Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары
|
№ |
Тәуекел |
Іс-шаралар жоспары |
Орындалу мерзімі |
Орындауға жауапты бөлімнің атауы |
Орындауға жауапты тұлғаның аты-жөні |
|
1 |
Өтінімдерді, өткізу туралы мәліметтерді тіркей отырып, қағаз форматта дайындалған құжаттарды қолма-қол қабылдауды жүзеге асырады. |
Сұйытылған мұнай газын бөлу тетігінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдары сұйытылған мұнай газын өткізуші мекемелерінен өтінімдерді және құжаттарды қабылдау қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізіліп, көрсетілетін қызметті алушыға «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүргізу мүмкіндігі қарастыруды тиісті ҚР Энергетика министрлігіне ұсыныс беру |
2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін |
Газбен қамтамасыз ету бөлімі |
М. Қожақов |
|
2 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй қорында жалға берілетін тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 21-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган жалға алушылардың жалға берілетін тұрғын үйді мақсатты пайдалануына мониторингті жүзеге асырады. Жалға алушыларды атаулы аралау (жеке тұлғалармен тікелей байланыс көзделеді) |
Төлем операторы - Отбасы банкі АҚ қызметкерлерінің осы іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндігі. |
2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі |
Р.Қойлыбаев |
|
3 |
Ұсынылатын учаскенің көлеміне қатысты "кем емес" деген тұжырым шешім қабылдаушының қайтыс болған адамның туыстарының сұрауы бойынша алты шаршы метрден астам учаскелерді беру мүмкіндігін белгілейтінін атап өткен жөн. Жер учаскелері қандай нақты жағдайларда және қандай мөлшерде болуы керек екендігі құқықтық актілермен реттелмеген, бұл белгілі бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. |
Жер учаскелерінің жекелеген негіздемелерін және тиісті мөлшерін белгілеу бөлігінде жерлеудің үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізу туралы мәселеге, өтініш берушілер алты шаршы метрден астам қабірлер үшін жер учаскелеріне сұратқан жағдайда, жерлеудің аумақтық қағидаларына одан әрі өзгерістер енгізу үшін бастама жасау. |
2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі |
Р.Қойлыбаев |
|
4 |
«База Монополист» веб-порталына кіре алмауы салдарыннан, субъектілер Басқарма атына инвестициялық бағдарламаны бекітуге және оған өзгерістер енгізуге өтінімдерді қолма қол ұсынады. |
Субъектілер мен ЖАО үшін веб-порталға қолжетімділікті енгізу бойынша әзірлеушімен пысықтау. Бүгінгі таңда «База Монополист» веб-порталына басқарма қызметкерлері кріп жұмыс жасау үшін веб-порталға тіркелу жұмыстары жүргізілуде. |
2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін |
Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімі |
А.Омаров |