Байқау!

Байқау!

Жазушы Саин Мұратбековтке ғимарат ішінде орнатылатын бюст жасау жөнінде ашық шығармашылық конкурс жарияланады.

  • Конкурсқа кәсіби мүсіншілер, сәулетшілер, дизайнерлер және шығармашылық ұжымдар қатыса алады.
  • Мақсаты – ұлы өнер иесінің тұлғасын, шығармашылық болмысын ұлттық нақышта көркем бейнелеу.
  • Жобалар арнайы комиссия арқылы қаралып, үздік жоба бюстті жүзеге асыру үшін негіз ретінде таңдалады.

Конкурсқа ұсынылатын материалдар:

  • Бюстің эскизі және макеті;
  • Жобаның қысқаша тұжырымдамасы (идеясы, көркемдік шешімі, қолданылатын материалдар);
  • Автор (авторлар) туралы мәлімет.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10 қаңтар – 10 ақпан 2026 ж.
Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы
Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 67 (І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы, 215 каб.)
Тел.: 8 (7282) 24-45-33 | Email: zhetsu.madenimura@mail.kz