Елубаева Гүлжан Мұхамажанқызы
Басқарма басшысының орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
1977 жылғы 7 қарашада Алматы облысы Көксу ауданының Мұқры ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Қ. Байсейітов атындағы Талдықорған музыка училищесі «Оркестр әртісі, көркемөнерпаздар оркестрінің жетекшісі, оқытушы» мамандығы.
2000 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «Музыка пәнінің мұғалімі» мамандығы.
2016 жылы Шымкент университеті «Құқықтану» мамандығы.
2024 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «Педагогика және психология» бағыты бойынша магистратураны аяқтаған. Білім магистрі, педагог-психолог.
Мансап
2000 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданының Үңгіртас орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі.
2002 жылы Алматы облыстық білім департаментінде мемлекеттік қызметке орналасып, тәрбие жұмысы, мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер бөлімінде жетекші маман.
2007–2012 жылдары Алматы облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде, кейін Алматы облысының білім басқармасында бас маман болып қызмет атқарған.
2012–2022 жылдары Алматы облысының білім басқармасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, мемлекеттік қызметтер көрсету, кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлім басшысы.
2022 жылғы қарашадан 2024 жылғы қазанға дейін Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2024 жылғы қазаннан бастап «MENIN MEKTEBIM» ЖШС жекеменшік орта мектебінің директоры болып жұмыс істеген.
2026 жылғы 2 қарашада Жетісу облысының білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2024 жылы «Үздік мемлекеттік қызметші» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған.