Облыс әкімінің 2026 жылғы Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Облыс әкімінің 2026 жылғы Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды
іске асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу барысы |
|
1. |
Қордай ауылындағы «Батыс» ықшам ауданына орталықтандырылған кәріз жүйесін салуға қаражат бөлу мәселесін және кезең-кезеңімен шешу жолдарын қарастыру
|
2027 жыл ішінде |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты |
Аудандық бюджеттен қаржы қаралып Қордай аулындағы «Батыс» ы/а орталықтандырылған кәріз жүйесін салуға 2 ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды. Жалпы құны 1,8 млрд. тг. Жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім облыстық энергетика басқармасына тапсырылған.
|
|
2. |
Қордай ауылында жаңа орталық аурухана салу мақсатында әзірленген жабалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сарапатамадан өткізіп, толық рәсімделген құжаттарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыру
|
15.12.2026 жыл |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты |
Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға құжаттары рәсімделуде. Емхана құрылысының ЖСҚ-ның болжамды құны 32,0 млрд. тг. Қордай ауданы әкімдігінің тарапынан орталық ауруханасының құрылысын жүргізу үшін жер учаскесі анықталған. Сонымен қатар, аудандық орталық ауруханасына инженерлік инфрақұрылым салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қоыртыдысы алынды. Жоба құны 747,6 млн. теңге (ҚМЖ 707,6 млн. тг.). Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Құрылыс басқармасы тарапынан ғимарат құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленуде.
|
|
3. |
Инвесторларды тарта отырып, балаларға арналған жаңа жазғы лагерь ашу мәселесін қарастыру
|
Жыл соңына дейін |
Қордай ауданы әкімінің аппараты (жинақтау), облыс әкімдігінің білім басқармасы, облыс әкімдігінің туризм және инвестиция басқармасы |
Қордай ауданында лагерь салу бойынша қазіргі таңда жер телімі қарастырылған, мемлекеттік актісі бар. Қазіргі таңда инвестор тарту бойынша инвесторлармен келіссөз жұмыстары жүргізілуде.
|
|
4. |
Бель, Мұзбель, Аңырақай, Бәйтерек елді мекендерін табиғи газға қосу мақсатында тиісті қаражат бөлу мәселесін қарастыру
|
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты |
Бель, Мұзбель, Анырақай, Бәйтерек ауылдарына магистаральды газ құбыры жүргізілді. Ауылішілік құбырын салу ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылған. Жалпы құны – 780,9 млн. тг. сараптама қорытындысы алынып, облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
|
|
5. |
«Қаракемер-Керу» жолын орташа жөндеу жобасын аяқтау мақсатында бюджетті нақтылауда тиісті қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру
|
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты
|
Қазіргі таңда Қордай ауданында аудандық маңызы бар «Қаракемер – Керу» автомобиль жолының 0-18,1 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда жалпы 18,1 шақырым жолдың 12,1 шақырымына асфальт жабындысы төселді. Қалған 6 шақырым жолды жөндеу бойынша қалған қаражатты қарастыру үшін 2027 жылға облыстық автожолдар басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Жол жөндеу жұмыстарының сапасы мен белгіленген талаптарға сәйкес орындалуы тұрақты бақылауда. |
|
6. |
«Отар теміржол станциясы маңындағы теміржол арқылы өтетін жол өткелі құрылысы» жобасын іске асыру мақсатында бюджетті нақтылауға тиісті өтінім беріліп, қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру
|
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты
|
Қордай ауданының Отар ауылында аудандық маңызы бар «Отар–Гвардейск» автомобиль жолындағы темір жол арқылы өтетін жол өтпесін салу жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2025 жылғы 29 қыркүйекте мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда жобаны іске асыру мақсатында 2027 жылға облыстық автожолдар басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Жоба құны 2.7 млрд. тг. Қаржыландыру мәселесі шешілген жағдайда, тиісті құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. |
|
7. |
9 ауылдағы (Бель, Сұлутөр, Көктөбе, Үлкен-Сұлутөр, Кенен, Жаңатұрмыс, Қызылсай, Күнбатыс-1, Керу) ауыз су инфрақұрылымының тозуына байланысты орталықтандырылған ауыз су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында тиісті қаражат бөлу мәселесін қарастыру
|
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты |
Аудандық бюджеттен қаржы қаралып Бель, Сұлутөр, Көктөбе, Үлкен-Сұлутөр, Кенен, Жаңатұрмыс, Қызылсай, Күнбатыс-1, Керу, ауылдарына орталықтандырылған ауыз су жүйесін қайта жаңғырту ЖСҚ-сы сараптамасымен бірге жасалды. Жобаны қаржыландыруға облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Жоба құны 8,3 млрд. тг.
|
|
8. |
Қордай ауылындағы Қарасай батыр көшесі арқылы жаңа «Батыс» алқабына жаңа көпір салу жобасын іске асыру мақсатында бюджетті нақтылауда тиісті қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру
|
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қордай ауданы әкімінің аппараты |
Қордай ауылындағы Қарасай батыр көшесінің жолын кеңейту және көпір құрылысын салуға ЖСҚ әзірленіп, жекеменшік сараптама қорытындысы алынған. Алайда прокуратура ұсынымы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы алынды (себебі сараптама қорытындысы жекеменшік). Қазіргі таңда мемлекеттік сарапама қорытындысын алу үшін құжаттар рәсімделуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін бюджеттік өтінім тапсырылады. |
|
9. |
Аудандағы іске асырылып жатқан барлық жобаларды мерзімінде және сапалы аяқтау мақсатында тиісті жұмыстарды атқару
|
Тұрақты |
Қордай ауданы әкімінің аппараты |
Ауданда іске асырылып жатқан барлық жобалардың мерзімінде және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп, әрбір жоба бойынша орындалу барысы тұрақты бақылауда. Жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуы қатаң бақылауда. |
|
10. |
Мемлекеттік сатып алу конкурстары белгіленген мерзімінде және заңға сәйкес жүргізілуін қадағалап, бөлінген қаражаттың уақытылы және заңнама талаптары бойынша игерілуін қамтамасыз ету |
Тұрақты |
Қордай ауданы әкімінің аппараты |
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің уақтылы әрі заң талаптарына сай өткізілуі қамтамасыз етіліп, бөлінген қаражаттың тиімді және мақсатты игерілуіне тиісті бақылау жүргізілуде.
|
|
11. |
Қылмыстың алдын алу және қоғамдық жол көлігі қозғалысы қауіпсіздігін сақтау бойынша профилақтикалық жұмыстарды күшейту
|
Тұрақты |
Қордай ауданы әкімінің аппараты |
Қылмыстың алдын алу және қоғамдық көліктегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда. |
12