Меню

Страницы

Статья

ПРЕСС-РЕЛИЗ 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық шеңберінде мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету тақырыбында оқыту-семинары ұйымдастырылды

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық шеңберінде мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету тақырыбында

оқыту-семинары ұйымдастырылды

 

2026 жылғы 11 наурызда Тараз қаласы, «Ұлы Дала» шағынауданы, 141 мекенжайында орналасқан №517 референдум учаскесінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғайтын өңірлік қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарға арналған  оқыту-семинары өтті.

Оқыту-семинарына Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының және Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған жұмыс тобының құрамына енгізілген жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органның жауапты қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және кресло-арбаны пайдаланатын, көру және есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар қатысты.

Семинардың мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығы мен тең мүмкіндіктері туралы түсінігін қалыптастыру, учаскелердің осы санаттағы адамдарға қолжетімділігін және дауыс беру құқығын кедергісіз іске асыруы үшін референдум учаскелерін қосымша жарақтандыру және жаңғырту жөнінде ұсыныстарын қарастыру болып табылады.

Оқыту-семинары барысында Республикалық референдумды өткізудің принциптері мен азаматтардың референдумға қатысу құқығы, референдум учаскелерінде мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру құқығын іске асыруы үшін жасалған жағдайлар мен мүмкіндіктер туралы

жан-жақты түсініктеме берілді.

         Сонымен қатар, аумақтық референдум комиссиялары тиісті жергілікті атқарушы органдармен және уәкілетті органдармен бірлесіп, электоралдық науқандарды өткізу кезінде учаскелерді пандустармен, тактильді бағыттағыштармен, кіреберістегі шақыру батырмаларымен және автокөліктерге арналған арнайы тұрақ орындарымен жабдықтау арқылы мүгедектігі бар адамдарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Аумақтық комиссиялардың тарапынан учаскелерде мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар тиісті жабдықтармен (үлкейткіштер, құлаққаптар, өткізіліп жатқан науқан туралы ақпараттық материалдар, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтардың қолжетімділігін ескере отырып жабдықталған дауыс беру кабиналарымен қамтамасыз етілген. 

Семинар соңында, өңірлік қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің,  кресло-арбаны пайдаланатын, көру және есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен  дауыс беру күнгі негізгі әрекеттер алгоритмдерін пысықтап, референдум учаскелерінің қолжетімділік деңгейін іс-тәжірибеден өткізді.

 Тәжірибе барысында кресло-арбаны пайдаланатын азаматтарға инватакси қызметіне қол жеткізу тетіктері, референдум учаскелеріне кіреберістердегі шақыру батырмалары, пандустар, ғимарат ішінде қозғалу, дауыс беру үшін бейімделіп дайындалған кабиналардың қолжетімділігі сараланды.

Сондай-ақ, зағип және нашар көретін  адамдар үшін тактильды жолақтар, арнайы ақпараттық белгілер, мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы бұрышта ұлғайтқыш құралын, Брайль қарпімен дайындалған трафаретті пайдалану, құлақаспаптың көмегімен ҚР Конституция жобасы мәтінінің 96 баптан тұратын аудионұсқасын, аудиобюллетеньді тыңдау және референдумға байланысты әртүрлі ақпараттармен танысу мүмкіндігі берілді.

Ал, есту қабілеті бұзылған адамдарға сурдоаудармасы бар бейнематериалдар көрсетіліп, бейнеқоңырау арқылы сурдоаудармашы қызметі ұсынылды.

 Ісшара соңында мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар өкілдерінің,  дауыс беру кезінде ерекше шарттарды талап ететін азаматтар тарапынан айтылған ұсыныстары мен ескертпелері назарға алынып, оларды ескеру бойынша тиісті шаралар қарастырылды.

 

 

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы

Дата публикации
13 марта 2026
Дата обновления
13 марта 2026
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
20 октября 2026
Печатные СМИ
Информация
20 октября 2026
Пользователи онлайн платформ
Информация
16 октября 2026
Инфографики

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы