Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 20 желтоқсанға ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

2026 жылғы 20 желтоқсанға ауылдық округтер әкімдері

сайлауын тағайындау туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2026 жылғы 20 желтоқсанға Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округі, Сарысу ауданының Байқадам және Досбол ауылдық округтері әкімдері сайлауы тағайындалды.

2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған ауылдық округтер әкімдері сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

АСК шешімдері аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сілтеме:

https://www.gov.kz/org/zhambyl/activities/97099?parentId=21753&lang=kk

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

Жарияланған күні

12 қараша 2026 16:05

Жаңарту күні

12 қараша 2026