«Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызмет

«Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі байланыс, ақпараттандыру саласындағы реттеу, іске асыру функцияларын ұйымдастыру, сондай-ақ мемелекеттік басқаруды автоматтандырудың және автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Міндеттері

Коммуналдық мемлекеттік мекеме кызметінің негізгі мәні Жетісу облысы әкімдігінің ақпараттық  инфрақұрылымын дамыту  болып табылады.  

Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты  мемлекеттік басқаруды автоматтандырудың және автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерінің сапасы мен тиімділігін арттыру, Жетісу облысының аумағында ақпараттық жүйелерді қалыптастыру (енгізу, сүйемелдеу, дамыту) болып табылады.

Функциялар

  • ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай - ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік органдарының функцияларын электрондық форматқа ауыстыру бойынша жұмыстарды үйлестіру және қатысу;
  • қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бағдарламалық қамтылымдарды, бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық жүйелерді енгізу;
  • ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдау;
  • Жетісу саласында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында әлеуетті инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды іздеу және олармен келіссөздер жүргізу;

.

Байланыс телефондары:

Қабылдау бөлмесі/кеңсесі: +7 (7282) 41 55 06

Бухгалтерия: +7 (7282) 41 55 06

Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша: +7 (7282) 41 55 06

Электрондық пошта мекенжайы: kgu_cit@zhetysu.gov.kz