Жетісу облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқарма басшысының баспасөз конференциясы өтеді

Жетісу облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқарма басшысының баспасөз конференциясы өтеді

Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлының «Еңбекпен ер атанғандар» тақырыбына

БРИФИНГ

 Жобаның атауы: «Еңбекпен ер атанғандар» көш  керуені.

Жұмысшы мамандықтары адамзат өркениетінің дамуында үлкен рөл атқарады. Ежелден бастап адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қол еңбегін қолданған. Әр дәуірдің жұмысшыларының еңбегі қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосып, әр түрлі салаларда өркениетке жол ашып келеді. Жұмысшы мамандықтары XVII ғасырдан бастап өндірістік революцияның әсерінен мануфактуралардан зауыт-фабрика жүйесіне көшіп, қолөнершілерден маманданған жұмысшыларға айналды. XIX ғасырда өнеркәсіптік революция еңбек бөлінісін күшейтсе, XX ғасырда ғылыми-техникалық прогресс жаңа салалардың пайда болуына ықпал етті. XXI ғасырда автоматтандыру мен цифрлық технологиялар дәстүрлі мамандықтарды трансформациялап, жоғары технологиялық дағдыларды талап ететін жаңа мамандықтарды енгізді. Қорыта келгенде, қай кезең болмасын жұмысшы мамандықтары қоғамның тұрақты дамуының маңызды бөлігі болып қала береді.

Ертеректе еңбек ұжымдарының белсенділігін арттыру үшін үкімет тарапынан сабан тойлар мен жәрмеңкелер ұйымдастырып, ән шырқалып, ұлттық ойындармен жалғасын тауып отырған. Бұл жұмысшылардың еңбегін құрметтеу мақсатындағы жыл сайын өтіп отыратын дәстүрге айналған. Мұндай іс-шаралар ұжымдық рухты нығайтып, еңбек мәдениетін насихаттау алаңына айналдырған. Жәрмеңкелерде жұмысшылардың қол жеткізген жетістіктері көрсетіліп, үздік мамандар марапатталып отырған. Бүгінгі ұсынылып отырған жоба да жаңашылдық енгізу емес, көне дәстүрді қайта жаңғырту болып табылады. 

Бұл бағытта мәдениет саласы да жұмысшыларды қолдау мен ынталандыруда  өз үлесін қосуды қолға алып отыр. Облыстық театр және филармония әртістері жұмысшылар алдында қойылымдар қойып, концерттер беріп, еңбегімен ер атанған тұлғалардың өмір жолы туралы насихаттайтын музей, галерея, кітапхана көрмелері таныстырылып, олардың демалысын қызықты әрі мазмұнды етуге атсалысу жоспарланып отыр. Бұл шаралар жұмысшылардың рухани дамуын қамтамасыз етіп, олардың еңбекке деген ынтасын арттыратыны анық.

Жобаның мақсаты:

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек деп мәлімдеді. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі", - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Осыған орай, облыстағы мәдениет саласының қызметкерлері еңбек адамдарының жетістіктерін дәріптеу, қоғамдағы рөлін көтеру, жастарды кәсіби бағыттауға шақыру мақсатында олардың еңбегі мен өмірлік жолын әдеби және өнер туындылары арқылы насихаттау, театрландырылған қойылымдар, деректі фильмдер, ән кештері арқылы қолдау көрсетіп ынталандыру және шабыт беруді көздеп отыр.   

Міндеттері:

  1. Қоғамның дамуы мен тұрақтылығында жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету. 
  2. Еңбек адамдарының жетістіктерін көрсету арқылы жастарға үлгі ету, мамандыққа баулу. Оларды еңбекке, адалдыққа және жауапкершілікке тәрбилеу.
  3. Еңбек адамының тұлғалық қасиеттерін және қоғамға қосқан үлесін дәріптеу.
  4. Аймақтың еңбек дәстүрлерін жаңғырту және сақтау. Жұмысшы мамандықтарының тарихы мен заманауи мүмкіндіктерін таныстыру.
  5. Мәдениет мекемелері мен еңбек ұжымдары арасында байланысты нығайту, серіктестік орнату.
  6. Жергілікті өндірістер мен кәсіпорындарды таныстыру.

Іс-шара форматы

  1. Керуен құрамы:
  • Облыстық және аудандық мәдениет мекемелері (театрлар, музейлер, кітапханалар, филармония мен халық шығармашылық ұжымдары).
  • Жергілікті кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарының өкілдері.
  • Белгілі еңбек адамдары (ардагерлер, үздік мамандар, өндіріс жаңашылдары).
  • Жастар ұйымдары.
  1. 2. Керуен бағыттары:
  • Жетісу облысының барлық аудандарын қамту (әр ауданда 1-2 күн).
  • Әр ауданның еңбек адамдары мен өндірістік кәсіпорындарын назарға алу.
  1. Негізгі іс-шаралар:
  • Жетісу облысы музейлері ұйымдастыратын «Еңбек даңқы», «Еңбекпен өрілген өмір», «Қолөнерден –өнеркәсіпке», т.б. тақырыптарда көрмелер;
  • Еңбек адамдары туралы және облыс әкімінің қолдауымен шығарылған жергілікті ақын-жазушы кітап көрмелері;
  • Д.Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының жұмысшы мамандықтарына арналған «Еңбек әні мәңгілік», «Еңбек адамдары жыры», т.с.с. тақырыптардағы концерттері;
  • “Адал еңбек – асыл мұрат”, «Беу қыздар-ай», т.б. тақырыптарда Б.Римова атындағы театр қойылымдары,
  • «Шебердің қолы алтын», «Өз қолыңмен жаса» ағаш, металл, саз, тоқу сияқты дәстүрлі және заманауи бағыттағы жергілікті шеберлерді қатыстыра отырып, жастарға шеберлік сабақтарын көрсету арқылы өнерлерін үйрету.
  1. Жүзеге асыру кезеңі:
  • Әр ауданға арнайы жоспар бойынша іс-шараларды өткізу.
  • Әлеуметтік желілерде және жергілікті БАҚ-та кеңінен ақпарат тарату.
  1. Қорытындылау:
  • Еңбек адамына арналған арнайы журнал немесе альбом шығару.
  • Жобаның қорытынды конференциясын ұйымдастыру. Керуен қатысушылары мен еңбек озаттарына алғыс білдіру.

Күтілетін нәтиже:

  • Жұмысшы мамандықтарының беделі артып, жұмысқа деген ынталары көтеріледі, сонымен қатар жастардың қызығушылығы оянады.
  • Еңбек адамдарының еңбегі лайықты бағаланып, дәріптеледі.
  • Облыс деңгейінде жұмысшы мамандықтары мен мәдениет арасындағы серіктестік нығаяды.
  • Жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызы туралы халықтың көзқарасы өзгереді.

Бюджет пен қаржыландыру:

  • Жобаны іске асыру үшін облыстық және аудандық бюджеттерден қаржы бөлу.
  • Жергілікті демеушілер мен кәсіпорындардан қолдау тарту.
  • Мемлекеттік және жеке мекемелермен ынтымақтастық орнату.

Ұйымдастырушылар:

Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және оған қарасты мәдениет мекемелері, аудандық әкімдіктер, білім беру және өнеркәсіп мекемелері.

Өту мерзімі:

24 қаңтар күні Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасының ұйымдастыруымен М. Тынышбайұлы атындағы Жетісу облысының тарихи-өлкетану музейінде «Еңбекпен ер атанғандар» көрменің ашылу салтанатынан бастау алады.

Музейдің экспозициясында Социалистік еңбек ерлерінің (Н.Алдабергенов, З.Тамшыбаева) жеке заттары, XX ғасырда ауыл шаруашылығында қолданылған еңбек құралдары, «Ажар» тігін фабрикасы мен «Жетісу» аяқ киім фабрикасының тауарларымен безендірілген көрме бойынша экскурсия жүргізіледі.

Шара аясында «Еңбекпен ер атанғандар» көш керуені Ескелді аудандық мәдениет үйіне жолға аттанады.