Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда өңір басшысы облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат-міндеттер жөнінде баяндады. Сондай-ақ аудан әкіміне ауыл шаруашылығын, өңдеу өнеркәсібін, инфрақұрылымды, туризмді және басқа да маңызды салаларды дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысының айтуынша, 2026 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының негізгі салаларында өсім қамтамасыз етіліп, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105%-ды құрады. 2026-2028 жылдары облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде жалпы құны 299 млрд. теңгені құрайтын
18 инвестициялық жоба жүзеге асырылады деп жоспарланса, соның екеуі биыл іске қосылған. Оның бірі - Кербұлақ ауданындағы «Агрохолдинг Жетісу» серіктестігі іске 1,4 мың гектар алқаптағы 21 дана жаңбырлатып суғару құрылғысын іске қосты. Сол сияқты ауданда биыл басталып, 2028 жылы аяқталатын суару жүйелерін қайта жаңғырту жобаларының нәтижесінде Қоғалы, Онжас, Аралтөбе ауылдарының 33 шақырым каналдары қалпына келтіріліп, 2,5 мың гектар жер қайта айналымға енгізілетін болады. Облыста заманауи су үнемдеу технологиялары 45,5 мың гектарға енгізілген, оның 9,3 мың гектары Кербұлақ ауданында, яғни үлесі - 20,4%.
Сондай-ақ Бейбіт Исабаев өз сөзінде су, газ, жол инрақұрылымдарын дамыту, әлеуметтік нысандар құрылысы және басқа да маңызды мәселелерге тоқталды.
Бұл ретте өңір басшысы шалғайда жатқан Қоғалы ауылына назар аударылып, бірқатар маңызды жобалар қолға а
лынатынын айтты. Атап айтқанда, Қоғалы ауылында ауыз су жүйесін жаңғырту, ауылдық ауруханасын ағымдағы жөндеу қарастырылады.
Облыс басшысы сөзінің қорытындысында аудан әкіміне пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару, оларды қайта айналымға қосу, «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өңдеу саласын дамыту туралы тапсырмалар берді. Сонымен қатар туризм саласын да назардан тыс қалдырмау керектігін жеткізді. Бұл ретте ауданда орналасқан «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінің жұмысымен шектелмей, жеке инвесторларды тарту арқылы тау және экотуризм бағыттарын жандандырып, аудан экономикасын дамыту мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін айтты.
- Жалпы, облыс құрылған кезде Кербұлақ ауданында басты үш мәселе бар болатын - ауыз су, апатты үйлер және Сарыөзек ауылының айналма жолы. Бұл мәселелерге қатысты түбегейлі шаралар қабылдадық. Соның нәтижесінде ауыз су мәселесі шешілді, айналма жол салынды, апатты үйлерде тұратын азаматтарға жаңадан салынған 60 пәтерлі тұрғын үй берілді, тағы бір осындай үйдің құрылысы аяқталды. Жалпы, Мемлекет басшысының алдымызға қойып отырған басты міндеті - халықтың жұмыс істеуіне жағдай жасау. Соған сай жаңа жұмыс орындарын ашу, жеңілдетілген несиелер беру, «Ауыл аманаты» бағдарламасының, кооперативтер құрудың мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру қажет. Аудан әкімі халықпен ашық тілдесіп, қарапайым, түсінікті тілде диалог құра білуі керек, – деген Б. Исабаев аудан басшылығына тиісті тапсырмалар берді.
Осы күні Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онда көтерілген мәселелер тұрғын үй, газдандыру мәселелеріне қатысты болды. Бұл мәселелердің заң аясындағы шешімі түсіндіріліп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Жұмабай Мұсабеков
Талдықорған қаласының Рақышев және Алдабергенов көшелерінің қиылысында орналасқан коммуналдық базар аумағында әр аптаның сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетіндігін еске саламыз.
Сондай-ақ, Жетісу облысының аудан орталықтарында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.
Жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдерінің өзіңізге қажеттісін таңдап алуыңызға мүмкіндігіңіз бар.
Жетісу облысында екі қант зауытының жалпы өндірістік қуаттылығы 950 мың тоннаға дейін өседі. Соның ішінде Ақсу зауыты 450 мың тоннаға, Көксу зауыты 500 мың тоннаға жеткізбек. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жансүгіров ауылындағы М. Байсақұлы атындағы Мәдениет үйінде өткен аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысының айтуынша, биыл қант қызылшасы мен қант қамысынан 101 мың тоннаға жуық қант өндіру жоспарлануда. Бұл ретте екі қант зауытын жаңғыртуға тартылатын инвестиция көлемі 54 млрд теңгеден асады. Жалпы, 2026-2028 жылдары облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде жалпы құны 299 млрд теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жыл басынан 2,7 млрд теңгеге 2 жоба - «Архарлы Майбүйрек» ЖШС, «Агрохолдинг Жетісу» ЖШС іске қосылды. Сондай-ақ Көксу ауданында қуаттылығы 15 мың тонна құс етін өндіретін «Белес-Агро» құс фермасының құрылысы басталады.
- Ирригациялық жүйелерді жаңғырту бойынша биыл облыста жалпы құны 47 млрд теңге болатын 9 жоба іске асырылуда. Соның нәтижесінде 3,2 мың гектар жаңа суармалы жер айналымға енгізіліп, 34,3 мың гектар алқап толық сумен қамтылды. Облыста бүгінгі күнге су үнемдеу технологиялары 45,5 мың гектарға енгізілген. Ақсу ауданында Ислам Даму банкі арқылы қаражат бөлініп, ауданның суару желілеріне реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін толығымен аяқталып, 11,5 мың гектар аумақта сумен қамтамасыз ету жақсартылады, - деді Б. Исабаев.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қызылағаш суару массивінің құрылыс жұмыстары жүзеге асырылуда, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары 98% орындалды, биыл толығымен аяқталады.
Облыс әкімі өз сөзінде пайдаланылмай жатқан жерделді мемлекет меншігіне қайтару жайына да тоқталды. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына, соның ішінде өнеркәсіп пен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жайлы айтты. Сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда жол салу, сумен және газбен қамту, тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік нысандар салу мәселелері де сөз болды.
Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі:
– Соңғы 2 жылда Ақсу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім бар. Бұл бағыттағы жұмысты белсенді түрде жалғастыру қажет. Аудан басшылығының басты міндеті – халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру, – деп түйіндеді Б. Исабаев.
Айта кетейік, сол күні Бейбіт Исабаев аудан әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттерді Жұмабай Мұсабеков түсірді және бірқатар фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.
Талдықорған қаласының Рақышев және Алдабергенов көшелерінің қиылысында орналасқан коммуналдық базар аумағында әр аптаның сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетіндігін еске саламыз.
Сондай-ақ, Жетісу облысының аудан орталықтарында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.
Жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдерінің өзіңізге қажеттісін таңдап алуыңызға мүмкіндігіңіз бар.
Республика күні қарсаңында Жетісу облысында айына 1 800 тоннаға дейін өсімдік майын өндіруге қауқарлы жаңа кәсіпорын іске қосылды. Жобаға 61 млн теңгеден астам инвестиция тартылған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алакөл ауданының Екпінді ауылында орналасқан «New Silver Central Asia Grain & Oil» ЖШС кәсіпорны құрылтайшыларының айтуынша, өндіріс цехын дәл осы аумақта орналастыру кездейсоқ емес. Ауданның өзі және оған іргелес өңірлер кәсіпорынды сапалы шикізатпен қамтамасыз ете алады. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, жергілікті шаруалардың кәсіпорынға жеткізуге дайын күнбағыс тұқымдарының сапалық көрсеткіштері өте жоғары.
Аудан әкімі Алмас Абдиновтың айтуынша, Алакөл ауданында дәнді және майлы дақылдар 80 мың гектар жерге егілген. Алайда өндірілген өнім осы уақытқа дейін негізінен шикізат күйінде сатылып келген. Сондықтан өңдеу цехының іске қосылуы аудан үшін маңызды оқиға деуге болады. Сонымен қатар жаңа өндірістің ашылуы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға қосымша мүмкіндік беріп, кәсіпкерліктің дамуына жол ашады және елді мекен экономикасының нығаюына ықпал етеді. Атап өтсек, жаңа өндіріс іске қосылғаннан кейін 10 жаңа жұмыс орны қашылды. Бұл – ауылдық жер үшін елеулі көрсеткіш.
Кәсіпорынның ашылуын тұрғындардың өздері де оң бағалады.
– Әрине, біздің ауылда өндіріс орнының ашылуы біз үшін - жақсы жаңалық. Біріншіден, тұрақты жұмыс орындары ашылады. Екіншіден, енді жергілікті шаруалар өздері өсірген күнбағыс өнімін қайда өткіземіз, өңдеуге қайда апарамыз деп алаңдамайды. Оның үстіне, біздің аудан – ауыл шаруашылығына бейімделген өңір, – дейді ауыл тұрғыны Ермек Майқынов.
Осылайша, Жетісу облысының Алакөл ауданында аграрлық сектор жаңа деңгейге көтерілді. Өңір шикізаттық бағыттан біртіндеп өз өнімін өңдеу қуатын қалыптастыруға беттеп келеді. Бұл өз кезегінде ауылдық аумақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуына жаңа серпін береді.
Жалпы, Жетісу облысында өндірілген өнімді өңдеу көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 68%-ға жеткенін атап өтуге болады.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Иллюстрация ЖИ көмегімен жасалды.
Жетісу облысында ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, инфрақұрылымы дамып, ветеринариялық пункттер мен станциялар желісі кеңейіп келеді. Облыс құрылғаннан бері 66 ветеринариялық пункт пен ветеринариялық станция салынды. Ал биыл тағы 16 ветеринариялық пункт пен 4 ветеринариялық станцияның құрылысы жүргізілуде. Осылайша, жыл соңына дейін өңірдегі ветеринариялық пункттерге деген қажеттілік толық өтеледі, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, маңызды бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру. Бүгінде өңірдің дерекқорында 2,8 млн-нан астам мал басы тіркелген. Сонымен қатар қазан айының басындағы жағдай бойынша төлдің 872 мыңнан астамы бірдейлендіріліп, дерекқорға енгізілді. Мал басын нақты есепке алу профилактикалық іс-шараларды жоспарлауға, олардың жүргізілуін бақылауға және аурулардың таралу қаупі туындаған жағдайда жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Ветеринариялық қызметтің тағы бір маңызды бағыты – вакцинациялау. Биыл аса қауіпті жұқпалы аурулардың 14 түрі бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізу жоспарланып, оған 11,8 мыңнан астам доза вакцина қарастырылған. Тоғыз айлық жоспардың орындалуы 90%-ды құрады. Осы жұмыс аясында мамандар вакцинациялау, диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізіп, ветеринариялық анықтамалар береді. Сонымен қатар халық арасында жануарларды вакцинациялау мен бірдейлендірудің, ветеринариялық талаптарды сақтаудың маңыздылығы түсіндіріледі.
Аталған жұмыстардың негізгілері - сала инфрақұрылымын дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайту.
– Өңір басшысының қолдауының арқасында облыс құрылғаннан бері Жетісуда 66 ветеринариялық пункт пен ветеринариялық станция салынды. Биыл тағы 16 ветеринариялық пункт, 4 ветеринариялық станция және 10 мал қорымының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін облыстағы ветеринариялық пункттерге деген қажеттілік толық өтеледі. Сонымен қатар ветеринариялық ұйымдарға 83 бірлік арнайы автокөлік, 217 компьютер, 238 планшет және басқа да қажетті жабдықтар берілді. Жалпы, ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мамандардың еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді, – деді Жетісу облысының ветеринария басқармасының басшысы Нұрлан Жамаубаев.
Инфрақұрылымды дамытудың нақты нәтижесінің бір көрінісі Ескелді ауданында байқалады. Соңғы жылдары Қарабұлақ, Жалғызағаш, Төлеңгіт, Сырымбет ауылдарында жаңа ветеринариялық пункттер салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар аудандық ветеринариялық станцияға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұдан бөлек, Жалғызағаш, Ақын Сара ауылдарында малды топтастыруға арналған қоршау (раскол) орнатылды. Жалпы облыс бойынша малды топтастыру, вакцинациялау және қараусыз малды уақытша ұстау мақсатында 16 қоршаудың құрылысы аяқталды.
Аудандық ветеринариялық станцияның директоры Фарнуш Намысбаевтың айтуынша, ветеринария – ауыл шаруашылығының маңызды бағыттарының бірі.
– Жануарлардың саулығын сақтау, сондай-ақ олардан алынатын шикізат пен өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл бағыттағы жұмыс аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызға ие. Біздің аудандық дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларының 46 мыңға жуық басы тіркелген. Бекітілген жоспарға сәйкес вакцинациялау бойынша профилактикалық іс-шаралар, диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізіліп, жануарлар бірдейлендіріліп, ветеринариялық анықтамалар беріледі, – деді ол.
Жалпы қазіргі таңда Ескелді ауданының барлық ауылдық округі ветеринариялық пункттермен толық қамтамасыз етілген. Мамандарға жаңа автокөліктер беріліп, пункттер жиһазбен және қажетті құрал-жабдықтармен, сондай-ақ вакциналар мен биологиялық препараттарды сақтау және тасымалдауға арналған термоконтейнерлермен жабдықталған.
Бұл туралы мал шаруашылығымен айналысатын Төлеңгіт ауылының тұрғыны Бақыт Түкібаев пікірін білдірді. Ол жаңа ветеринариялық пункттің ашылуы ауыл өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі болғанын айтады.
– Соңғы уақытта ауылымызда бірқатар оң өзгерістер орын алып, жаңа ветеринариялық пункт салынды. Қазір тұрғындарға қызмет көрсетіп жүрген ветеринар дәрігерлердің жұмысына көңіліміз толады. Малдарға қажетті дәрі-дәрмектер уақытылы жеткізіліп, қажетті ветеринариялық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Көктемгі және күзгі кезеңдерде жануарларды түрлі ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары да ұйымдастырылады, – дейді ауыл тұрғыны.
Ол инфрақұрылымның дамуы ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне оң әсерін тигізіп отырғанын тілге тиек етті.
– Ауылымызда жаңа нысандардың салынып, қажетті инфрақұрылым мен қызметтердің жолға қойылып жатқаны қуантады. Өйткені ауылдың дамуы мен абаттандырылуы – барлығымыз үшін де игілік. Бүгінде ауылдағы тіршілік өз ырғағымен жалғасып, мал шаруашылығы да біртіндеп дамып келеді. Әрине, мал басы өссе, шаруашылық дамыса бұл тұрғындардың әл-ауқатына да оң әсер ететіні сөзсіз, – дейді ауыл тұрғыны.
Өңірдегі ветеринариялық қызметті кадрмен қамтуға да ерекше көңіл бөлінген. Облыста мамандықтың мәртебесін арттыруға, тәжірибелі мамандарды сақтап қалуға және жас кадрларды тартуға бағытталған шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Осылайша, облыс басшылығының тікелей қолдауының арқасында Жетісу облысының ветеринариялық қызметі жүйелі түрде дамып келеді. Мал басы бірдейлендіріліп, вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде, мамандардың еңбек жағдайы жақсаруда, заманауи ветеринариялық нысандар салынуда, автокөлік паркі жаңартылып, цифрлық технологиялар енгізілуде. Бұл ретте өңірдегі эпизоотиялық ахуал тұрақты және бақылауда.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Қанат Өмірәлинов
Сарқан ауданы бойынша суармалы жерлер көлемі 33206 га,су жеткізу ұзындығы 784 шақырым болатын каналдар арқылы жүзеге асырылады. Оның ішінде 180 шақырымы шаруааралық каналдар облыстық коммуналдық меншікте болса, 604 шақырымы аудандық коммуналдық меншіктегі ішкі шаруашылық каналдар.Жоғарыда көрсетілген суармалы жерлерге аталған каналдар арқылы суды «Сарқанирригация» су шаруашылық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны жүзеге асырады.
«Срарканирригация» СШ МКК теңгерімінде 2 су торап, 11 магистралдық канал, 8 шаруа аралық каналында 74 гидротехникалық су бөлгштер және 19 су өлшеу құрылымы бар.
2026 жылғы жағдай бойынша Кәсіпорын жалпы суармалы аумағы 24 594 га болатын 743 шаруа қожалықтармен шарт жасасты, су беру көлемі 182.72 млн.м3. құрады.
Ақсу ауданы бойынша: 105 шарт, суармалы жер көлемі 1 166 га, су беру көлемі 10.430 млн.м3. Суармалы жерлерде негізінен көпжылдық шөптер, соя және қант қызылшасы егіледі.
Алакөл ауданы бойынша: 37 шарт, суармалы жер көлемі 623 га, су беру көлемі 3.410 млн.м3. Негізгі егілетін дақылдар соя және көпжылдық шөптер.
Сарқан ауданы бойынша: 601 шар, суармалы жер көлемі 22.990 млн.м3. Негізгі егілетін дақылдар соя, қант қызылшасы, көпжылдық шөптер, дәндік жүгері және бақтар.
2026 жылға бекітілген инвестициялық бағдарлама 2 857 мың.теңге. Атқарылатын іс – шара мекеме балансындағы Мушумбай магистралды каналының бас су бөлгіш гидротехникалық бөгетін, сонымен қатар су өлшеу құрлымдарын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Қазіргі таңға су беру науқаны аяқталып, Мушумбай магистралды каналының бас су бөлгіш гидротехникалық бөгетіне және су өлшеу құрылымдарына құрлыс жұмыстарын бастауға даярлық жасалуда.
Талдықорған қаласының Рақышев және Алдабергенов көшелерінің қиылысында орналасқан коммуналдық базар аумағында әр аптаның сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетіндігін еске саламыз.
Сондай-ақ, Жетісу облысының аудан орталықтарында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.
Жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдерінің өзіңізге қажеттісін таңдап алуыңызға мүмкіндігіңіз бар.
Жетісу облысында Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы аталып өтті. Мерейтой аясында облыстық ғылыми конференция және басқа да тағылымды шаралар ұйымдастырылып, ардагердің өмірі жолы арқылы еңбек құндылығы дәріптелді. Мерейтойлық жиынға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, қаламгерлер, еңбек ардагерлері, Зылиха Тамшыбаеваның жерлестері мен ұрпақтары қатысты. Конференцияда Мемлекет басшысының құттықтау хаты оқылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мерейтойлық шара Көксу ауданындағы Зылиха Тамшыбай ауылында Еңбек Ерінің бюстіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мұнан соң жиналған қауым ауылдық мәдениет үйінің фойесінде «Елге еңбегі сіңген тұлға» тақырыбындағы көрмені тамашалады. Көрмеге Зылиха Жанболатқызының өмірі мен еңбек жолын арқау еткен кітаптар, марапаттары, фотосуреттері, әр жылдарда алған құттықтау жеделхаттары, тұтынған бұйымдары және басқа да өзіне тиесілі заттары қойылды.
«Еңбекпен өрілген гүл ғұмыр» мерейтойлық конференциясында облыс әкімі Бейбіт Исабаев алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хатын оқып берді.
«Баршаңызды Социалистік Еңбек Ері, көрнекті қоғам қайраткері Зылиха Тамшыбаеваның туғанына 90 жыл толуына арналған конференцияның ашылуымен құттықтаймын! Зылиха Жанболатқызы саналы ғұмырын ел иглігі үшін қажырлы қызмет етуге, яғни ауыл шаруашылығын дамытуға арнады. Ол әрдайым еңбекқорлық пен іскерліктің озық үлгісін көрсетті. Зылиха Жанболатқызының ел дәулетін еселеуге қосқан үлесі орасан зор. Ол айналасына үнемі шапағатын тигізіп, жұртының риясыз құрметіне бөленді. Біз халқымыз жаппай қолдаған Конституциямызда алғаш рет еңбекқорлық құндылығына айрықша мән бердік. Бұл асыл қасиетті өскелең ұрпақтың бойына сіңіру үшін кәсібіне адалдық танытып, соңында мол өнеге қалдырған осындай тұлғалардың ғұмырын дәріптеуіміз керек», - делінген құттықтау хатта.
Мұнан соң өңір басшысы Бейбіт Исабаев:
- Елді өркендететін де, мемлекетті нығайтатын да – Зылиха апамыздай абзал азаматтардың маңдай тері мен адал еңбегі. Сондықтан бүгінде қоғамда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидатын орнықтыруда, еңбек құндылығын қалыптастыруда бізге осындай мемлекетшіл, тарихи тұлғалардың өмір жолы мен еңбегі айнымас темірқазық, әрі жарқын үлгі бола алады, - деді Б. Исабаев.
Бұдан соң конференцияға қатысушылар З.Тамшыбаеваның еңбек жолы, аграрлық саладағы жетістіктері, қоғамдық қызметі, ел тарихындағы орны туралы ғылыми баяндамалар оқып, естеліктер айтты.
- Зылиха Жанболатқызы ауыл шаруашылығын, әсіресе егіншілікті, соның ішінде қант қызылшасының өндірісін сол кездегі алдыңғы қатарлы технологияға сай дамыта отырып, өнімді әр гектарынан тұрақты түрде 600-700 центнерге жеткізді. Бұл өткен ғасырдың 80-ші жылдарындағы Жетісу рекордының символына айналды. Агротехнология дамыған, жасанды интеллект өмірімізге дендей енген бүгінгі күннің өзінде мұндай көрсеткішке жетіп отырған шаруашылықтар көп емес. Зылиха Тамшыбаева мұндай үлкен көрсеткішке қажырлы еңбектің, істі білікті ұйымдастырудың арқасында қол жеткізді, - деді ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ақылбек Күрішбаев.
З. Тамшыбаевамен бірге қызмет еткен азаматтың бірі ардагер Наурыз Қылышбаев та Еңбек Ерінің ерекше болмысына тоқталды:
- Кезінде мемлекет қайраткері, көрнекті тұлға Д. Қонаев Жетісу өңіріне келген сапарларының бірінде «Нұрмолда Алдабергенов, Ыбырай Жақаев, Жазылбек Қуанышбаев және Зылиха Тамшыбаева - осы кісілерді халқымыздың төрт бәйтерегіндей көремін. Қазақ деген халықтың ақсақалдары қандай болған десе осы төртеуін алдымен атар едім. Олар - еңбек деген ұлы мектептің төрт арысы», - деген болатын. Тамшыбаеваның тәлімін алып, шыңдалып шыққан Темірхан Нүсіпов, Жанайдар Егінбаев және басқа да іскер азаматтар облыстың ірі шаруашылықтарының жұмысын білікті жүргізді. Зылиха Жанболатқызының еңбек дәстүрі бізге мәңгілік үлгі, - деді Н.Қылышбаев.
Атап өтсек, осы күні мерейтой аясында волейбол, футбол және қазақ күресінен жарыстар өткізіліп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
Еске салсақ, Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаева Талдықорған облысы, Гвардия - қазіргі Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылында дүниеге келген. Қырық жылдай Көксу ауданындағы «Еңбекші» кеңшарын басқарып, оны алдыңғы қатарлы озық шаруашылыққа айналдырды. Оған 1981 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сондай-ақ екі мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталып, «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері» құрметті атағына ие болды. Республика Жоғарғы Кеңесінің төрт мәрте депутаты болып сайланды.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Дмитрий Ерофеев.
Жетісу облысында дәндік жүгері жинау науқаны жалғасуда. Бүгінгі күні 62,7 мың гектар алқаптың 13,8 мың гектары жиналып, 104 мың тонна жүгері бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 75,2 центнерді құрап отыр. Өнімділіктің артуына агротехнологияларды тиімді қолдану және суару ісіне озық технологияларды енгізу оң әсерін тигізуде, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Дала аруы» Панфилов ауданындағы негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі саналады. Ауданда жүгері өсірумен үш мыңға жуық шаруа қожалығы айналысады. Биылғы жылы жүгері алқаптарының жалпы көлемі 25 мың гектарға жетті. Қазіргі кезеңде өнім жинау жұмыстарына 40 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған, оның 36-сы – заманауи комбайндар.
Мұндай комбайндар бір жүріп өткеннің өзінде бірнеше операцияны қатар атқарады: собықты сабақтан ажыратып, дәнін бөліп алады, оны бункерге жинайды. Бұл егін жинау қарқынын арттырып, өнім шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Ылғал үнемдеу технологияларын қолданудың арқасында дақылдардың өнімділігі артты. Мәселен, Үлкеншыған ауылдық округіндегі «Айгерім» шаруа қожалығында биыл жүгері 250 гектар алқапқа егілген. Оның 150 гектарында тамшылатып суару технологиясы қолданылады.
«Жалпы алқаптың 100 гектары жиналып болды. Арықпен суарылатын алқаптарда өнімділік гектарына 9-10 тоннадан айналса, тамшылатып суару технологиясы қолданылатын жерлерде бұл көрсеткіш 18 тоннаға дейін жетіп отыр», – дейді шаруа қожалығының басшысы Ұлан Сәрпеков.
Жүгері өсірумен табысты айналысып келе жатқан шаруашылықтардың бірі – Тудахун Заитовтың қожалығы. Ол егін шаруашылығымен 20 жылға жуық уақыттан бері айналысып келеді. Биыл жүгері егуге 4 гектар жер бөлінген. Мұнда тұрақты түрде 10-ға жуық адам еңбек етеді.
«Биыл өнім жақсы болды, собықтары ірі. Ендігі басты міндетіміз – өнімді уақытылы жинап алу. Ауа райы әзірге жұмысқа қолайлы болып тұр, сондықтан бір күнді босқа жібермеуге тырысамыз. Өз алқабымыздағы жұмысты шамамен төрт-бес күнде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Одан кейін қалған өнімді бастыруға жібереміз. Жүгерінің басым бөлігін зауытқа өткіземіз. Бұл біз үшін тиімді, өйткені жиналған өнім бірден әрі қарай өңдеуге жіберіледі», – дейді диқан.
Жүгеріні жинау аяқталғаннан кейін атқарылатын жұмыс та аз емес. Жиналған дән мұнан кейінгі маңызды кезең – кептіру процесінен өтеді. Бұл дәннің ылғалдылығын қажетті деңгейге жеткізіп, оны сапалы сақтауға және әрі қарай өңдеуге дайындау үшін қажет. Әдетте кептіру жұмыстары төрт-бес күнге созылады. Осы кезеңнен кейін дайындалған дән сақтау қоймаларына немесе одан әрі өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға жөнелтіледі.
Мәселен, «Оразбай Берік» шаруа қожалығында арнайы кептіру кешені тәулігіне 250-300 тонна жүгеріні кептіруге мүмкіндік береді.
«Өткен жылы 400 гектар жерге жүгері егіп, 2700 тонна өнім алдық. Шаруашылығымызда орнатылған дән кептіргіштер автоматтандырылған. Олардың жұмысын тәулік бойы 6 адам бақылап отырады. Кептірілген жүгеріні өз қоймаларымызға жөнелтеміз, бір бөлігін сатамыз, сондай-ақ мал бордақылауға пайдаланамыз», – дейді шаруа қожалығы қоймасының меңгерушісі Серік Сауранбаев.
Атамекен ауылында орналасқан жүгеріні сұрыптау, сақтау және кептіру алаңы да өнім қабылдау жұмыстарына кіріскен. Мұнда 50 маман еңбек етеді. Кешен бір мезгілде 3 мың тоннаға дейін жүгері қабылдауға қауқарлы. Өнімді қабылдап, тазалап, кептіру қажетті техникамен толық жабдықталған.
Жалпы, биыл Жетісу облысының шаруалары дәнді дақылдардың жалпы түсімін 935 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл 2025 жылғы 663,0 мың тоннамен салыстырғанда 41%-ға жоғары. Қазіргі таңда бидай мен арпаны жинау жұмыстары толық аяқталды. Шаруашылықтар дәндік жүгері, майлы дақылдар мен қант қызылшасын жинауды жалғастыруда.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Дмитрий Ерофеев