Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 қарашада өткен ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы Хабарламасы

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 қарашада өткен ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

Хабарламасы

2026 жылғы 8 қарашада Жамбыл облысы Меркі ауданының Акермен, Аспара және Меркі ауылдық округтері, Мойынқұм ауданының Жамбыл ауылдық округі, Сарысу ауданының Жаңатас қаласы, Т.Рысқұлов ауданы Ақниет және Құмарық ауылдық округтері, Шу ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімдері сайлауы өтті.

Аудандық сайлау комиссиялары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Меркі ауданы Акермен, Аспара және Меркі ауылдық округтері әкімдері сайлауы бойынша:

Акермен ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар  тізіміне  1292 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 882 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 15 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Акермен ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Байдаулетов Гани Избасарович үшін сайлаушылардың 676 дауысы берілді;

Бердалиев Ермек Мейрамбекұлы үшін сайлаушылардың 67 дауысы берілді;

Тойгулиев Мурат Талгатович үшін сайлаушылардың 128 дауысы берілді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 6.

Сайлау қорытындысымен: Акермен ауылдық округінің әкімі болып Байдаулетов Гани Избасарович сайланды. 1976 жылы туылған, Меркі ауданы Акермен ауылдық округінің әкімі,  Жамбыл облысы Меркі  ауданы Акермен ауылының тұрғыны.

Аспара ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар  тізіміне  891 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 644 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 9 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Аспара ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Инжубаев Бакытжан Токтанович үшін сайлаушылардың 51 дауысы берілді;

Оспанбекова Гаухар Жарасовна үшін сайлаушылардың 508 дауысы берілді;

Тулеков Нұрсұлтан Аскатұлы үшін сайлаушылардың 75 дауысы берілді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 4.

Сайлау қорытындысымен: Аспара ауылдық округінің әкімі болып Оспанбекова Гаухар Жарасовна сайланды. 1968 жылы туылған, Меркі ауданы Аспара ауылдық округінің әкімі,  Жамбыл облысы Меркі  ауданы Аспара ауылының тұрғыны.

 Меркі ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар  тізіміне 11072 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 2014 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 19 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 6.

Меркі ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Калысбаев Ерлан Нурланович үшін сайлаушылардың 221 дауысы берілді;

Камалов Казыбек Калдыбаевич үшін сайлаушылардың 9 дауысы берілді;

Мамырбеков Нурмухамед Естайбекович үшін сайлаушылардың 73 дауысы берілді;

Медетбеков Махсат үшін сайлаушылардың 232 дауысы берілді;

Тулебаев Нуржан Дуйсенович үшін сайлаушылардың 867 дауысы берілді;

Шалабаев Динмухамед Мухамедалиевич үшін сайлаушылардың 363 дауысы берілді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 7.

Сайлау қорытындысымен: Меркі ауылдық округінің әкімі болып Тулебаев Нуржан Дуйсенович сайланды. 1980 жылы туылған, Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы,  Жамбыл облысы Меркі  ауданы Меркі ауылының тұрғыны.

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/org/zhambyl-merke/documents/details/1098009?lang=kk

Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округіәкімі сайлауы бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 661 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 472 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –3 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Жамбыл ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді;

Кобенгараев Жаксылык Муратович үшін сайлаушылардың 28 дауысы берілді;

Кунту Мади Жәнібекұлы үшін сайлаушылардың 392 дауысы берілді;

Усенбаев Талгат Кадырханович үшін сайлаушылардың 44 дауысы берілді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 2.

Сайлау қорытындыларымен: Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып Кунту Мади Жәнібекұлы сайланды. 1995 жылы туған, Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ – директоры, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны.

Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/org/zhambyl-moyynkum/documents/details/1097684?lang=kk

 Сарысу ауданы Жаңатас қаласының әкімін сайлауы бойынша:

2026 жылғы 8 қарашада Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 15830 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 9277 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 52 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Жаңатас қаласы әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Дүйсен Жалғас Дүйсенұлы үшін сайлаушылардың 2733 дауысы берілді;

Қыдырәлі Айдар Асқаралиұлы үшін сайлаушылардың 945 дауысы берілді;

Сакипбеков Жумат Жумабекович үшін сайлаушылардың 5546 дауысы берілді;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 37.

Сайлау қорытындыларымен Жаңатас қаласының әкімі болып Сакипбеков Жумат Жумабекович сайланды. 1980 жылы туған, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тұрғыны.

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/org/zhambyl-sarysu/documents/details/1098185?lang=kk

Т.Рысқұлов ауданы Ақниет және Құмарық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша:

Ақниет ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 725 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 443 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Ақниет ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Бердіш Қуаныш Беріктемірұлы үшін сайлаушылардың 56 дауысы берілді,

Кенжеғара Сәбит Жұмағалиұлы үшін сайлаушылардың 52 дауысы берілді.

Тұрабаев Нұрдос Әбіқұлұлы үшін сайлаушылардың 326 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 5.

Сайлау қорытындыларымен: Ақниет ауылдық округінің әкімі болып Тұрабаев Нұрдос Әбіқұлұлы сайланды. 1969 жылы туған, Ақниет ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Д.Қонаев ауылының тұрғыны.

Құмарық ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 2062 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1309 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 19 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Құмарық ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Әшімхан Ільяс Жандосұлы үшін сайлаушылардың 82 дауысы берілді,

Құлбаев Шаншар Жетпісбайұлы үшін сайлаушылардың 80 дауысы берілді,

Раймбаев Ғазиз Қуаншыбайұлы үшін сайлаушылардың 1143 дауысы берілді.

 «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 1.

Сайлау қорытындыларымен: Құмарық ауылдық округінің әкімі болып Раймбаев Ғазиз Қуанышбайұлы сайланды. 1990 жылы туған, Құмарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны.

Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/org/zhambyl-ryskulov/documents/details/1097822?lang=kk

Шу ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімі сайлауы бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 443 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 250 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 0 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Тасөткел ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Анарбаев Айдын Нұрланұлы  үшін сайлаушылардың 100 дауысы берілді;

Есбергенов Багдат Сабырұлы үшін сайлаушылардың 113 дауысы берілді;

Төреқұл Тұрар Төреқұлұлы үшін сайлаушылардың 0 дауысы берілді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 0.

Тасөткел ауылдық округінің әкімі болып Есбергенов Бағдат Сабырұлы сайланды. 1983 жылы туған, Шу ауданы, «Шу қаласы әкімі аппаратының бас маманы», Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласының тұрғыны.

Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме:

https://www.gov.kz/org/zhambyl-shu/documents/details/1097667?lang=kk

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Жарияланған күні

10 қараша 2026 18:07

Жаңарту күні

10 қараша 2026