Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры 48 маусымын Қ.Тілеуханның «Медаль» қойылымының премьерасымен жаппақшы!

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры 48 маусымын жаңа премьералық қойылымымен жабады. Қанат Тілеуханның «Медаль» әңгімесінің желісімен сахналанған қойылымда өмірімізде көп кездесетін бірақ елең қыла қоймайтын жағдайларды қозғайды. Атап айтсақ, шегі жоқ құнсызданған марапат, уақытында бағаланбаған еңбек, тұлғалар өмірінің шынайы бейнесі...
Аталмыш қойылым soundrama жанрында Талдықорған театрында тұңғыш рет режиссер Фархат Молдағалидің сахналануымен жарық көреді. Автор мен режиссердің ойы бір арнаға тоғысып, кең көлемді шығарма ерекше қолтаңбада 29, 30 маусым күндері көрермен назарына ұсынылмақ.
Ендеше, жаңа қойылымды көруге асығыңыздар!
Автор – Қанат Тілеухан
Режиссер – Фархат Молдағали
Пластика – Шырын Мустафина
Композитор – Серікжан Айтқали
Суретші – Алма Сырбаева
Өтетін күні: 29, 30 маусым, 2024 жыл.
Басталуы: 19.00
Мекен-жайымыз: Талдықорған қаласы, Көктем ш/а, 24.
Байланыс телефоны: +7 777 394 88 15
e-mail: biken2006@mail.ru
Барша БАҚ өкілдерін шақырамыз!