Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы, D-3 санаты, (№15-3), 1 бірлік
Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облысы
327933
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Ветеринария (білім беру саласы)
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Өнер (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Қызмет көрсету (білім саласы)
- Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (білім саласы)
- Ветеринария (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
Қосымша талаптар
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу
Функционалды міндеттер
А блогы. Мойынқұм ауданы мен облыстағы білім, денсаулық сақтау, дін істері саласындағы мекемелер, білім саласындағы аумақтық органдар, жоғары және арнаулы оқу орындарымен өзара іс-қимыл жүргізу және өз құзыреті шегінде талдау жасау. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат және Мәжіліс депутаттарының облысқа арналған жұмыс сапарларының бағдарламасын әзірлеу, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Премьер-Министрінің Кеңсесі және министрліктермен кері байланыс орнату. Мойынқұм ауданы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды зерделеу, талдау, стратегиялық бағыттарға сәйкестігіне баға беру, нәтижелері бойынша анықтама және ұсынымдар дайындау. Мойынқұм ауданындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларды зерделеп, жинақтау және ол жөнінде ақпараттарды бөлім басшысының назарына ұсыну. Мойынқұм ауданындағы мемлекеттік басқару жағдайына талдау жүргізу. Облыс әкімінің Мойынқұм ауданына жұмыс сапарын ұйымдастыру, талдамалық ақпараттар әзірлеу. Жергілікті қоғамдастықтардың жұмысын және олардың қоғамда алатын ролін зерделеу, азаматтық қоғам институттарының дамуын қамтамасыз ету бойынша бөлім басшысына ұсыныстар енгізу. Барлық деңгейдегі сайлауларға қатысты жұмыстарды үйлестіру. Құқық қорғау, төтенше жағдайлар органдарымен өзара қарым-қатынас жүргізу. Өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Облыс әкімі қатысатын кеңестер, мәжілістер және іс-шараларға өз бағыты бойынша талдамалы материалдардың дайындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік мерекелер қарсаңында кезекшіліктер ұйымдастыру және оны қадағалау. Халықпен кездесулер өткізу, жергілікті жерде қордаланған өзекті мәселелерге талдау жүргізіп, оны шешу бойынша бөлім басшысына, облыс әкіміне ұсыныстар енгізу. Заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау. Өз құзыреті шегінде сайлау мәселелеріне қатысты жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу, облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен байланысты жүзеге асыру
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz
- 01.12.2022
- «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 210 бөлме
-
87257541299, 87262433630