«Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты кәсіби суретшілердің республикалық шығармашылық байқауы

«Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты кәсіби суретшілердің республикалық шығармашылық байқауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау және қоғамдағы патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында еліміздің аумағында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты кәсіби суретшілердің республикалық шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізуді жоспарлап отыр.

Конкурс 2024 жылғы 9 желтоқсан және 2025 жылғы 28 ақпан аралығында өткізіледі.