Пилоттық жоба «Белсенді азамат»

Пилоттық жоба «Белсенді азамат»

"Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемелері бірлесіп мемлекеттік органдармен халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы кері байланыс процестерін автоматтандыру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың көрсететін қызметтерін жақсарту жөніндегі құралды ұсыну мақсатында Талдықорған қаласында "Белсенді азамат" пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Пилоттық жобаның объектісі болып денсаулық сақтау мекемелері анықталды. Осы жоба аясында барлық медициналық мекемелерде QR-кодтары ілініп, олардың көмегімен әрбір азамат медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өз ұсыныстарын, шағымдарын немесе ескертулерін жасырын (анонимді) түрде қалдыра алады.

Қызмет бағыты