Жамбыл облысы әкімінің 2026 жылы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде АҚПАРАТ

Жамбыл облысы әкімінің 2026 жылы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында

берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде

АҚПАРАТ

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру

мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.

Қостөбе орта мектебінің спорт залының баскетбол алаңын талапқа сай жабдықтау

2026 жылғы

1 тоқсан

Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Аталған мектептің спорт залындағы баскетбол алаңын талапқа сай жабдықтау мақсатында жылжымалы баскетбол қалқаны сатып алынып, орнатылды

2.

Аққия ауылындағы құрылысы аяқталған мектептің білім беру қызметін жүргізу үшін лицензиясының алуын жеделдетіп, ашылуын оқу жылының 4-тоқсанында қамтамасыз ету

2026 жылғы

2 тоқсан

Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Аққия ауылындағы жаңа мектепке білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және төтенше жағдайлар департаментінен қорытынды, мектепті ашуға қажетті рұқсат құжаттары алынды. Медициналық кабинетке лицензиясын алу күтілуде. Осыдан кейін лицензия алу үшін Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне өтінім жолданады

3.

Жақаш ауылындағы «Айнұр» бөбекжай-бақшасын көгілдір отынмен жылыту жүйесіне келесі жылыту маусымына дейін қосу

2026 жылғы

3 тоқсан

Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Қазіргі уақытта Айнұр» бөбекжай-бақшасы табиғи газға қосылды

4.

Кеңес ауылындағы №3 орта мектепке және Жетібай ауылындағы Жамбыл орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыру

2027 жылғы

1 тоқсан

Облыс әкімдігінің білім, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Аталған мектептер облыс бойынша бекітілген жаңғырту жоспарына енгізіліпкүрделі жөндеу жұмыстары
2027-2028 жылдарға жоспарланған

5.

Аудандық «Әл-Фараби» атындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру мәселесін қарастыру

2026 жылғы

2 тоқсан

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, мәдениет және тілдерді дамыту басқармалары, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Аудандық «Әл-Фараби» атындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде

6.

Қостөбе ауылынан Сарыкемер-Тараз бағыты бойынша қоғамдық көліктерге арналған арнайы аялдамаларды орнатуды заң аясында шешу жолдарын қарастыру

2026 жылғы

4 тоқсан

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар «Тараз – Сарыкемер – Түймекент – Ақшолақ» автомобиль жолының бойында жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық көлік қызметінің қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында облыстық бюджет қаражаты есебінен 6 аялдама ағымдағы жылдың тамыз айында толық орнатылды (Қостөбе ауылы - 3, Сарыкемер ауылы - 2 және «Денсаулық» саяжайы - 1 аялдама орнатылды)

7.

Бурыл-Тараз қаласы бағытында қатынайтын (№068)маршрутты қайта іске қосу мүмкіндіктерін заңға сәйкес қарастыру

2026 жылғы

2 тоқсан

Тараз қаласының және Байзақ ауданының әкімдері (жинақтау)

Ағымдағы жылдың 12 қазанынан бастап Бурыл-Тараз бағыты бойынша №4 қалалық маршрут 9 кестемен тұрақты негізде қызмет көрсетуде. Жүру жиілігі
15 минутты құрайды

8.

Аймантөбе ауылында орналасқан «Алди и К» ЖШС-нің қоқыс полигонына сұрыптау қондырғыларының жоспарға сәйкес орнатылуын қамтамасыз ету және полигонда өрт қауіпсіздігін тұрақты бақылауға алу

2026 жылғы

3 тоқсан

Байзақ ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Аймантөбе ауылында орналасқан
«Алди и К» ЖШС қоқыс полигонында қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу кешенін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында заманауи сұрыптау жабдықтарын орнату жоспарланған. Полигон аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда. Кәсіпорынға қалдықтардың бейберекет өртенуіне жол бермеу, санитариялық талаптарды сақтау және қоршаған ортаға әсерді төмендету бойынша тиісті шаралар қабылдау міндеттелген

9.

Байзақ ауылы «Байзақ» ӨК-нің (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер, алаңы 4,0 га)жерінде орналасқан «Ақтөс» ит питомнигін ауылдан тыс жерге көшіру мәселесін заң аясында шешу жолдарын қарастыру

2026 жылғы

4 тоқсан

Байзақ ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, облыстық жер ресурстарын басқару департаменті (келісімі бойынша)

Байзақ ауылының Бас жоспарына сәйкес, 4,0 гектар жер учаскесіне саябақ орналастыру жоспарланған. Бүгінгі күнге аталған жер учаскесінде «Ақ төс» иесіз жануарларды қорғау қоғамдық қорының нысандары орналасқан. Қазіргі уақытта ҚР Жер кодексінің 84-бабына сәйкес, Байзақ ауданы әкімінің 2026 жылғы
1 шілдедегі №189 қаулысы негізінде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алу рәсімі жүргізілуде. Заң талаптарына сәйкес бағалау жұмыстары жүргізіліп, жер учаскесінің меншік иесімен келіссөздер жүргізілуде

10.

Мәдімар, Бурыл, Сарыкемер ауылдарындағы ауыз су имараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу

2026 жылғы

3 тоқсан

Байзақ ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары

Мәдімар ауылындағы ауыз су жобасын қаржыландыру үшін облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Бурыл ауылында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сарыкемер ауылында жобаның оң сараптамалық қорытындысы ағымдағы жылдың тамыз айында алындыБүгінгі күнге тиісті басқармаға бюджеттік өтінім ұсыну үшін құжаттар әзірленуде

11.

Сарыкемер ауылынаберілетін табиғигаз қысымын көтеру мәселесін қарастыру

2026 жылғы

4 тоқсан

Байзақ ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Сарыкемер ауылындағы К.Орынқұлов көшесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6-бұрылыстарында газ қысымын реттеу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында жоба аясында газ құбырларын ауыстыру жұмыстары толық жүргізілді

12.

Түймекент ауылында шағын футбол және балалар ойын алаңшаларын салу мәселесін қарастыру

2026 жылғы

4 тоқсан

Байзақ ауданының әкімі

(жинақтау)

Түймекент ауылында 2026 жылдың соңына дейін қосымша 3 спорт алаңшасын салу және пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 1 спорт алаңшасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен, 1-уі демеушілердің қолдауымен және 1-уі облыстық білім басқармасы тарапынан жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда демеушілік қаражат есебінен
1 спорт алаңшасы салынып, тұрғындардың игілігіне берілді

13.

Бурыл ауылына қажеттілігіне қарай қосымша бейнебақылау камераларын орнату мәселесін зерделеп, тиісті шаралар қабылдау

2026 жылғы

4 тоқсан

Облыстық полиция депаратменті (келісімі бойынша)Байзақ ауданының әкімдігі (жинақтау)

Бурыл ауылына қосымша бейнебақылау камераларын орнату қажеттілігі зерделенді. Нәтижесінде бейнебақылау жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге 1,0 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде

14.

Су саласын дамытудың
2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында аудандағы Ислам даму банкі арқылы 17 каналға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқталуын бақылауға алу

2027 жылғы

4 тоқсан

«Қазсушар» ШЖҚ РМК Жамбыл филиалы, Байзақ ауданының әкімдігі

(жинақтау)

Су саласын дамытудың
2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында «Ислам даму банкі» қаржысы есебінен Байзақ ауданындағы 17 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 10 каналда жөндеу жұмыстары басталып, механикалық тазалау, ескі құрылымдарды демонтаждау және гидротехникалық құрылыстарды жаңарту жұмыстары атқарылуда. Қалған 7 канал бойынша жұмыстар вегетациялық кезең аяқталғаннан кейін басталады. Каналдарды жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуы және белгіленген мерзімде аяқталуы аудан әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған

Жарияланған күні

28 қазан 2026 18:24

Жаңарту күні

28 қазан 2026