Аудан әкімінің қарттар күніне арналған құттықтауы

У.Досымбеков, аудан әкімі

Құрметті ардагерлер! Ақ жаулықты аналар! Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деп өсиет еткен қазақ қашанда қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Бүгінде әр шаңырақта ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, шүпірлеген немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі бір ғанибет. Бұл күн өмірлік тәжірибесімен, парасат-пайымымен, ел дамуына қосқан өлшеусіз еңбегімен ерекшеленетін аға буын өкілдеріне деген шынайы ризашылықпен терең құрметтін белгісі.

Еліміздің тәуелсіздігімен өркедеу жолындағы еңбектеріңіз әрқашан халық жадында сақталады. Бүгінгі ұрпақ Сіздерге қарап бой түзейді. Сіздердің өмір жолдарыңыз өшпес өнеге.

Ауданымыз бойынша 6 000 жуық зейнеткер адамдар бар, оның 14,8% білім, 5,1% медицина, 1,1% қызмет көрсету, 14% ауыл шаруашылық, 2,8% логистика, 2,2% құрылыс, 3,5% әскери, полиция қызметкерлері, 1,7% мемлекеттік қызметшілер,  3,9% кәсіпкерлер, 25,3% өзі-өзін қамтығандар мен үй шаруасынан, 16,9% басқа саласынан зейнеткерлікке шыққан азаматтарымыз бар.

Сонымен қатар, ауданда жалғызбасты қарт адамдарда бар. Бұл кісілерді назардан қалдырмай, ауданда үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының                     31 әлеуметтік қызметкері 90 жалғызбасты қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетіп, өмірін жеңілдетуге қол ұшын созады.

Расында, ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.

Уважаемые жители старшего поколения, ветераны труда!
       Примите самые искренние поздравления с Международным днём пожилых людей! Этот праздник - символ единства и преемственности поколений, возможность выразить вам глубокое уважение и благодарность за ваш бесценный жизненный опыт, мудрость и самоотверженный труд.

Вы – живая связь времён, носители духовной культуры и нравственности, пример ответственного отношения к делу и жизни. Ваши знания и советы особенно ценны в современных условиях.

Желаем вам крепкого здоровья на долгие годы, неиссякаемой энергии, душевного равновесия и благополучия. Пусть вас всегда окружают любовь и забота родных и близких, а жизнь дарит яркие моменты и радость от успехов детей и внуков.

Құрметті Абзал ардагер ағалар, Қадірлі Асыл аналар!

Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Ақылы – дария, білімі – теңіз , өмірлік тәжірибесі мол сіздерден тәлім-тәрбие алған іні-қарындастарыңыз өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастыруда.

Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы өздеріңіздей ақсақалдардың барында ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастарымыз жөнсіз кетпейтіні белгілі. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз! Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!