Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
бойынша әдістемелік
ұсынымдарға
4-қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
«Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ
|
Р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Конкурстық комиссия төрағасы мен мүшелері |
Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу туралы оң қорытынды беруі |
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-бабына сәйкес, «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімімен құрылатын мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының оң қорытындысының нәтижесі арқылы болуында. |
|
2 |
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы |
Азаматтық қызметке кіруді тағайындау туралы бұйрық шығару |
«Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес, азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жұмыс берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылуында. |