Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары

Азаматтарды қабылдау

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2024 жылғы 22 тамызда сағат 10.00-де аудандық әкімдіктің ғимаратында (Үштөбе қаласы, Қонаев көшесі, 9) аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

☎️ Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазылуға болады.

🕰️ Сондай-ақ сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында (Үштөбе қаласы, Қонаев көшесі, 9) облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі өтеді.

📍 Тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша жүргізіледі.

Қызмет бағыты