GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Байланыс ақпарат
Қызметі
Все материалы
Білім
16 октября 2026
«Balazhan» платформасы балаларға уақтылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Balazhan» мемлекеттік цифрлық платформасын енгізуде.

Платформаның негізгі мақсаты - ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды ерте анықтап, оларға қажетті көмекті уақтылы ұйымдастыру.

«Balazhan» балалар мен олардың отбасылары туралы ақпарат жинауға қатысты жаңа талаптар енгізбейді. Бұған дейін педагогтер қағаз құжаттарда және әртүрлі ақпараттық жүйелерде жүргізіп келген мәліметтер енді бірыңғай цифрлық платформада жинақталады.

Бастапқы мәліметтер платформаға бір рет енгізіліп, кейін тек қажеттілігіне қарай жаңартылады. Бұл құжат айналымын азайтып, педагогтердің жұмысын жеңілдетуге және мамандар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік береді.

«Balazhan» Ұлттық білім беру деректер қорының модулі болып табылады. Балалардың дербес деректерінің қорғалуы заңнама талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

Жаңа жүйе қолдауды қажет ететін балаларды үздіксіз сүйемелдеуге және оларға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Дерекөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайты

«Balazhan» платформасы балаларға уақтылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді

Білім
16 октября 2026
Жетісуда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Бүгін облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовтің төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Оған прокуратура және полиция органдарының өкілдері, облыстық білім және балалардың құқығын қорғау басқармаларының басшылары, аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары, білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жиында балалар қауіпсіздігін және құқығын қамтамасыз ету, мектептердегі құқық бұзушылықтың, соның ішінде буллингінің алдын алу, осы бағыттарға жауапты мекемелердің жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды. Сол сияқты жиында өңірдегі білім беру мекемелеріндегі ағымдағы жағдай және балалардың қауіпсіздігі үшін қабылданатын шаралар қарастырылды.

Отырыс соңында жауапты мекемелер мен ұйымдар басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік қамсыздандыру
16 октября 2026
Талдықорғанда 2,8 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

Талдықорғанда 2026 жылдың тоғыз айында 2803 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды.

Олардың жартысына жуығы тұрақты, ал қалғандары мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасты. Қазіргі уақытта қалада 319 бос жұмыс орны бар, ал жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 4 мыңға жуық.

Бүгінде азаматтарды еңбекке тарту бағытында бірқатар мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, қоғамдық жұмыстарға тартылғандар саны 834 адамға жетті. «Күміс жас» жобасы мен қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша да жоспар толық орындалды. Сонымен қатар жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындары арқылы азаматтарды еңбекке орналастыру жұмыстары жалғасуда.

Жұмыспен қамту шараларында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға да басымдық берілген. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарды, пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша арнайы тетіктер қарастырылған.

Жұмысқа орналасумен қатар, азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау да маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Мемлекет белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға өз кәсібін ашу үшін 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант ұсынады.

Қолдауға жұмыссыздар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың өкілдері, мүгедектігі бар азаматтар, қандастар және басқа да белгіленген санаттағы азаматтар үміткер бола алады. Қазіргі уақытта бірінші кезеңнің жеңімпаздары жобаларын іске асыруға кіріскен, ал екінші кезең бойынша жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.

Әртүрлі
14 октября 2026
Қаратал ауданының әкімі Елтай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

2026 жылғы 13 қазанда Қаратал ауданының әкімі У. Досымбековтің Елтай ауылдық округіне қарасты Сарыбұлақ ауылында тұрғындармен кездесуі өтті.
Кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау аясында ұйымдастырылды. Аталған Жарлық жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, сондай-ақ билік пен халық арасындағы тиімді диалогты нығайтуға бағытталған.
Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындарды Қаратал ауданының ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырып, 2026 жылдың соңына дейін атқарылатын жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, мал жаюды ұйымдастыру, облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойына қоршау орнату, тұрғын үймен қамтамасыз ету, Қаражиде ауылының мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасын нығайту және халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Аудан әкімі тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Қосымша зерделеуді және тиісті шаралар қабылдауды қажет ететін мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Берілген тапсырмалардың орындалуы және көтерілген мәселелердің одан әрі шешілуі аудан әкімдігінің бақылауында болады.
Мұндай кездесулер тұрғындарды толғандырған мәселелерді дер кезінде анықтауға, оларды шешудің нақты жолдарын айқындауға және жергілікті атқарушы органдар мен халық арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Басты мақсат - аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және ауылдық аумақтардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету.

Әртүрлі
14 октября 2026
Жетісуда жыл соңына дейін облыстық маңызы бар жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 96%-ға жетеді

Жетісу облысында жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл соңына дейін облыстық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 96%-ға жетеді. Бұл – республикадағы жоғары көрсеткіштердің бірі. Ақсу ауданында да жол инфрақұрылымының сапасы айтарлықтай жақсарған. Соңғы үш жылда ауданда облыстық маңызы бар 180,2 шақырым жол жөнделіп, 13 елді мекендегі 49 көше жаңартылды, 5 ауылда көше жарығы орнатылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық маңызы бар «Талдықорған – Үштөбе» (40 шақырым) және «Ақсу – Жаңалық» (22 шақырым) автожолдарын жөндеу жұмыстары аяқталды.

- «Жансүгіров - Матай» автожолының Ақсуға дейінгі учаскесінде 30 шақырым жолға толықтай асфальт төселді. «Ақсу - Ойтоған» және «Ақсу - Қаракөз» автожолдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Олар келесі жылы толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге де жыл сайын ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, биыл Жансүгіров ауылында 9 көше жөнделді. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасады, - деді Б. Исабаев.

Атап өтсек, былтыр облыстық маңызы бар Егінсу, Алтынарық ауылдарына кіреберіс автожолдар, сондай-ақ «Алматы - Өскемен» тасжолынан Қапал ауылына дейінгі 26 шақырым жол учаскесі жөнделді.

Сонымен қатар өңірде республикалық маңызы бар «Алматы - Өскемен» автожолының Алматы облысының шекарасынан Талдықорған қаласына дейінгі учаскесінде және қаланың айналма жолдарында жалпы ұзындығы 159 шақырымды құрайтын орташа және күрделі жөндеу жобалары жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 103 шақырым жолда жұмыс аяқталды, қалған учаскелердегі жөндеу жұмыстары келесі жылы жалғасады.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотографтар: Жұмабай Мұсабеков, Қанат Өмірәлинов

Білім
14 октября 2026
AI-Sana: Жетісу университетінде AI-DOS дауыстық көмекшісі әзірленді

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің инженер-бағдарламашысы Бекзат Тоқтаған университет туралы ақпаратты жедел ұсынуға арналған AI-DOS дауыстық көмекшісін әзірледі. Цифрлық көмекші ауызша сұрақтарды қабылдап, университет туралы ақпаратты қазақ, орыс және ағылшын тілінде ұсынады.

Көмекші құралдың білім базасы университетте қолданыстағы құжаттар негізінде қалыптастырылған. Бұл жүйенің тез әрі нақты ақпарат ұсынуына мүмкіндік береді. Егер пайдаланушының сұрағы білім базасында қамтылмаған болса, AI-DOS интернеттен қажетті мәліметті іздеу функциясына жүгінеді.

«Жоба идеясы тәжірибелік қажеттіліктен туындады. Ауқымды іс-шаралар кезінде қатысушыларға университет туралы ақпарат беріп, кампус аумағында бағыт-бағдар көрсету үшін көптеген қызметкерді жұмылдыруға тура келеді. Ал AI-DOS дауыстық жасанды интеллект ассистентіне ауызша сұрақ жолдау жеткілікті. Жүйе сұраққа сіз таңдаған тілде жауап береді. Осылайша университетке келген қонақтар, білім алушылар мен талапкерлер қажетті ақпаратты жылдам алады. Бұл құрылғы, әсіресе, шетелдік қонақтар мен білім алушылар үшін тиімді», – дейді жоба авторы Б.Тоқтаған.

AI-DOS университеттің білім беру және ғылыми қызмет бағыттары, студенттерге арналған мүмкіндіктер, спорттық секциялар, университеттік іс-шаралар мен цифрлық сервистер, соның ішінде Smart Zhetysu жүйесі туралы ақпарат ұсынады. Сонымен қатар қабылдау комиссиясына жиі қойылатын сұрақтарға, атап айтқанда, білім беру бағдарламалары бойынша оқу ақысы, оқуға қажетті құжаттар, факультеттер мен мамандықтар жөнінде жауап береді.

Жобаның техникалық негізін OpenAI API технологиялары құрайды. Жүйеде сөйлеуді тану, жауапты қалыптастыру және мәтінді дыбыстау үшін арнайы жасанды интеллект модельдері пайдаланылған. Оларды таңдау кезінде жұмыстың жылдамдығы мен экономикалық тиімділігі ескерілген. Атап айтқанда, типтік сұрақтарға жауап беру үшін ресурсты көп қажет ететін модельдер емес, жылдам әрі шығыны төмен mini санатындағы модельдер таңдалған. Жауаптың ұзақтығы да жүйе деңгейінде шектелген. Бұл токен шығынын азайтып, пайдаланушының сұрағына жауап беруді жеделдетуге мүмкіндік береді. Серверлік бөлігі Python және Flask негізінде, визуалды бөлігі Unity платформасында әзірленген. Жасанды интеллект қызметтеріне қатысты токендер пайдаланушы жүйеге нақты сұраныс жасаған кезде ғана жұмсалады.

Жоба тәжірибелік сынақтан да өтті. AI-DOS университет ұйымдастырған іс-шараларда қатысушылардың сұрақтарына жауап беру үшін қолданылып, қабылдау науқаны кезінде талапкерлермен жұмыс барысында апробациядан өтті.

AI-DOS дауыстық көмекшісі университеттің цифрлық экожүйесін дамытуға, ақпаратты қолжетімді етуге және жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісінде практикалық тұрғыдан қолдануға бағытталған.

Дереккөз: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты

AI-Sana: Жетісу университетінде AI-DOS дауыстық көмекшісі әзірленді

Ауыл шаруашылығы
14 октября 2026
Жетісуда биыл 146 мың гектардан астам жер суарылды

Жетісу облысында 2026 жылғы вегетациялық кезең тұрақты режимде өтіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасты. Биыл өңірде 146 мың гектардан астам егіс алқабы суарылып, 1,2 млрд текше метрден астам су пайдаланылды.

Жетісудағы суармалы жерлердің басым бөлігі тау өзендері арқылы қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты су көлемі табиғи-климаттық жағдайларға тәуелді. Су тапшылығы байқалған жекелеген кезеңдерде су қайта бөлініп, каналдардағы су айналымы реттелді. Мәселен, Қаратал ауданында су деңгейінің төмендеуіне байланысты Көксу бөгетінен Қаратал өзеніне қосымша су жіберіліп, жағдай тұрақтандырылды.

Қазіргі таңда «Қазсушар» РМК Жетісу филиалы 183 мың гектардан астам суармалы жерге қызмет көрсетеді. Оның теңгерімінде 19 гидротехникалық нысан және 4,5 мың шақырымнан астам каналдар мен коллекторлық-дренаждық желілер бар.

Су ресурстарын пайдалануды бақылау бағытында да жұмыстар жүргізілді. Жыл басынан бері 76 тексеру жүргізіліп, заң бұзушылықтар бойынша 15,9 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Биыл су беру үдерісінің ашықтығын арттыру мақсатында электрондық келісімшарттар мен биллинг жүйесі толық енгізілді. Бұл су көлемін есепке алу мен

бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді.

2027 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық басталды. Келесі жылы «Қазсушар» РМК Жетісу филиалы 125 мың гектардан астам суармалы жерді қамтуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын енгізу, суды тиімді пайдалану және ауыспалы егіс талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жалғасады.

Әлеуметтік қамсыздандыру
14 октября 2026
Жұмыс берушілер қызметкерлерді міндетті сақтандыруды онлайн рәсімдей алады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен (ЖОМС) қамтуды кеңейту және жұмыс берушілер үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Осы бағыттағы жұмыстар аясында Мемлекеттік аннуитеттік компания өз сайтында жұмыс берушілерге кеңсеге бармай-ақ, менеджердің көмегіне жүгінбей, ЖОМС шартын өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік беретін жаңа онлайн-сервисті іске қосты.

Енді шартты рәсімдеудің барлық кезеңін онлайн режимде жүзеге асыруға болады: тіркелу, қажетті мәліметтерді енгізу, сақтандыру құнын есептеу, шартты қалыптастыру және оған қол қою. Құжаттар мен анықтамалар белгіленген талаптарға сәйкес тікелей портал арқылы жүктеледі.

Мәліметтердің белгілі бір бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және Бірыңғай сақтандыру дерекқорынан автоматты түрде алынады. Қалған ақпаратты жұмыс беруші өзі енгізеді. Шартқа қол қойылғанға дейін енгізілген мәліметтерді тексеріп, қажет болған жағдайда түзетуге мүмкіндік қарастырылған.

Шарт жасасу үшін заңды тұлғаның жарамды электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. Негізгі рәсімдердің барлығы бір сайтта жүзеге асырылады, бұл ретте басқа сервистерге өтіп қажет емес.

«Онлайн-сервистің іске қосылуы, ең алдымен, жұмыс берушілер үшін сақтандыру рәсімін барынша ыңғайлы әрі қолжетімді етуге бағытталған. Рәсімді цифрлық форматта өз бетінше жүзеге асыру уақытты үнемдеуге және кеңсеге бармай-ақ қажетті қызметті алуға мүмкіндік береді», – деді Мемлекеттік аннуитеттік компанияның басқарма төрағасы Олжас Ашкеев.

Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру – қызметкерлерді әлеуметтік қорғау тетіктерінің бірі. Заңнамада көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдері еңбекке қабілеттіліктен айырылуға байланысты келтірілген зиянды өтеуді, сондай-ақ емделуге, медициналық және кәсіптік оңалтуға арналған заңда белгіленген шығындарды өтеуді қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты қызметкерлерді сақтандыру Министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Қазіргі уақытта жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен шамамен 3,5 млн қызметкер қамтылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1 млн 130 мың адамға артық.

2026 жылдың соңына дейін ЖОМС шарттарын жасасқан жұмыс берушілердің санын 130 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Цифрлық сервистің іске қосылуы жұмыс берушілерге қызметін жүзеге асыратын өңіріне қарамастан, сақтандыру шарттарын рәсімдеуге қосымша мүмкіндік береді.

Министрлік өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытындағы жұмысты да жалғастыруда. Осы мақсатта кәсіпорындардың қызметін бақылауға арналған цифрлық құралдар қолданылып, жұмыс орындарындағы кәсіптік тәуекелдерді бағалау жүйесі жетілдірілуде.

Осылайша, ЖОМС рәсімдеу үдерістерін цифрландыру жұмыс берушілер үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталса, өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өндірістік жарақат алу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет ресурсы

Жұмыс берушілер қызметкерлерді міндетті сақтандыруды онлайн рәсімдей алады

Әртүрлі
09 октября 2026
2026 жылғы 7 қазанда Елтай ауылдық округінің әкімі Әділбек Қазбекұлы Қаражиде ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.

2026 жылдың 07 қазан күні сағат 11:00 де Елтай ауылдық округінің әкімі Забиев Әділбек Қазбекұлы Қаражиде ауылдық мәдениет үйінде Қаражиде ауылының тұрғындарымен жоспарлы есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдық округ әкімі 2026 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындыларына тоқталып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру, абаттандыру, жолдарды жөндеу, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Кездесу соңында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды.

ТЖ алдын алу
08 октября 2026
Қоқыс пен құрғақ шөпті жағу үшін салынатын айыппұл

Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді
«Қоқыс пен құрғақ шөпті жағу үшін салынатын айыппұл»
Жеке тұрғын үйдің немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының аумағын тазалау олардың иелері үшін елеулі жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Мұның барлығы өрт қауіпсіздігі талаптары мен қоршаған ортаны қорғау ережелеріне байланысты.
Қоқыс пен құрғақ шөпті жағу – ауылдық жерлерде де, қалалардағы жеке секторларда және қала маңындағы аумақтарда да кең таралған тәжірибе.
Алайда тұрмыстық қоқыстан, құрғақ бұтақтардан, жапырақтар мен шөптерден осылай құтылу қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп, қауіп төндіреді. Ал аса ауыр жағдайларда мұндай әрекеттер орман өрттеріне, сондай-ақ бірден бірнеше тұрғын үй мен құрылыстардың жойылуына әкелуі мүмкін.
Сондықтан қоқысты жағу құқық бұзушылық болып табылады.
Қоқыс жағу үшін салынатын айыппұл
Құрғақ шөпті, бұтақтарды немесе басқа да қоқысты жағуға әрекет жасау өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын бұзумен байланысты.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 336-бап. Қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау
Қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау – АЙЫППҰЛ САЛУҒА әкеп соғады.
Бұл ретте заң бұзушылық салдарынан өрт шығып, адамдар немесе мүлік зардап шеккен жағдайда айыппұл мөлшері ұлғаюы мүмкін.
Ал аса ауыр жағдайларда мұндай әрекет қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралануы мүмкін.
Қоқысты жағу үшін арнайы бөлінген орындарды таңдау қажет.
Олар шөп пен жапырақтардан тазартылып, жақын орналасқан құрылыстардан немесе сақтаулы материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасуы тиіс.
Қоқысты тек күндізгі уақытта, міндетті түрде бақылауда ұстай отырып және жақын жерде өрт сөндіргіш немесе су болған жағдайда ғана жағуға болады.
Қоқыс толық жағылып болғаннан кейін отты мұқият сөндіріп, сумен толықтай құю қажет.
Өзіңізді және мүлкіңізді қорғаңыз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы