Қаратал ауданының әкімі Ұ.Досымбековтің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Қаратал ауданының әкімі Ұ.Досымбековтің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

       Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық. Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Еліміздегі бекем бірлік - біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.

       Елімізде қалыптасқан ұлттардың тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы да Қазақстанды мекендеген халықтардың достық қарым-қатынасының жемісі.

      1 мамыр - кезінде тағдырдың жазуымен кеңқолтық қазақ елінің жанашыр құшағынан пана тауып, бүгінде қасиетті қазақ даласының төл перзенттеріне айналған сан түрлі ұлыс өкілдері үшін де ұлық мереке.

    Осы тұрғыдан алғанда 1 - мамыр бұл - шынайы жалпыхалықтық мереке, отаншылдығымыздың туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың жарқын символы болып саналады.

    Бірлік пен келісімнің маңыздылығын толық ұғыну – еліміздің үйлесімді әрі орнықты дамуының негізгі факторы. Бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана кең байтақ ортақ отанымыз қазақ елі – мол байлық пен бақ - берекеге кенелетіні сөзсіз.

       Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.

     Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету - әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

    Уважаемые жители района! От всей души поздравляю вас с праздником дружбы и единства народа Казахстана! Этот праздник олицетворяет дружбу и согласие, мир и стабильность. Представители разных наций живут в мире и согласии в нашем районе, приумножая свои традиции, обычаи, культуру. Крепкая нить дружбы связывает всех нас, и в этом наша основа и уверенность в завтрашнем дне. Во всех достижениях и социально-экономическом развитии района есть огромный вклад каждого каратальца. Успешное воплощение общих целей и интересов напрямую связаны с упорным и неутомимым трудом каждого жителя района, взаимопониманием и солидарностью, внутренней политической стабильностью, межнациональным согласием. Искренне желаю всем крепкого здоровья, долгих лет жизни, семейного достатка и благополучия!

     Қадірлі жерлестер!Тамыры терең, тарихы кенен, қойнауы шежіреге толы Қараталдықтардың да қай кезде де ел бірлігі мен ұрпақ саулығы, ұлт амандығы жолында атқарған жарқын істері көпке үлгі.

     Достық пен татулық, ынтымақ пен бірлік мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ырыс-несібесі арта берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын!