Конкурс қорытындысы бойынша Павлодар облысы білім беру басқармасының Железин ауданы білім беру бөлімінің «Алакөл жалпы білім беру орта мектебі» КММ басшысы лауазымына Алия Бахытжановна Шкода тағайындалды.
Алия Бахытжановнаға жауапты қызметте сәттілік, басқарушылық қызметіне табыс, алға қойған мақсаттарының орындалуын және жаңа белестерді бағындыруын тілейміз! Білім ордасының мерейі үстем болып, мектеп ұжымы ортақ мақсат жолында жұмыла еңбек етіп, шәкірттері биік жетістіктерімен қуанта берсін. Еңбегіңізге береке, бастамаларыңызға сәттілік, абыройыңызға асқақ биіктер тілейміз!
Павлодар облысы, Железин ауданы, Железин ауылының «Балапан» бөбекжай-бақшасы «Ғажайып театр әлемі» атты республикалық байқауға қатысып, аудандық кезеңде І орынға, ал облыстық кезеңде ІІ орынға ие болды!
Бұл — шығармашылық ізденістің, кәсіби шеберліктің және тынымсыз еңбектің жемісі!
«Балапан» бөбекжай-бақшасының ұжымын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыстарға жетіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Еңбектеріңіз жемісті, жетістіктеріңіз толағай болсын!
«Ел тарихы – ту тарихы» облыстық сайысында Железин ауданының командасы – БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ!
Тарихын таныған ұрпақ – ел болашағының берік тірегі!
Облыстық деңгейде ұйымдастырылған «Ел тарихы – ту тарихы» зияткерлік сайысында Железин ауданының намысын қорғаған «Тиграхауда» оқушылар командасы жоғары нәтиже көрсетіп, Бас жүлдені иеленді!
Бұл жеңіс – оқушылардың терең білімі мен ізденісінің, табандылығы мен бірлігінің, туған елінің тарихына деген құрметінің айқын көрінісі.
Жас ұрпақтың бойында ұлттық рухты қалыптастырып, тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған осындай сайыстардың маңызы зор. Білімді де намысты жастарымыздың аудан мерейін үстем етіп, биік белесті бағындыруы – баршамыз үшін үлкен қуаныш!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!
«Тиграхауда» командасын, жетекшілерін және шәкірттерінің жетістігіне үлес қосқан ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да алар асуларыңыз биік, жеңістеріңіз жарқын болсын!
Железин ауданының мерейі үстем болсын!
Республика күніне орай ұйымдастырылған облыстық ұлттық ойындар фестивалінде Железин ауданының оқушылары жүлделі III орынға ие болды!
Бұл – оқушыларымыздың табандылығының, ұлттық құндылықтарға деген құрметінің және ұстаздар еңбегінің жемісі.
Железин ауданының намысын қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымызды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңістеріңіз көбейе берсін! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
Железин ауданы – жеңіс жолында!
5 қазан – Республика күніне орай Железин ауданында оқушылар арасында «Елім менің» аудандық поэтикалық байқауы ұйымдастырылды. Шығармашылық сайыс жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, ұлттық рухты нығайтуға және көркемсөз оқу шеберлігін дамытуға бағытталды.
Байқауға қатысқан оқушылар Отанға, туған жерге және ел тарихына арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып, өздерінің өнері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Қатысушылардың өнерін бағалаған қазылар алқасы үздік орындаушыларды анықтап, жүлделі орындар мен арнайы номинациялар бойынша марапаттады.
Байқаудың Бас жүлдесін Озерный негізгі жалпы білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Сабырбек Даяна иеленді.
І орынға Башмашын жалпы орта білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы Есенгелді Ақселеу мен Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Ермахан Нұрбол лайық деп танылды. Сонымен қатар байқауда ерекше көзге түскен оқушылар ІІ, ІІІ орындарға және арнайы номинацияларға ие болды.
«Елім менің» поэтикалық байқауы жас таланттардың шығармашылық әлеуетін шыңдап қана қоймай, олардың туған елге деген сүйіспеншілігін өлең арқылы жеткізуіне мүмкіндік берді. Осындай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, елжандылық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жас дарындардың өнеріне қолдау көрсетіп жүрген ұстаздар мен жетекшілерге алғыс білдіреміз!
Елін сүйген ұрпақтың рухы биік, болашағы жарқын!
Конкурс қорытындысы бойынша Павлодар облысы білім беру басқармасының Железин ауданы білім беру бөлімінің «М.Дулатұлы атындағы №3 жалпы білім беру орта мектебі» КММ басшысы лауазымына Умирбек Баймуратович Тастанбеков тағайындалды.
Умирбек Баймуратовичке жаңа қызметінде толағай табыс, кәсіби жетістіктер, ал мектеп ұжымына бірлік пен ынтымақ, білім беру саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында жемісті еңбек тілейміз!
Республика күні қарсаңында Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың қатысуымен дарынды әрі белсенді жастарға арналған «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысын табыстау салтанаты өтті. Осы байқаудан өткен оқушыларға 216 250 теңге көлемінде ақшалай сыйақы мен арнайы төсбелгі табысталды. Біздің ауданымыздан осы сыйлықақысына ие болған оқушымыз Аққайың селосының НЖББМ - нің 9 сынып оқушысы Сарсенбаев Ильяс. Жеңімпазымызды құттықтаймыз!
Менің шағын Отаным» атты жас тарихшылардың IX республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңі І дәрежелі дипломымен «Бір жәдігер — бір тарих» номинациясында —Міржақып Дулатұлы атындағы №3 мектебінің 9 сынып оқушысы Мұхаметқали Меруерт марапатталды. ІІ Дәрежелі дипломмен «Өлкемнің цифрлық шежіресі» номинациясында - №1 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Ибраев Олжас марапатталды. Облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!
2026 жылғы 12 қазанда Павлодар қаласында орналасқан 5512 әскери бөлімінде өткен ашық есік күніне Железин ауданының 9–11 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, әскери қызметтің ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар қару-жарақ үлгілері мен әскери техникаларды көріп, олардың қолданылу ерекшеліктерімен танысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру, әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту және Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуге ықпал етеді.
Білім алушылардың тамақтануының сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында «Кузьмино НЖББМ» КММ және «Пятерыжск НЖББМ» КММ-де тамақтануды ұйымдастыру бойынша мониторинг жүргізілді.
Мониторинг барысында ас блоктары мен асханалардың санитарлық жағдайы, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, азық-түлік өнімдерін сақтау және дайындау шарттары, қажетті құжаттаманың жүргізілуі, сондай-ақ білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың орындалуы тексерілді.
Анықталған барлық ескертулер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті ұсынымдар мен түсіндірмелер берілді.