Аудан әкімі Ұ. Досымбековтің Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Ардақты аналар, ақ жаулықты әжелер мен аяулы арулар!🌷
Сіздерді жыл басы көктеммен бірге келген айшықты мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге деген ыстық пейіл мен өлшеусіз құрметті қабыл алыңыздар.
Қазақ қоғамында әйелдің орны ерекше. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бар. Халық жадында сақталып қалған Тұмар, Бегім, Бопай, Абақ, Айғаным, Зере аналардың ұлт тарихындағы орны бөлек. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Әлия, Мәншүк пен Хиуаз сынды батыр қыздарымыз да ел есінде. Ұлт болашағы да нәзік жандылардың қолында. Сондықтан отбасының ұйытқысы, тәрбиенің берік қорғаны да өздеріңізсіздер.
Дорогие наши прекрасные женщины🌷
От всей души поздравляю вас с весенним праздником Международным женским днем! Этот праздник является настоящим символом благодарности и сердечного признания. Именно представительницы прекрасного пола наполняют наш мир красотой, душевной щедростью, любовью и нежностью. Вы дарите жизнь, воспитываете детей, создаёте домашний уют, совмещая домашние обязанности с профессиональной и общественной деятельностью.
Құрметті ханымдар!🌷
Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге баянды бақыт, берекелі ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Ортамызда әрдайым гүлдей құлпырып жүре беріңіздер!