Samsung компаниясының Python (Python) бағдарламалау тілін үйрену бойынша тегін-офлайн курсы басталады

Жетісу облысының «Цифрлық технологиялар басқармасы» ММ-сі және «Jetisu Digital» IT-hub қолдауымен 2023 жылдың 11 қыркүйегінен бастап Талдықорған қаласында Samsung компаниясының бастамасымен Python (Питон) бағдарламалау тілін үйрену бойынша ТЕГІН-оффлайн курсының басталатындығын хабарлаймыз.
Тегін курстар 15-25 жас аралығындағы жастарға арналған.
Осы курста сіз қарапайым, танымал және болашақта сұраныста болатын бағдарламалау тілімен танысасыз. Бұл әмбебап, IT саласын оңай игеру үшін тамаша бастама.
• Топтарға қазақ және орыс тілдерінде адамдар қабылданады;
• «Python негіздері және талдау күні» курстарының ұзақтығы - 5 ай;
• Сабақтар аптасына 2-3 рет өткізіледі;
• Бір сабақ 120 минутқа созылады, 7-10 минуттық үзіліспен;
• Курстар келесі мекен-жай бойынша өтеді: Жастарға қызмет көрсету орталығы, Қонаев көшесі, 47.
Курсқа сілтеме бойынша тіркеліп үлгеріңіз: https://samsung-campus.kz/
Қабылдау емтиханын тапсыруды ұмытпаңыз! Емтиханды 30 қыркүйекке дейін тапсыра аласыз. Тек емтиханды сәтті тапсырғандар ғана курсқа қатысу үшін тіркеуден өте алады.
Курс соңында әр оқушы дипломдық жұмысын дайындайды. Курсты сәтті өткен оқушы Samsung Electronics компаниясынан сертификаттар мен смартфондар және басқа да гаджеттерді сыйлыққа алады.