Талдықорғанда тегін Python курсына жазылу басталды!

Жетісу облысы әкімдігінің «Цифрлық технологиялар басқармасы» және IT-hub «Jetisu Digital» қолдауымен Samsung компаниясы Python бойынша тегін офлайн курсты іске қосады!
Кімдерге арналған? 13-25 жас аралығындағы жастарға
Қайда? IT-hub «Jetisu Digital», Қонаев көшесі, 47
Сабақтар қашан өтеді?
1-топ: Сейсенбі және бейсенбі, 15:00 – 17:00
2-топ: Сейсенбі және бейсенбі, 17:00 – 19:00
Курс ұзақтығы: 4 ай
Сізді не күтеді?
Ең танымал және болашағы зор бағдарламалау тілін меңгеру
Аптасына 2 рет 120 минуттық сабақтар
Сертификаттар және үздік студенттерге Samsung-тан бағалы сыйлықтар!
Қалай жазылуға болады?
Тіркеуден өтіңіз
https://samsung-campus.kz/
Кіріспе емтиханды тапсырыңыз (өту балы — 40) және пәнді таңдаңыз!
Өтінімдер 10 ақпанға дейін қабылданады. Қатысып үлгеріңіз! 