жабдықтау «Қаратал су» ЖШС, кремний өндіретін «Казсиликон» ЖШС, «Бақыт и К» тұз өндіру, «Отау Үштөбе» жүнді өндеу, «Адина соль» ЖШС-гі полиграфиялық қызмет, «Уштобинский РЭС» электр энергиясын тарату, «Тамас» ЖШС пелет өндірісі және т.б кәсіпорындар жұмыс жасауда. 2023 жылы өнеркәсіп саласында 2 нысан іске қосылды: "Айсұлу" ЖШС киім тігу, 15 жұмыс орнына және "Даниил" ЖК құм блоктарын өндіру цехы, 3 жұмыс орнына.
Шағын және орта бизнес саласында 2 мың 954 бизнес субъектілері жұмыс істейді (облыстағы үлесі – 5,1%), оның ішінде: заңды тұлға – 148, жеке тұлғалар –1 мың 412, шаруа қожалықтары – 1 мың 394. Өткен жылмен салыстырғанда 228 – субъектіге артты, немесе 8,4 пайызға өсті, нәтижесінде 5 мың 212 адам (орташа жалақы-283 777 теңге) жұмыспен қамтылды, Бюджетке түсетін түсімдер көлемі 918,8 млн. теңгені құрады, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 298,9 млн. теңгеге 14 жоба қаржыландырылды (10 жоба пайздық ставка субсидиялау, -3 жоба кепілдік, -1 грант).
Бөлшек тауарайналымының көлемі 2023 жылдың қортындысы бойынша 13,4 млрд. теңгені құрады немесе нақты индекс көлемі 100,6 пайыз. 2024 жылға жоспар 14,7 млрд. теңге.
Ауданда бөлшек тауарайналымы бойынша есеп беретін мекемелер: Гулсер компьютерс, АК Nitn group (Еврофарма), Гелиос, Корпорация Жетысу газ, Жаркент газ сервич, Technodom operator, ЖШС ФИЛИАЛ Petroretail.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және талдау мақсатында, күнделікті 19 атаулы әлеуметтік маңызы бар тауарларға мониторинг жүргізіледі. Мониторинг кезінде дүкен иелеріне тауарларға үстеме баға сатып алу бағасының 10-15% аспау керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хабарламалар берілді және тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілуде, 2023 жылы 16 жәрменке өткізілді, 2024 жылы 3 жәрменке, одан бөлек апта сайын көтерме бағамен демалыс күндері жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.
Бүгінде аудан бойынша жергілікті қамтамасыз етілмеген тұрғындарға минималды сауда үстемемен әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз ететін 6 әлеуметтік бұрыштар қызмет етуде Үштөбе қала бойынша ЛАД-1,3 дүкендері, Елтай ауылдық округінде «Береке», Балпық ауылдық округінде «Мухтар», Жолбарыс батыр ауылдық округі «Жансая» дүкендерінде. Сонымен қатар, ЖК «Көшкімбаева» «Жетісу» ӘКК ӨДИ» АҚ – айналым схемасы арқылы келісім шарт жасап 0,01 пайыға несие алды. Тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын «Дәубай» дүкенінде белгіленген бағамен сатуда. Қосымша әлеуметтік дүкен ашуға жоспарлап отырмыз.
Аудан бойынша 272 сауда нүктелер жұмыс жасауда, оның ішінде 7 сауда үй, 2 базар оның ішінде: Бастөбе ауылдық округінде 15 дүкен, Ескелді ауылдық округінде 6 дүкен, Жолбарыс батыр ауылдық округінде 11 дүкен, Қызылбалық ауылдық округінде 4 дүкен Тастөбе ауылдық округінде 2, Елтай ауылдық округінде 1, Байшегір ауылдық округінде 2 дүкен, Айту би ауылдық округінде 1 дүкен. Үштөбе қалалық округінде 230 дүкен.
Қаратал ауданы аумағында жер қойнауын игеру мен өндіруге 6 кәсіпорын келісім-шартпен, 3 кәсіпорын лицензиямен қызметін іске асырады.
- Құм қиыршықтас қоспасын өндірумен «Фирма Әдемі» ЖШС (уақытша жұмыс істемейді), карьердің орналасқан жері: Абаевское, Талдықорған қаласынан батысқа қарай 30 км, Қаратал өзенінің оң жағалауында;
- Құм өндірумен барлау «Шымыр-Кайра» ЖШС, карьердің орналасқан жері: Кіші Төбе ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км;
- Құм өндірумен барлау бойынша «Тамас» ЖШС, карьердің орналасқан жері: Үштөбе қаласынан солтүстік-батысқа қарай 22 км жерде, Түгелбай өзенінің аңғарында, Үшқара тауының оңтүстік-батыс беткейінде;
- Құм өндірумен «ТКНМ» ЖШС , карьердің орналасқан жері: Кіші-Төбе-1, Үштөбе қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км, Талдықорған қаласының солтүстік-батысына қарай 60 км жерде;
- Құм өндірумен ПК «Амал» каръердің орналасқан жері: Колпактасское, Талдықорған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10-12 км жерде Қаратал өзеннің оң жағалауында
- Тұз өндіру «Бақыт и К» ЖШС каръердің орналасқан жері: Малый Уялыколь, Қаратал өзеннен батысқа қарай 5 км,
- Б.Ұялыкөл және Қанғанкөл көлдері аралығы Лицензиямен Құрылыс тасы "New live group" ЖШС каръердің орналасқан жері: Үштөбе қаласынан солтүстік-батысқа қарай 22 км жерде орналасқан
- Құм өндірумен «Жетісу Мұнай» ЖШС каръердің орналасқан жері: Үштөбе.
- Тұз өндіру "RISH22" ЖШС, Малый Уялыколь, Қаратал өзеннен батысқа қарай 5 км, Б.Ұялыкөл және Қанғанкөл көлдері аралығы.
Бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі – мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі, аудан бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны артып келеді, жалпы 2024 жылы кезекте - 1383 (2023 ж. – 1354) адам тіркелген.(Оның ішінде: әлеуметтік жағынан осал топтарға жататындар - 516, жетім балалар - 342, мемлекеттiк қызметшiлер және бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi - 295, көп балалы отбасылар - 224, жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар - 6 адам.)
Құрылыс жұмыстарының көлемі 9 млрд 685 млн. теңгені құрап, 117,8 пайызға орындалды (2022 – 9882,9 млн.тенге) 12,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. 2024 жылға құрылыс жұмыстарының жоспары 10 млрд 928,4 млн. теңге, ал тұрғын үй құрылысы көлемінің жоспары 12,6 мың шаршы метрді іске қосу жоспарлануда.
Бюджет қаражаты есебінен Үштөбе қаласында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы салынуда, мемлекеттік қорытындысы бойынша нысан былтырғы жылдан өтпелі (2,4 мың шаршы метр). Мердігер құрылыс жұмыстарын уақыттында аяқтамаған үшін сотқа талап арыз беріліп, сот процестері жүргізілуде.
Сонымен қатар, 60 пәтерлі 2 үйдің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп бюджеттік өтінім берілді. Қаражат берілген жағдайда қосымша 7,6 мың ш.м. құрылысы іске қосылатын болады.
Биылғы жылға, кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарды қамтамасыз ету мақсатында Республикалық бюджеттен 50 жеке тұрғын үй сатып алу үшін 882,5 млн. теңге бөлінді.
2023 жылы Үштөбе қаласы бойынша көп қабатты тұрғын үйлерден 12 пәтер және 10 жаңа жеке тұрғын үйлер сатып алынды, сонымен қатар, ауданымызда еңбек етіп, кәсібі өрге домалаған демеушілер есебінен 3 тұрғын үйлер және Көкдала ықшам ауданында «Алия Сервис» ЖШС-гі 15 жаңа жеке тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп (1,3 мың шаршы метр), мұқтаж жандарға таратты.
Ауыз сумен жабдықтау, аудан бойынша 35 елді мекенінің 33 - ы (94,3%) орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған, 2-і (5,7%) орталықтандырылмаған сумен (Ұмтыл а., 47 разъезі – халық саны 29 адам, болашағы жоқ ауылға жатады). Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 306,1 км (оның ішінде қала 107,9 км) құрайды.
Сарыбұлақ ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жобасы бойынша медігер "Көлсай Строй" (ҚМЖ құны - 244 млн.тг., 2023 жылы 162,1 млн. теңге бөлінді, орындалған жұмыс-80% . Қалдық сомма 69 млн. теңге) жұмыстарды уақытында атқармаған үшін сотқа беріліп, нәтижесінде соттың қаулысымен жұмыстарды аяқтау міндетеліп, биылғы жылдың маусым айына жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр. (Сарыбұлақ ауылы ауылы – 307 адам)
Өткен жылы Тастөбе, Бесағаш, Бірлік ауылдарында 518,4 млн. теңгеге («Life Stroy Invest» ЖШС) сумен жабдықтау жүйелерін салу жобасы іске асырылды. Ауызсу желісінің ұзындығы 11,7 шақырым. Нәтижесінде 1065 тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Ұмтыл ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу жөніндегі жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды (04.09.2023 ж. №ОЭ-0037/23). Құрылыс жұмыстарына қаражат бөлу үшін 2024 жылға Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілді (жобаның құны 308,6 млн. теңге).
(Балпық ауылдық округі бойынша халық саны 2 мың 044 адам: Ұмтыл ауылында 3 көше, 34 аула саны - 183 адам тұрады)
Газдандыру жұмыстары бойынша ауданымыздың 35 елді мекеннің 19-ы газдандыруға жатады. Жоспарланған 19 елді мекенді газдандыру нәтижесінде 2025 жылы ауданның 39 мың тұрғыны немесе 96,8 пайызы табиғи газға қол жеткізе алады, бүгінгі таңда орындалған жұмыс көлемі 58 пайыз. (барлығы 40,3 мың адам). Оның ішінде Үштөбе қаласы бойынша 19,5 мың тұрғын, пайызға шаққанда жүргізілген жұмыс көлемі 90 пайыз.( Кәлпе , Оян, Үштөбе қаласының батыс жағына газ беріліп, жалпы 34 үйге газ қосылып, 56 техникалық шарт алынды.)
Бүгінгі күні ауданымыздың 11 ауылын жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгеге газдандыруды кезең-кезеңімен аяқтау жоспарланған.
(Жаңаталап, Оян, Ескелді би, Қызылжар, Көкдала, Достық, Кальпе, Қанабек - жұмыстар 2021 жылы басталды, Тастөбе, Ортатөбе, Бастөбе – жұмыстар 2022 жылы басталды).
Сарыбұлақ ауылын газдандырудың құрылыс-монтаж жұмыстарына келісім-шарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталды («Алматы Production Construction&Invest» ЖШС, «ST-LTD» ЖШС). ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталуы жоспарланған.
5 елді мекенді газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өтуде, қорытындысын алғаннан кейін энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім жолданады (Жылыбұлақ, Жасталап, Қаражиде, Кішітөбе және Үшкөмей).
Газдандыру бойынша Үштөбе қаласында 17 көп пәтерлі тұрғын үйлерді, мемлекеттік және заңды тұлғаларды газбен жылыту үшін 4 блокты-модульді қазандық орнату жоспарланған. Бүгінгі күні бір қазандық орнатылды, қалған үш қазандықтың орнатылуы биылғы жылдың аяғына дейін жоспарланған.
Газға қосылу бағасы 169 мың теңгеден аспайтын болады, орташа бағасы 135-140 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, қазандықтың құнын қайтарымсыз, 10 айға бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Сонымен қатар, былтырғы жылы 478 млн. теңгеге 4 пештен тұратын 140 мың ш.м. жылытуға арналған блокты-модульды қазандық іске қосылды. (253 абонент, барлық жылу қуаты 3,5 МВт * 4 = 14 МВт немесе 12 Гкал/сағ.)
Жарықтандыру бойынша 2023 жылы 293 млн теңгеге, 47 шақырым 39 көшеге жарық шамдар орнатылды, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 219 млн теңгеге 27,6 шақырым, 21 көшеге жарық шамдары орнатылды, атап айтқанда: Үштөбе қаласында бес көше (111,4 м.т.), Қаражиде ауылында екі көше (9,3), Ескелді ауылында төрт көше (22,8), Оян ауылында бір көше (17,5), Жанаталап ауылында екі көше (13,1 м.т.), Кәлпе ауылында бір көше (35,2), Бастөбе ауылында бір көше (5,5 м.т.) Жасталап ауылында бір көшеге (2,4м.т.), жарық шамдарының құрылысы жүргізілді. Ал Ауыл ел бесігі бағдарламасы аясында Ескелді ауылдық округі Қызылжар ауылында үш көше (7,4 м.т.), Үштөбе қаласы Ойсаз (7,4 м.т.) және Достық ауылдарында 4 көше (14,8 м.т.), Елтай ауылдық округі Қаражиде ауылында төрт көшеге (8,4 м.т.), Балпық ауылдық округі Жанаталап ауылында үш көшеге (20,3 м.т.), Жолбарыс батыр ауылдық округі Қанабек ауылында төрт көшеге (15,8 м.т.), жалпы осы бағдарлама аясында 19 шақырым, 18 көшеге 74 млн теңгеге көше жарығы шамдары орнатылды. Ағымдағы жылы жарықтандыру бойынша бір жоба, Төле би көшесіне 1,9 км жарық шамдарын орнату жобасы, мемлекеттік парталында конкурстық рәсәмдері өткізілуде. Жоба құны 35,8 млн теңге,
Абаттандыру бойынша Үштөбе қаласындағы Абылай хан көшесінің көгалдандыру жұмыстары (92,5 млн теңге), Үштөбе стелласына (23,5), Үштөбе қаласына кіреберісіндегі айналма жолға (кольцо) ағымдағы жөндеу (5,0) жөндеу, Ақын сара (52,0) және Жәлменде би (27,4) көшелері бойында сквеерлер құрылысын салу, Бастөбе ауылы Корчягин көшесіндегі сквеерді көгалдандыру (25,9), Елтай ауылдық округіндегі ҚАРАТАЛ ауданы (2,7) және Елтай ауылы стеллаларына (1,6) жөндеу жұмыстары жүргізілді, Жолбарыс батыр ауылдық округі Кәлпе ауылында Сквеер (18,3), алеея (56,0), құрылыстары жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Кәлпе, Айдар, Қанабек, Қарашеңгел ауылдарында (35,5), Байшегір ауылдық округі Алмалы, Дөңши ауылдарында (21,3), және Жылыбұлақ ауылында балалар ойын алаңдарының (6,1) құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Үштөбе қ-сы (73,9), Оян (20,6), Кәлпе (44,8) ауылдарының негізгі көшелері бойындағы қирап тозығы жеткен қоршауларына жаңа қоршаулар салынды (евроштакетник), жалпы сомасы 139,3 млн теңге.
Сонымен қатар, аудандағы тоқтап және қирап бұзылған бұрынғы өндірістік аумақтарды мемлекеттің меншігіне қайтару үшін 3 нысан қарастырылған. Олардың иелері анықталды:
- «Ет комбинаты» сатылымға шығарылды (мясокомбинат иесі – ТОО «TENGRI State» Алматы қаласында).
- Диірмен комбинатына Халық банкі тарапынан ауыртпалық салынды (Мелькомбинат иесі – Югай М.Л.).
- Киіз үй комбинатына қызмет көрсетуге бөлінген жер учаскесі бірнеше дербес учаскелерге бөлінген, бүгінгі таңда киіз үй комбинаты учаскесінің 2 бөлігінің иесі белгілі. 2024 жылдың 3 қаңтар күні №1-И шығыс нөмірімен тіркелген қалған меншік иелерін анықтау үшін Қаратал аудандық тіркеу және жер кадастры бөліміне сұраныс жіберілді. (Киіз үй фабрикасы ғимаратының иесі – “KOSSAY GROUP” ЖШС, Акимжанова Ш.Н., «Отау Үштөбе» ЖШС, Сенгірбаева Е.Н. Алматы қаласынан).
2024 жылы Үштөбе қаласы мен Елтай, Айту, Жанаталап, Жасталап ауылдарында балалар ойын алаңын салу жұмыстары жұргізілетін болады, облыстық бюджеттен қаражаты қарастырылған, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу парталында конкурстары жария етілген.
Автомобиль жолдары бойынша Қаратал ауданының жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 767,0 шақырымды құрайды, оның ішінде 48,4 пайызы облыстық маңызы бар (371 шақырым) және 51,6 пайызы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелер (396,0 шақырым).
Жергілікті бюджет есебінен 2023 жылы 8 шақырым 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары 505 млн 350 мың теңгеге жүргізілді. Олар: Үштөбе қаласының Төле би, Водопроводная, Желтоқсан, Байсаков, Темирязева, Фурманов көшелері, Айту би ауылдық округіне қарасты Көкпекті ауылының Байсеитов, Жансүгіров көшелері және Елтай ауылдық округінен Қаражиде ауылынан Қашке батыр, Қонаев, Жамбылбаев көшелері.
Ауыл Ел Бесігі бағдарламасы аясында аудан ішілік 9,3 шақырым, 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары 361 млн. 79 мың теңгеге жүргізілді. Олар: Үштөбе қаласы Ойсаз ауылынан Мұқанов көшсесі, Жанаталап ауылынан Үсенов көшесі, Қаражиде ауылынан Тлеугабылов, Қолдасбай көшелері, Кәлпе ауылынан Шалдыбай, Безымянная көшелері, Бастобе ауылынан Ли, Юн көшелері, Ортатобе ауылынан Чапаев көшесі.
Үштөбе қаласы (58,2), Достық (22,3), Кәлпе (31,7) және Оян (11,9) ауылдарында жол жиектеріндегі жаяу жүргінші тротуарларын салу жұмыстары аяқталып қолданысқа берілді. 124,1 мың теңге.
Сонымен қатар, Үштөбе қаласы, Ескелді, Қанабек, Айту, Кәлпе, Жаңаталап, Оян ауылдарында облыстық маңызы бар жол жиектерінде 28 автобус аялдамаларын 54 млн. 117 мың теңгеге орнату жұмыстары жүргізілді
Елтай ауылына кіре беріс ұзындығы 5,5 шақырым облыстық маңызы бар жол және «Үштөбе-Алмалы-Көпбірлік бағытындағы 176 шақырым автожолының 134 шақырымы жөндеуді қажет етеді. Оның 59 шақырымына (2022 ж. - 29 км, 2023 ж. - 30 км) жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Келесі 40 шақырымына өкінішке орай жоба кеш әзірленіп, бөлінген қаржының негізгі бөлігі келесі жылға ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталады (мердігер «Казстройцентр» ЖШС).
Қалған 35 шақырымын жөндеу 2025 жылға жоспарланған.
2024 жылы автомобиль жолдарын қыста күтіп ұстау, ағымды шұңқыр жөндеу Жол сапасын тексеру, 12 көше қиыршық тас төсеу жұмыстары және Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4 көшеге және «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде 9 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, бүгінгі күні аты аталған жобалар мемлекеттік сатып алу парталында конкурсқа жария етілген.
Жеке қабылдау. Қаратал ауданы бойынша 2023 жылдың қаңтар мен желтоқсан айы аралығында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің 322 қабылдауында 1121 азамат - 1413 сұрақпен жүгінді. Оның ішінде аудан әкімімен 97 жеке қабылдауда 585 азамат 877 сұрақпен жүгінді. Аудан әкімінің қабылдауында көтерілген сұрақтар бақылауға алынып, орындау жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес бақылауға алынды. 388 сұрақ бойынша қанағаттанарлық шешім қабылданса, 479 сұрақ бойынша заң аясында түсініктеме берілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы 79 жеке қабылдау өткізіліп, онда 273 азамат 356 сұрақ бойынша тіркелді. Оның ішінде: аудан әкімінің жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің 25 жеке қабылдау - 134 азамат (9 ұжым.) тіркелді (212 сұрақ бойынша). 212 сұрақтын: 67 қанағаттандырылды, 112 жазбаша түсініктеме берілді. 33 орындау деңгейінде, бақылауға алынды.
2023-2024 жылдары аралығында жеке қабыдау барысында тұрғындармен көтерілген әлеуметтік сұрақтарды оңды шешу мақсатында демеушілер тарапынан 34 отбасына құрылыс материалдары, 70 отбасына 150 тонна көмір, 60 отбасына отын, 272 отбасына азық-түлікпен көмек көрсету ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, А.Сабырбайға, О.Курковаға, Н.Речкинаның - тұрғын үйлерінің шатырын жөндеу, қоқыс үйінділерін шығару, қоршауын жөндеу, Б.Абильдинов, Л.Шалабаева, Р.Мұңайтбасова, О.Колпакова, Қ.Смаков, Қ.Қайырбеков, Г.Төлегетаева, Ә.Скакова, К.Жұмабай, С.Станбакиева, С.Кеңшілік және т.б. жалғыз басты, тұрмысы төмен отбасыларына құрылыс материалдарымен, тұрғын үйіне су жүйесін жүргізу, ағаш кесу, демеушілер тарапынан есік, терезесін ауыстыру және материалдық көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылды.
Әлеуметтік сала бойынша 2023 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,4%, ал 2024 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,2% дейін төмендейді деп жоспарлануда.
Бұл көрсеткішті орындау үшін 2300-ге дейін жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру ұйымдардың өз қаражаты, тікелей отандық инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.
2023 жылы 2268 жаңа жұмыс орны ашылды. Атаулы әлеуметтік көмекке 4419 адам бекітіліп, жалпы сомасы 539,8 млн. теңге төленді. Аудан бойынша зейнеткерлік жастағы адам саны 6098, I және II топ мүгедектері-28 адам, III топ мүгедегі-109 адам.
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жұмыспен қамту шаралары шеңберінде 2024 жылдың 1 тоқсанына әлеуметтік жұмыс орнына – 32 бірлік, жастар практикасына - 6 бірлік, "Алғашқы жұмыс орны" жобасына - 17 бірлік, "Күміс жас" жобасына - 46 бірлік және қоғамдық жұмысқа 443 бірлік жұмыссыз жолдама алып, жұмыспен қамтылды. "Электронды еңбек биржасы" арқылы жұмыс берушілердің берген сұранысына сәйкес 162 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 31 адам кәсіпкерлік негізіне оқыды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 2024 жылға 18 адамға 400 айлық есептік көрсеткіш (1 476 800) мөлшеріне дейін 26 млн. 582 мың теңге мемлекеттік гранттар бөлінді.
Жалпы 2024 жылы әлеуметтік төлемдерге 1 миллиард 135 миллион теңгеден астам қаражат бекітілді, оның ішінде:
- Атаулы әлеуметтік көмек алатын 1075 отбасына (5200 отбасы мүшелеріне) 517 миллион теңге;
- Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер 1500 балаға 88 миллион 708 мың теңге;
- Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына 800 ден астам алушыға 82 миллион 106 мың теңге;
- Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 16 миллион 134 мың теңге
- 500 адамға тұрғын үй көмегіне 21 миллион 390 мың теңге;
- Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасын орындауға 239 миллион 645 мың теңге;
- Инватакси 19 миллион 247 мың теңге.
Білім саласы бойынша ауданымызда барлығы 57 білім беру ұйымы бар, оның ішінде 8 балабақша (оның ішінде: 3 мемлекеттік және 5 жекеменшік), 16 шағын орталық, 29 мектеп, (21 орта, 5 - негізгі, 3 - бастауыш мектептер), 2-колледж, балалар шығармашылық орталығы, оқу-өндірістік комбинаты. Бүгінгі күнге барлығы 1610 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.
2023-2024 оқу жылында 1-11 сыныптарда 7220 (1-4 сынып-2792) оқушы аяқтайды, оның ішінде ауылда – 2972. Үздіктер – 1337. Екпінділер – 2922. Жалпы оқу үлгерімі 100 пайыз, білім сапасы 65,2% (2022-2023жж.-62,2%). Мектеп бітіруші түлектер - 304. ҰБТ тапсыратындар – 206, қамтылуы көрсеткіші 74,2%. «Алтын белгі» үміткерлері – 5, «Үздік аттестат» үміткері – 33.
Кадрлармен қамтамасыз ету. Аудандық білім бөліміне қарасты 39 мекемеде – 1149 педагог қызмет атқарады. (оның ішінде 29 мектепте – 993, балабақшаларда 143, қосымша білім беру мекемесінде - 13). (2023-2024 оқу жылында 10 пән мұғалімдеріне (математика - 2, физика - 1, химия - 1, ағылшын тілі - 1, орыс тілі - 2, биология -1, бастауыш сынып мұғалімі - 2) ваканттық орынға сұраныс берілді.) Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес соңғы 3 жылда мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25% өсіп отырды. Техникалық қызметкерлер және есепшілердің жалпы жалақысы 26%-ға дейін өсті.(2023 жылы жалақы қоры: мұғалімдер-4 млрд. 234 млн.284 мың теңге, тех. песонал- 1 млрд. 157 млн. 724 мың теңге. 2024 жылы жалақы қоры: мұғалімдер-4 млрд. 237 млн.488 мың теңге, тех. песонал- 1 млрд. 280 млн. 664 мың теңге.)
Өткен жылы Білім саласында Кәлпе ОМ-ің күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді (1 млрд 453 млн теңге). Үштөбе қаласында 30 орындық жатақханасы бар 100 орындық колледж құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Заман талабына сай, облыста сұранысқа ие мамандарды даярлауда (педагогикалық мамандықтар – бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру. 2024 жылы шетел тілі, логопедия мамандықтары ашылады).
2024 жылы білім беру мекемелерінің ағымды жөндеу жұмыстарына 210 млн. 587 мың теңге қаржы бөлінді.
- Қ.Байсеитов ат. ОМ (53 млн. 387,5 теңгеге) ғимаратының электр жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмысына ашық конкурс өткізіліп келісім-шартқа отырды.
- Абай ат. ОМ (57 199,0 теңгеге) сыртқы қоршауының ағымды жөндеу құрылысына ашық конкурс өткізіліп, келісім-шартқа отырды.
- Жылыбұлақ ОМ (100 млн.теңгеге) ағымды жөндеу жұмыстарына ашық конкурс жариялауға құжаттары дайындалуда.
Мәдениет саласында жаңа екі нысан құрылысы бой көтерді, Үштөбе қаласында өлкетану музейі мен Кәлпе ауылында 200 орындық мәдениет үйі.
Ағымдағы жылы Көкпекті ауылының ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу 253,8 млн. теңге қаражат бөлініп мемлекеттік сатып алу порталында конкурс өткізіліп, мердігері анықталды. Сонымен қатар, Ескелді және Жаңаталап ауылында мәдениет үйінің блоктық-модульдік ғимаратын салу жоспарланып отыр, бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу парталында конкурста.
Спорт саласында Кәлпе (179,9 млн. теңге) және Көпбірлік (103,4 млн. теңге) ауылдарында блокты модулді құрылғыдан спорттық кешендер салынды, одан бөлек Тастөбе ауылындағы спорт кешені мердігердің құрылыс мерзімін уақытылы орындамағаны, қолданысқа бермегені үшін сотқа талап арыз берілді, (құны 100 млн 800 мың теңге)
Биылғы жылы Ескелді және Жаңаталап ауылында блокты-модульді дене шынықтыру-сауықтыру ғимаратын салу жоспарланып отыр, бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу порталында конкурста.
Ауданда спорттың 36 түрі бойынша 366 спорт секциялары жұмыс істейді, онда 13701 адам дене шынықтыру және спортпен шұғылданады. Бұл көрсеткіш 15769 аудан халқының 39 пайызын құрайды.
Денсаулық сақтау саласында өткен жылы Көкпекті ауылында блокты модулді құрылғыдан медициналық пунктінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді, құны 40 млн. теңге. Ағымдағы жылы дәл осындай құрылғы Кішітөбе мен Сарыбұлақ ауылдарында салынады, жоба құны 100 млн теңге.
2023 жылы аудандық аурухананың А блок 409,6 млн теңге кассалық игерілгені 362,3 млн теңге (88, 4%) және В блок 255,2 млн теңге кассалық игерілгені 101, 9 млн. теңге (39,9 %) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, нысандар осы жылға өтпелі. Жұмыс кестесінен кешігуіне байланысты «В» блогы 21.10.2023 ж. және 27.11.2023ж, «А» блогы бойынша 07.12.2023ж. және 09.01.2024ж мамандандырылған ауданаралық Жетісу облысының экономикалық сотына жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыз беріліп, жосықсыз деп танылған. Мердігер тарапынан апелляциялық шағым беріліп. Сот шешімімен медиятивтік келісім жасалынған. Бүгінгі күнге «А» және «В» корпустары бойынша жұмыстар баяу жүргізілуде. (ГАСК-қа тапсырыс беруші тарапынан 2 мәрте хабарлама жіберілді.)
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қаратал аудандық орталық ауруханасының абаттандыру жұмыстарына 315 млн 118 мың теңгеге конкурс өткізіліп, жеңімпазы, яғни мердігері РитмСтрой ЖШС-гі анықталды, келесі кезекте жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Қоғамдық қауіпсіздік бойынша ішкі істер органдарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың I-тоқсанына аудандық полиция бөлімінде 47 қылмыс тіркелді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға азайды (2023ж.– 56 оқиға).
Жол-көлік оқиғалары I-тоқсанда тіркелмеді (2023ж. – 1, онда 1 адам қаза тапты).
Сонымен қатар жыл басынан бері, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 15 хаттама (палатка жабылмаған) толтырылып айыппұл салынды. Сондай-ақ, Автокөлік транспортық бақылау инспекциясы шамадан тыс жүк артуына байланысты 3 автоколік иелеріне хаттама толтырылған және 3 автокөлік иелеріне (заңсыз жер қойнауын пайдалану) Экологиялық департаменттімен 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.
Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, бөтеннің мүлкін ұрлау, бөтеннің мүлкіне қол сұғу арқылы сенімге қиянат жасау, оңай олжа табу мақсатында жасалатын қылмыстар азайар емес.
Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасап, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!