Қаратал ауданы әкімінің Наурыз мерекесімен құттықтауы!

🌷Құрметті аудан тұрғындары!🌷
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы. Осы күндері Жер-ана қайта түлеп, тіршілік атаулы түгел жанданады.Тағылымы мол бұл мереке – жаңару мен жаңғырудың, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы.
Халқымыз қашанда жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілекпен қарсы алады. Ұлыстың ұлы күнінде ұрпақтар сабақтастығы, достық қарым-қатынастар мен қонақжайлық салты дәріптеледі. Сондай-ақ, тереңнен тамыр тартатын құндылықтарымыз, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі ерекше салтанат құрады. Наурыз – ұлтына, дініне қарамастан, барша жұртты ұйыстыратын жалпыұлттық мейрам. Бұл мереке халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырады. Біз әрдайым қиын сәтте бір-бірімізге қол ұшын созып, қолдау көрсетуге дайынбыз.
🌷Дорогие земляки!🌷
Наурыз – праздник весны, обновления, мира и созидания – неразрывно связан с традициями предков, которые в течение многих лет передавались из поколения в поколение. Этот праздник считается началом нового года, наступлением времени, когда происходит пробуждение природы, а люди стараются простить все обиды, забыть все плохое, с добрым сердцем и чистыми помыслами вступить в новый год. От всей души желаю крепкого здоровья, взаимного уважения, понимания и благополучия каждой казахстанской семье во благо дальнейшего процветания нашей Родины Республики Казахстан!
Пусть праздник принесет всем нам только добро и доставит радость в каждый дом!
🌷Құрметті Қараталдықтар!🌷
Еліміздің мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін.
Еліміздегі тұрақтылық тұғыры бекемделіп, бақ-берекеміз арта берсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ағайын!