
Еңбекші ауылдық округі дәрігерлік амбулаториясының негізгі міндеттері:
1. Өзіне қарасты ауданның халқына білікті мамандандырылған көмекті емханада және үйде көрсету;
2. Өзіне қарасты ауданның халқына және тіркелген қызметкерлерге ауру-сырқауды, мүгедектікті және өлім-жітімнің алдын алу іс-шараларын кешенді түрде ұйымдастыру және өткізу;
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтарға медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
4. Халықты диспансерлеуді (сау және сырқат) ұйымдастырау және жүзеге асыру,
5. Халыққа санитарлық-гигиеналық тәрбие жұмысын жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану, белсенділікті арттыру және жағымсыз әдетпен күресуді жүзеге асыру (темекі тарту, ішімдік ішу және т.с.с.)
6. Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру;