Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

2026 жылғы 3 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Жамбыл облысынан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов және комиссия мүшелері, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Құрманбеков және жауапты уәкілетті мемлекеттік органдардың мамандары қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары С. Құрманбеков баяндама жасап, облыста сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру және оларды сайлау комиссияларына ұсыну жұмыстарының Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес ұйымдастырылғаны туралы есеп берді.

Сондай-ақ сайлаушылардың деректерін өзектендіру, жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және тізімдерді белгіленген мерзімде ұсыну бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет берді.

Орталық сайлау комиссиясының отырысында күн тәртібіне сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға дайындықтың өзекті мәселелері, оның ішінде онлайн-сервистердің жұмысы, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері, сайлау бюллетеньдерін әзірлеу және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мәселелері де қаралды.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 августа 2026
Дата обновления
03 августа 2026
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
20 октября 2026
Печатные СМИ
Информация
20 октября 2026
Пользователи онлайн платформ
Информация
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы