Аудан әкімі Ұ.Досымбековтің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

🔹Құрметті Отан қорғаушылар! Қадірлі Қараталдықтар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 33 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылған күні. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Отан қорғау – қасиетті ұғым. Бүгінгі ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, қарулы күштеріміз құрылды.
Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойды. Киелі өңіріміз талай батырлар мен бағландардың мекені болғаны баршаға аян.
Бүгінгі мерейлі мерекеде бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген сардарларымыз бен сарбаздарымызға алғысымызды білдіреміз.
🔹Дорогие земляки! Уважаемые защитники Отечества! От всей души поздравляю вас с праздником! Глубоко символично, что День защитника Отечества отмечается в нашей стране накануне великой даты — Дня Победы. Наша молодая армия продолжает славные традиции наших предков, доблестно сражавшихся в годы Великой Отечественной войны. В этот день отдаются почести защитникам, которые обеспечивают безопасность государства, общества и каждого казахстанца и охраняют спокойствие нашей Родины. Безупречное служение независимой стране и ее защита — являются священным долгом каждого гражданина.
🔹Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!
Баршаңызды алда келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, елдігімізді нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.