Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кәсіби әншілер мен музыканттарды «ЕЛГЕ АРНАУ» республикалық байқауына қатысуға шақырады

Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы сіздерді Қазақстан Республикасының композиторлар одағының мүшесі профессор, дирижер Әли Алпысбаевтың шығармашылығына арналған «ЕЛГЕ АРНАУ» Республикалық байқауға қатысуға шақырады.
Қазақстан композиторлар одағының 85 жылдығына арналған композитор, дирижер Әли Алпысбаевтың шығармашылығынан І-ші Халықаралық «ЕЛГЕ АРНАУ» байқауының
Е Р Е Ж Е С І
1.Ұйымдастырушы: Жетісу облысының әкімдігі
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және
құжаттама басқармасы.
Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығы
- Өтетін орны және уақыты:
Байқау 2024 жылдың 25-26 сәуір күндері Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтеді.
Ұйымдастыру алқасының мекен-жайы: Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығы. Талдықорған қаласы, Ғ.Орманов көшесі, 61 үй. Байланыс телефондары: 8(7282) 24-41-61; 32-45-28.
Электрондық пошта: 7su.ocnt@mail.ru
Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 67 үй.
Байланыс телефондары: 8-7282-24-77-87, 24-57-42, 32-45-28;
Электрондық пошта: aodk2002@mail.ru
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері
3.1.Композитор Әли Алпысбаевтың шығармашылығын насихаттау. Репертуарындағы маңызды, күрделі шығармаларын орындау;
3.2.Ән жанрындағы жаңа орындаушылар мен жеке аспаптағы орындаушылармен таныстыру, шығармашылық байланыс орнату және орындаушылар арасында тәжірибе алмасу;
3.3.Әнші-вокалистердің және жеке аспапта орындаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін нығайту және дамыту, қолдауға жағдай жасау;
3.4. Орындаушылардың кәсіби деңгейін және шеберлігін арттыру.
- Байқаудың жалпы сипаты мен талаптары:
4.1. Конкурс екі номинация бойынша өтеді. Әр номинацияда композитордың репертуарынан 2 шығарма орындалады.
Бірінші номинация – «Жеке аспаптарға арналған шығарма» бойынша Әли Алпысбаевтың 2 шығармасын халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындау.
Екінші номинация–«Халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен», «Эстрадалық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен» немесе фонограмма (-) сүйемелдеуімен (классикалық, эстрадалық) ән салу бойынша Әли Алпысбаевтың 2 шығармасын орындау.
4.2. Байқаудың барлық кезеңі жұрт алдында өтеді;
4.3. Барлық шығармалар жатқа айтылады;
4.4. Арнайы сыйлық тағайындағысы келетін кез-келген ұйым ұйымдастыру
алқасымен келісе отырып сыйлық тапсыруға құқылы;
4.5. Барлық жеңімпаздар қорытынды концертке қатысуға міндетті;
4.6. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын іске асыру үшін
ұйымдастыру алқасы құрылады. Ол байқаудың қазылар алқасын құру
құқығына ие болады;
- Ұйымдастыру комитеті орындаушыларға қосымша төлемақысыз
орындаушылардың әндерін және қорытынды концертті таспаға жазуға,
жариялауға және таратуға құқылы болады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
5.1. Байқауға қатысушы үміткерлердің жасы 35-ке дейін болу қажет.
5.2. Байқауға қатысушылар композитордың барлық шығармаларын
пайдалану үшін белгілі қалалық және республикалық
кітапханалардан ән жинақтарын немесе электрондық почта(aodk2002@mail.ru) арқылы қолдана алады.
5.3. Әр үміткер композитордың екі шығармасын орындауы шарт.
- Қазылар алқасы
6.1. Қазылар алқасы музыка саласындағы белгілі, танымал өнер адамдарынан
құрылады;
6.2. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды;
6.3. Қазылар алқасы сыйлықтарды (бас жүлдеден өзгесін) екі адамға бөліп
беруге құқылы.
- Байқауға қатысуға тапсырыс беру талаптары
7.1. Берілген үлгідегі тапсырысты басқа да қажетті құжаттармен бірге
тапсыру;
7.2. Қатысушылардың жеке басын куәландыратын төлқұжатын немесе басқа
да құжаттың көшірмесі;
7.3. Білім деңгейін көрсете отырып қысқаша өмірбаян, бұрын қатысқан
байқаулар тізімін, электронды нұсқадағы фотосурет тапсыру;
7.4. Өтініштер aodk2002@mail.ru электрондық поштасына 2024 жылдың 10 сәуіріне дейін (қоса алғанда) қабылданады.
- Конкурсқа қатысушылардың өнерін көрсету тәртібі
- Қатысушылардың сахнадағы өнерін көрсету кезегі жеребе тарту арқылы анықталады және сол кезек байқау аяғына дейін сақталады.
- Байқаудың бағдарламасы үш кезеңнен тұрады
1 – кезең: 13 сәуір күні іріктеу кезеңі онлайн түрде Әли Алпысбаевтың 2 шығармасын фортепианоның сүйемелдеумен немесе фонограмма (-) сүйемелдеуімен бейнежазбаға түсіріліп, Youtube платформасына толық жүктеліп, ссылкасы жіберілуі қажет. Бейнежазбаның сипаттамасында мынадай мәліметтерді көрсетіңіз:
1) Байқауға қатысушының аты-жөні;
2) Шығарманың аты.
2 – кезең: 25 сәуір күні әншілер және жеке аспапта ойнайтын қатысушылар концертмейстердің сүйемелдеуімен тыңдалады.
3 – кезең: 26 сәуір күні әншілер және жеке аспапта ойнайтындар оркестрмен немесе фанаграмма (-) сүйемелдеуімен тыңдалады.
26 сәуір сағат 18:00-де конкурс Лауреаттары қорытынды «Гала концертке» қатысады
- Марапаттау
10.1. Бас жүлде, орын алған байқау лауреаты мен дипломант атағын алған жеңімпазға бағалы сыйлық тапсырылады.
10.2 Оқу орындарынан қатысушы үміткерлердің алған жүлдесіні 30% (пайызы) оқытушыға тиесілі.
10.2. Жеңімпаздар және үздік орындаушылар Гала-концертке қатысады.
- Қаржыландыру
Байқауды өткізу және қаржыландыру бекітілген шығыс сметасына сәйкес
жүргізіледі. Әр номинацияның жүлде қоры жеке құралады.
Ескерту: Ұсыныс ретінде композитордың шығармаларын электронды почта (aodk2002@mail.ru), телефон арқылы (8-7282-24-77-83) және топтастырылған жинақ кітаптардан алуға болады.
- Ә.Алпысбаев «Жетісу жер жанаты ән қанаты» ( шығармалар және әндер жинағы)
- Ә.Алпысбаев «Ақ құсым» (әндер жинағы)
- Ә.Алпысбаев «Ауылдағы той» (әндер жинағы)
- Ә.Алпысбаев «Ән қанатында» (әндер жинағы)
- Ә.Алпысбаев «Сағым» (әндер жинағы)
Қатысушылардың жол шығындарын жіберуші жақ, жататын орны мен тамағын ұйымдастырушы жақ көтереді.
Ұйымдастыру алқасы
Профессор, композитор, дирижер Әли Алпысбаевтың шығармашылығына арналған «ЕЛГЕ АРНАУ» атты
І-ші Халықаралық байқауының
Ө Т І Н І М П А Р А Ғ Ы
Аты - жөні (толық)_________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
- Білім алған оқу орынның толық аты________________________________________
_______________________________________________________________________
- Қатысушының жұмыс орны _______________________________________________
_______________________________________________________________________
- Тұратын мекен жайы, байланыс телефоны______________________________________________________________
_______________________________________________________________________
- Орындалатын шығармалардың атауы және авторлары _______________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________
- Үміткердің қысқаша шығармашылық өмірбаяны, жетістіктері
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
- YouTube сайтындағы бейнеге сілтеме
(Қатысушының қолы)