Мемлекеттік қызметтер бойынша 1 тоқсанға есеп
Екпінді ауылдық округі әкімдігімен «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама (2025 жылдың І тоқсаны)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, есепті кезеңде Екпінді ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмеді.
Оның ішінде:
- Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру -1
- Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату –
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру –
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу –
Сонымен қатар, есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша 4 іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралға жалпы 58 адам қатысты.
Оған қоса, ауылдық округте электрондық қызметтерді дамыту мақсатында, округ бойынша 5 мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған, қазіргі таңда толық жұмыс жасауда.
Есепті кезеңде аталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 66 қызмет электронды түрде көрсетілді.
1