Python (Пайтон)бағдарламалау тілін үйрену бойынша тегін курс басталады

Python (Пайтон)бағдарламалау тілін үйрену бойынша тегін курс басталады
Талдықорған қаласында, облыс әкімдігінің «Цифрлық технологиялар басқармасы» ММ және IT-hub «Jetisu Digital» қолдауымен 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Samsung компаниясынан Python (Пайтон) бағдарламалау тілін үйрену екі пән бойынша: Python және Big Data негіздері» (офлайн) және «Мобильді әзірлеу курсы» (онлайн) ТЕГІН курстар басталады. (емтихан тапсыру ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін). 
Тегін курстар жастарға арналған (13-25 жас)
Сіз ең қарапайым, танымал және перспективалы бағдарламалау тілімен танысасыз, ол жан-жақты, үйрену оңай, IT саласында бастау үшін тамаша старт.
• Топтарға орыс тілдерінде қабылдау жүргізіледі;
• Курстардың ұзақтығы - 4 айды құрайды;
• Сабақтар аптасына 2-3 рет өтеді;
• Бір сабақ 7-10 минуттық үзіліспен 120 минутқа созылады;
• Курстарды өткізу мекенжайы - Талдықорған қаласы, Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимараты, Қонаев көшесі, 47.

 Сілтеме бойынша курсқа тіркеліп үлгеріңіз: https://samsung-campus.kz/
 Қабылдау емтиханын тапсыруды ұмытпаңыз! Емтиханды сәтті тапсыратындар ғана тіркеуден өтеді!


Қазақстанда жоба 2017 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Бүгінгі таңда офлайн оқыту Алматы, Астана, Талдықорған, Атырау, Ақтөбе және қазір Қостанайда жүргізілуде. Басқа өңірлерден келген оқушылар мен студенттердің онлайн оқуға мүмкіндігі бар. Бүкіл кезеңде Қазақстанда Samsung Innovation Campus курстарынан 2500-ден астам адам өтті.

Курстың соңында әр оқушы дипломдық жұмысты дайындайды. Курсты сәтті аяқтаған студенттер Samsung Electronics компаниясынан сертификаттар, сондай-ақ сыйлықтар (смартфондар және басқа гаджеттер) алады.
Қызмет бағыты