«Қаратал ауданы Қызылбалық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылғы І тоқсанға атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ
Бюджет
- Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың жылдық жоспары 3 000 000 теңге, жоспардағы 1823млн орындалғаны 2211,8 теңге, орындалу пайызы 121,3
- - Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың жылдық жоспары 78 мың теңге, жоспардағы 21 мың, орындалғаны 18600 теңге, орындалу пайызы 88,6
- Жеке табыс салығының жылдық жоспары-1900000 теңгеден, жоспардағы 352 мың теңге, орындалды 1131,4, орындалу пайызы 321,4
|
Қызылбалық а/о |
Жылдық жоспар |
Түсім І тоқсан |
% |
|
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 101202 |
1900 000 |
1131,4 |
321,4 |
|
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 104102 |
78 мың |
18600 |
88,6 |
|
Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 104402 |
3 000 000 |
2211,8 |
121,3 |
|
Барлығы |
4 992000 |
3 394000 |
153,7 |
2026 жылдың І тоқсанына бюджеттің игерілуі
2026 жылдың І тоқсанына бюджеттік қаражатын толықтай игеру бойынша уақытыл іс-шараларды іске асыруды бақылауға алу барысында барысында жылдық бюджеттің орындалу жоспары- 13 млн 935 мың теңге, нақты орындалғаны 13 млн 742мың теңге, орындалу пайызы 98,8
Орта және шағын кәсіпкерлік
Округте шағын және орта кәсіпорындар саны 17 бірлікті құрайды, оның ішінде 2 ЖШС, 11 жеке шаруа қожалығы, жеке кәсіпкерлерде 38 адам жұмыспен қамтылған. Сондай ақ 6 дүкен, 2 қоғамдық тамақтану объектісі бар.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушы азаматар бойынша Қызылбалық ауылдық округі бойынша әскерге шақырылушылардың жалпы саны –7 адам.
Әскери міндеттілерге жазбаша хабарламалардың уақытылы жеткізілуі және бекітілген жоспардың орындалуы қатаң бақылауға алынған. Сонымен қатар, жастар мен жасөспірімдер арасында патриоттық тәрбие беру мақсатында бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар күшейтіліп, арнайы іс-шаралар мен кездесулер ұйымдастырылуда.
Ауыл шаруашылығы техникалары бойынша
Шаруа қожалықтардың көктемге техниканың дайындығы:
Трактор - 1 дана. Прицеп – 1 дана. Сеялки – 0 дана. Косилка- 1 дана. Мини трактор – 0 дана. Соқа-0
2026 жылдың 1 қаңтарына мал басы
М.І.Қ -3300 бас, оның ішінде аналық - 800 бас, Ұ.М.М-1900 бас, жылқы-750 бас, шошқа-0, барлық түрдегі құстар 200 .
Жануарлар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу
Жануарлар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу барысында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде:
Ірі қара малға аусылға қарсы вакцина — 2700 бас
ІҚМ нодулярлы дерматитке қарсы вакцина 2775 бас
ІКМ малдан бруцеллезге қан алу — 1170 бас
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық санитарлық тазалау акциясы
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық санитарлық тазалау акциясы аясында жоспарға сәйкес кең ауқымды шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді.
Округте «Таза Қазақстан» акциясын өз деңгейінде ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда. Жол жиектерін тазалау, қоқыс үйінділерін шығару, маршрут бойынша тазылық жұмыстарын округке бөлінген қоғамдық жұмысшылар күнделікті белсенді атқаруда. Бүгінгі күнге апта аралығын 2 сенбілік және 2 таза сәрсенбілік шарасы ұйымдастырылып, аумақтан апта ішінде 2 тонна қоқыс шығарылып, анықталған қоқыс үйінділері жойылды. Сонымен қатар округтегі ашақтардың діңдері әктелді. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ресми сайт парақшаларға уақытылы жариялануда. Аталған жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек
Округте қоғамдық жұмысқа 15 жұмыссыз адамдар тартылған. Адамдармен жұмыс жасау, санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды бөлу, орындалған жұмыстардың барысын бақылау, жұмыс уақытының есебі айсайын жүргізілуді қадағалануда.
Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру жұмыстары ұйымдастырылып, жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жоспардың орындалуы қатаң қадағалануда.
Аталған бағытта тұрғындар арасында жұмысқа орналастыру бойынша белсенді іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде:
«Күміс жас» бағдарламасы бойынша 2 адамға, Жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 2 адам, Кәсіби оқыту бағдарламасы бойынша 2 адамға өтінім жіберілді.
Жұмысқа орналастыру және оқыту жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Халықпен тұрақты кездесуді бойынша
Бекітілген кестеге сәйкес 2 елді мекенде ауыл тұрғындарымен 4 кездесу өткізіп, азаматты жеке мәселелері бойынша қабылданды. Көтерілген өзекті мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын жасап орындалуын бақылауда ұсталды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша округтің жоспарлары құрылып жоспарға сәйкес іс-шаралар атқарылды. Төтенше жағдайлардың, азаматтық қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету барысында құзырлы мекемелерге 12 ақпарат хат жолдап, әлеуметтік желілерге 48 ескертпе хабарландырулар жариялады. ТЖБ мамандарымен бірлесе отырып төтенше жағдайлардың алдын алуы мақсатында су тоспаларына және бас арықтарына гидротехникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеру актілері жасалынуын ұйымдастырды. Сонымен қатар өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздік жағдайын күшейту мақсатында, жылыту пешінің қалпын, электр бұйымдарының жағдайын, газ жабдықтарын және аумақты ұстау жағдайы бойынша үйді-үй аралап ұсыныс түбіртектерін таратуды ұйысдастырды. Жыл басынан 3 рет өрт болған орынға барып, өртенген құрғақ шөптерді сөндіру жұмыстары жүргізілді. Су басу қаупі бар жерлерге барып, арналардың жағдайын қарап, қажет болған жағдайда шұғыл шаралар қабылдады. Арнайы техника – трактордың көмегімен арықтар тереңдетуді, судың өткізу мүмкіндігін арттыруды ұйымдастыруды қадағалады.
Мәдени іс-шараларды өткізу бойынша
Бұқаралық спорт, мәдени іс-шараларды өткізу барысында 3- мәдени іс-шара мен 12 ақпараттық танымдық іс-шаралар өткізіуді ұйымдастырды.
Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша
Жыл басынан жеке тұлғадан 1, заңды тұлғадан-0 өтініш түсті. Заңға сәйкес өтініштердің мерзімдері мен қаралу тәртібі сақталынып, екі тілде жауаптары берілуде. Мерзімі бұзылған өтініштер жоқ. Жеке қабылдауға 14 азамат қабылданып, мәселелері оң шешімін табуда.
Жаңалықтарды сайт парақшаларына уақытылы жариялау туралы
Округ бойынша 2026 жылға арналған медиа жоспарға сәйкес өткізілген іс-шаралар мен жағымды жаңалықтар округтің ресми әлеуметтік желі парақшаларында (Facebook, Instagram және басқа да ақпараттық платформаларда) тұрақты түрде жарияланып, олардың дер кезінде орналастырылуы бақылауға алынған.
Өткізілген мәдени-көпшілік, әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар туралы ақпараттар фото-бейнематериалдармен бірге уақытылы жарияланып, тұрғындарға кеңінен жеткізілуде.
Алдағы уақытта да медиа жоспардың орындалуы тұрақты бақылауда болып, өткізілетін барлық іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде жедел түрде жарияланып отырады.
D, E санаттары бойынша
D, E санаттары бойынша тізімде тұрған азаматтарды есептен шығару туралы ресми хат жолданды. Аталған тізімде барлығы 68 адам көрсетілген. Орындалғаны 11 адам.
2