Хабарландыру!

Қазақстанның халық артисі Дәнеш Рақышевқа ғимарат ішінде орнатылатын бюст жасау бойынша ашық шығармашылық конкурс жарияланады!
- Конкурсқа кәсіби мүсіншілер, сәулетшілер, дизайнерлер және шығармашылық ұжымдар қатыса алады.
- Мақсаты – ұлы өнер иесінің тұлғасын, шығармашылық болмысын ұлттық нақышта көркем бейнелеу.
- Жобалар арнайы комиссия арқылы қаралып, үздік жоба бюстті жүзеге асыру үшін негіз ретінде таңдалады.
Конкурсқа ұсынылатын материалдар:
- Бюстің эскизі және макеті;
- Жобаның қысқаша тұжырымдамасы (идеясы, көркемдік шешімі, қолданылатын материалдар);
- Автор (авторлар) туралы мәлімет.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10 қаңтар – 10 ақпан 2026 ж.
Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы
Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 67 (І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы, 215 каб.)
Тел.: 8 (7282) 24-45-33 | Email: zhetsu.madenimura@mail.kz
Қызмет бағыты