8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Егінсу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-ші наурыз күні " Ана- өмір шуағы" атты мектепшілік іс-шара өтті. Іс-шара барысында ауыл әкімі Диханбаев Серік Жекебатырұлы мен мектеп директоры Базаров Талап Темірбекұлы сөз сөйлеп, барша аналар мен ұстаздарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Олар аналардың қоғамдағы және отбасыдағы ерекше рөлін атап өтіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар барлық аналарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақыт пен береке тіледі.  Іс-шара мақсаты: Оқушыларға анаға деген шексіз сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ұялату, ананың отбасы мен қоғамдағы қадірлі орнын түсіндіру. Ана мейірімі мен ана махаббатының адам өміріндегі ең қастерлі құндылық екенін ұғындыру арқылы оқушылардың бойында адамгершілік, ізгілік, қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушыларды ата-ананы сыйлауға, ана еңбегін бағалауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Отбасындағы татулық пен бірліктің, ананың тәрбиесі мен ақыл-кеңесінің маңызын түсіндіру арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, өлең оқып, көріністер қою арқылы аналарға деген алғыстары мен жүрекжарды тілектерін білдіреді. Бұл мерекелік кеш аналарды құрметтеуге, олардың еңбегін бағалауға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуға бағытталады. Мерекелік шараның басты мақсаты – ананың мейірімі мен махаббатын дәріптеу, аналарды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру және өскелең ұрпақтың жүрегіне анаға деген шексіз алғыс пен ризашылық сезімін ұялату.
Жарияланған күні

12 наурыз 2026

Жаңарту күні

12 наурыз 2026

Қызмет бағыты