Меню

Страницы

Статья

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 15 маусымда Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің мәжіліс залында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынды Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашып, күн тәртібіне енгізілген мәселелердің өзектілігіне тоқталды.

Кеңейтілген комиссия отырысына облыстық аумақтық сайлау комиссиясының толық құрамы мен қалалық/аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде сайлау заңнамасын қолдану тәжірибесі, сайлау инфрақұрылымын жетілдіру, сайлаушылар тізімдерін салыстырып тексеру жұмыстары және алдағы сайлау науқандарына дайындық мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе облыстық сайлау комиссиясының 2026 жалға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Еркин Жапаров Байзақ және Жамбыл аудандарының аумақтық сайлау комиссияларына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы және «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» шеңберінде жолданымдар мен соттарға түскен талап-арыздарды қарау тәртібі бойынша жүргізілген тексеріс жұмыстарының қорытындысы туралы ақпарат берді.

Келесі мәселе бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Мейржан Сембеков сайлаушылар тізімдерін өзектендіру бағытында қолданылып жатқан «Ikomekshi» бағдарламалық өнімін жетілдіру бойынша Қордай және Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындысы туралы ақпарат берді.

 

Сонымен қатар, комиссия отырысында комиссия төрағасының орынбасары Талғат Жамалов құрылтай депутаттарын сайлау процесіне қатысушыларды оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыру, сайлау процесіне қатысушыларды оқыту және әдістемелік қолдау көрсету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Отырыста комиссия хатшысы Абылкаир Боранбаев сайлау инфрақұрылымын өзектендіру, комиссия құрамдарында қалыптасқан бос орындарды толықтыру, сондай-ақ 2026 жылғы
1 шілдедегі жағдай бойынша сайлаушылар тізімдерін салыстырып тексеру мәселелері бойынша ақпарат берді.

Кеңейтілген отырыста 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған ауылдық округ әкімдерін сайлауға дайындық жұмыстары қаралды. Байзақ, Жамбыл, Қордай, Мойынқұм және Талас аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары жүргізіліп жатқан дайындық шаралары туралы қысқаша есептерін ұсынды.

Отырыстың соңында 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Комиссия отырысын қорытындылаған облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов комиссия мүшелеріне заң талаптарына сәйкес бірқатар тапсырмалар берді.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
15 июня 2026
Дата обновления
15 июня 2026
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
30 сентября 2026
Выборы акимов сельских округов, назначенные на 8 ноября 2026 года
Информация
13 сентября 2026
Состоялось расширенное заседание Жамбылской областной территориальной избирательной комиссии
Информация
21 августа 2026
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕСІ ӨТТІ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы