Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
|
Ұсыным |
Іс-шара |
Іс-шараны аяқтау нысаны |
Орындаушылар |
|
Облыстық коммуналдық мекемелер мен кәсіпорындардың теңгерімдеріндегі тозығы жеткен негізгі құралдарды есептен шығару бойынша келісімін беру жұмыстары |
Облыстағы мемлекеттік ұйымдармен теңгерімдерінде тұрған тозығы жеткен, әрі қарай пайдалануға жарамсыз негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығаруды келісу кезінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» №721 қаулысын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу |
Ақпарат |
Басқарма орынбасары Д.Досанов Бөлім басшысы М.Сейтбеков |
|
Облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді ұйымдастыру |
Тәуелсіз бағалаушының ұсынған бағалау есептілігіне күдік туындаған жағдайда сот сараптамалары орталықтарына жолдау арқылы; Сенімгерлік басқару объектісінің сенімгер басқарушысы объектіде атқарған жұмыстарының қажеттілігіне қарай сметалық құжаттарын және теуелсіз сараптама қорытындыларын ұсынуын бақылауға алу арқылы; Тиісті бөлім мамандарын объектілерді бағалау жұмыстары бойынша біліктіліктерін арттыру; Сенімгерлік басқарушының есебін тыңдау барысында комиссия құрамына сенімгер басқарушының атқарған міндеттемесіне сәйкес, тиісті мемлекеттік органдар мамандарын тарту арқылы |
Сараптама қорытындысы, біліктілігін арттыру сертификаты |
Басқарма орынбасары Д.Досанов Бөлім басшысы А.Абдикапаров |