Үгіт-насихат материалдарын «Кала мен Дала» газетіне ұсыну тәртібі мен төлем мөлшері туралы мәліметтер.
«Кала мен Дала» республикалық газетінің және dalanews.kz сайтының меншік иесі –ЖК «Султан Медиа».
Газет форматы – D3
Газет аптасына 1 рет, жұма күндері шығады.
Апталық тиражы – 10 000 дана.
ЖК «Султан Медиа» 2021» жылдың 10 қаңтарында өтетін ҚР мәжіліс сайлауына қатысатын барлық үміткер партияларға сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған баспа беттерін «Кала мен Дала» газеті мен dalanews.kz сайтына беру талаптары жайында хабарлайды.
Газет беті немесе сайттан орын ұсыну туралы келісім үміткер партия мен газет меншік иесінің жазбаша жасалған келісімшарты негізінде жасалады.
Газет немесе сайт бетіне үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін редакцияға ҚР мәжілісіне үміткер партия немесе оның сенімді өкілінінің жазбаша өтініші түсуі шарт;
Жазбаша өтініште үміткер партия немесе оның сенімді өкілінің үгіт-насихат материалдарын газет немесе сайтқа жариялауға келісімі мен қол қойылған мерзім көрсетілуі керек;
Үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдары газет немесе сайтқа шығатын мерзімнен бір жұмыс күн бұрын беріледі.
Егер мәжіліске үміткер партия сайлау алдындағы бағдарламасында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскери құрылымдар құру идеяларын уағыздайтын болса, газет үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.
«Кала мен Дала» газетінің баспа бетіндегі орынының төлемақысы
|
Жарнамалық модульді ішкі беттерге шығару |
кв.см. |
650 тенге (НДС ескерілмеген) |
|
Жарнамалық бірінші және соңғы беттерге шығару |
кв.см. |
1 000 тенге НДС ескерілмеген) |
|
Тапсырыс берушінің дайын мақаласын шығару |
кв.см. |
850 тенге НДС ескерілмеген) |
|
Редакция дайындаған мақаланы шығару |
кв.см. |
950 тенге НДС ескерілмеген) |
|
Редакция дайындаған мақаланы бірінші бетке шығару |
кв.см. |
1 200 тенге НДС ескерілмеген) |