Decentrathon 5.0 — елдегі ең ірі хакатон жаңа форматта!

Decentrathon 5.0 — елдегі ең ірі хакатон жаңа форматта!

Astana Hub және Blockchain & AI Technology Center (BAITC) ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы басты технологиялық хакатонның жаңа маусымын іске қосады.

Биыл — жаңа формат және жаңа ауқым.

📅 27 наурыз – 5 сәуір
📍 Қазақстанның 20 қаласында
👾 Тректер: AI және Blockchain

Decentrathon 5.0 алғашқы ұлттық Digital Qazaqstan форумына орай өткізіледі. Жоба тарихында алғаш рет салтанатты ашылу рәсімі Шымкент қаласында өтеді — дәл сол жерден 10 күндік қарқынды әзірлеу басталады.

💡 Егер сіз форумға қатысуды жоспарласаңыз, хакатон қатысушысы ретінде билет алу мүмкіндігіңіз бар — толық ақпарат өтінім беру формасында көрсетілген.

Егер сен әзірлеуші, AI-инженер немесе web3 энтузиаст болсаң — бұл сенің мүмкіндігің!

🔗 26 наурызға дейін тіркеліп үлгер: decentrathon.ai