Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабына сәйкес, Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын азаматтарына берiледi. Осы Заңның 68 бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын 11 тобына (мүгедектер және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, І және ІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары, кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар, жетім балалар, репатрианттар, оралмандар, көп балалы отбасылар және толық емес отбасылар) жатады. Заңның 69 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылатын Қазақстан Республикасының азаматтары 1 тармақшасына сәйкес есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында олардың тұрғын үйі болмаған кезде танылады. Жоғарыда аталған топтардың біріне жататын болсаңыз, «Қаратал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мамандарынан кеңес алып, құжаттарды ХҚКО тапсыруыңызға болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 72 бабына сәйкес егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғаны анықталса тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартылатынын хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі -Заң) 71-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармақшасына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.
Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды бөлек тізім бойынша есепке алады:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
- Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
-"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға
-Халықтың әлеуметтiк аз қамтылған топтарына
-Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, көпбалалы аналарға, жетімтер мен ата-ана қамқорлығынсыз өскен балаларға бірінші кезекте алуға кепілдік береді.
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының 7-бабының 1-тармағының негізінде адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма түрінде отбасының әрбір мүшесіне есептегенде есептейді.
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 Бұйрығының (бұдан әрі - қағидалар) 4 – тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда-кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Тұрақты тұратын жері бойынша тіркеу болмаған кезде тұрғылықты жері бір елді мекен шегінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасалған күннің алдындағы алты ай ішінде уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелумен расталады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды: 1) табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға); 2) Осы баптың 6 – тармағында аталған адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасына-жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде беріледі; 3) алушының кінәсінен бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда адамға (отбасына) – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай ішінде; 4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған адамдарға (отбасыларға) – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде; 5) учаскелік комиссияның материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қажет етпейтін адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңының 2-бабы 1-тармағы негізінде жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Жер кодексінің 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру конкурс негізінде жүзеге асырылады. Ауданның жергілікті атқарушы органы конкурс өткізу туралы хабарламаны ауданның аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда, сондай-ақ өзінің интернет ресурсында жариялайды. Конкурсқа қатысуға ақпараттық хабарламада белгіленген мерзімнен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім ресімдеген Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар жіберіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ауданның жер қатынастарының төлдері қалыптастырады және қоғамдық кеңестермен, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісіледі. Конкурсқа қатысуға өтінімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері ұсына алады. Конкурсты жер комиссиясы өткізеді. Конкурстың қорытындылары жер комиссиясының хаттамалық шешімімен ресімделеді.