Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен
кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы мәлімет |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1 |
Тараз қаласы Әулиеата ауданы мен Жібек жолы ауданы аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, заңсыз саудаға тосқауыл қою және коммуналдық шаруашылықтағы мәселелер, абаттандыру және көріктендіру жұмыстары, халықпен ашық байланыс орнатып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, экономикалық өсім, жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған шараларды жүйелі түрде іске асыру бойынша нақты жоспар бекітіп, оның орындалуын қамтамасыз ету |
Әулиеата ауданының әкімі Б.Төреханов, Жібек жолы ауданының әкімі Қ.Аралбекова |
Әулиеата және Жібек жолы аудандарында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, заңсыз саудаға тосқауыл қою және коммуналды шаруашылықтағы мәселелері, абаттандыру және көріктендіру жұмыстары тұрақты бақылауда. Аталған бағытта күнделікті жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, халықпен кездесу, тұрғындарды қабылдау, бекітілген кесте бойынша өткізілуде. Экономикалық өсім, жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру мәселелері бекітілген жоспар бойынша атқарылатын болады.
|
|
2 |
Интернет-алаяқтықтың алдын алу, оны жою, жалпы қала бойынша құқық бұзушылық деңгейін азайту бағытында тиісті шараларды қабылдау |
Облыстық Полиция департаментінің бастығы Қ.Сұлтанбаев, Қалалық полиция басқармасының бастығы А.Мадимаров (жинақтау) |
Тараз қаласы ПБ қызметкерлері тарапынан қоғамдық орындар мен көшелерде бөтен мүлікті ұрлау, алаяқтықтың алдын алу мақсатында күн сайын халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, буклеттер, брошюралар таратылды, мекемелерде еңбек ұжымдарымен кездесулер, оқу орындарында дәрістер өткізілуде, БАҚ ескерту бейнероликтер жарияланып, қоғамдық көліктерде қалта ұрыларының тізімі ілінуде, дауыс зорайтқыш арқылы аудио жазбалар ойнатылады және LED-экрандарда, билбордтар мен жүгіртпе жолақтарда бейнероликтер көрсетіліп, учаскелік полиция инспекторлары халықпен кездесулер өткізуде. Бұзақылық әрекеттердің алдын алу мақсатында күн сайын Тараз қ. ПБ қызметкерлері қоғамдық орындар мен ойын-сауық мекемелері маңында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін кезекшілікке тартылады. Бұл енгізу ауыр және аса ауыр қылмыстардың тіркелуін азайтуға ықпал етті. Күнделікті жоспарлы түрде белгілі бір бекітілген әкімшілік аумақта «жоспарлы іс-шара» ұйымдастырылып, әкімшілік аумақты аралап, қайта пысықтау жұмыстары жүргізуде. |
|
3 |
А.Асқаров көшесіне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізген соң аялдамалар орнату |
Тараз қаласының әкімі, Д.Жаманбаев, Ғ.Алтаев (жинақтау) |
А.Асқаров көшесінің қайта жаңғырту жұмыстары басталып, жүргізілуде (мердігері - «ЕрНурЖан Курылыс-2010» ЖШС-і, жалпы құны – 2,2 млрд. теңге. 2025 жылы – 538,6 млн. теңге, 2026 жылы – 1,7 млрд. теңге). Қазіргі таңда аталған көшеде автобус аялдамалары орнатылды. |
|
4 |
Нахимов көшесіне асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізу |
Тараз қаласының әкімі, Д.Жаманбаев, Ғ.Алтаев (жинақтау) |
«Тараз қаласындағы Қазиев, Көшеков, Нахимов, Зеленая көшелері мен Ат-Тарази бұрылысын орташа жөндеу» нысаны бойынша жалпы құны 98,4 млн. теңгеге жоба-сметалық құжаттамасы дайындалды. Ағымдағы жылы аталған жұмыстарға бюджеттен қаржы бөлінбегендіктен, бұл жұмыстар 2027 жылға жоспарланып отыр. |
|
5 |
«Кірпіш зауыты» алабы, Завод көшесінің 2-ші бұрылысына асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізу |
Тараз қаласының әкімі, Д.Жаманбаев, Ғ.Алтаев (жинақтау) |
«Тараз қаласындағы Завод көшесінің 2-ші бұрылысы, Байқоразов, Мұқанов, Мұқанов көшесінің 3 бұрылысы, Қағанат көшелерін орташа жөндеу» нысаны бойынша жалпы құны 95,6 млн. теңгеге жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Ағымдағы жылы аталған жұмыстарға бюджеттен қаржы бөлінбегендіктен, бұл жұмыстар 2027 жылға жоспарланып отыр. |
|
6 |
Сыпатай батыр көшесі бойындағы әскери бөлім артындағы алқапты электр энергиясы және көше жарығымен қамтамасыз ету |
Тараз қаласының әкімі, Д.Жаманбаев, Ғ.Алтаев (жинақтау) |
Сыпатай батыр көшесі бойындағы әскери бөлім артындағы алқапта электр энергиясы және көше жарығы жүргізіліп құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда құжаттарды «ТҚЭЖ» ЖШС не өткізу жұмыстары жүргізілуде. |
|
7 |
«Қант зауыты» алқабындағы Сорокин көшесінің 2,3,4 бұрылыстарының тозығы жеткен ауыз су құбырларын ауыстыру мәселесі туралы |
Тараз қаласының әкімі, Д.Жаманбаев, Ғ.Алтаев (жинақтау) |
Ағымдағы жылы Сорокин көшесіне және 2,3,4 бұрылыстарына ауыз су құбырын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 159,6 млн. теңге қарастырылды. Жобаға сәйкес 5,6 шақырым ауыз су құбыры жүргізілді. Жұмыс аяқталды. Сорокин көшесі және 2,3,4 бұрылыстарының тұрғындары суға қосылуда. |
|
8 |
Жамбыл даңғылы 9 «А» мекенжайында ойын алаңшасын салу |
Әулиеата ауданының әкімі Б.Төреханов (жинақтау) |
Жамбыл даңғылы №9А үй ауласына «Стрит-воркаут» балалар ойын алаңшасы салынып, толық аяқталды. (жоба құны – 28,9 млн. теңге, ауданы – 650 шаршы метр, мердігер мекеме «Turar Constraction» ЖШС). |
|
9 |
№28 қоғамдық көліктің жүру кестесін қайта пысықтау |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков, Д.Жаманбаев, Ғ.Алтаев (жинақтау) |
Бүгінде қалалық №28 маршрут (Ұлы Дала шағын ауданы – Ауыл Береке базары аралығында) 8 кестемен жүру жиілігі 14 минуттан тұрақты түрде қатынайды. Ұзақтығы 18,8 км. Жұмыстың басталуы сағат 6-50; Аяқталуы сағат 20-22; |
|
10 |
«Түрксіб» алабына балалар ойын алаңшасын салу |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков, Д.Жаманбаев, Ғ.Алтаев Жібек жолы ауданының әкімі Қ.Аралбекова (жинақтау) |
«Түрксіб» алабындағы Рүстемов, Түркісіб кіре беріс жері, Желтоқсан көшелеріне балалар ойын алңшасы пайдалануға берілді. (Жоба құны – 27 млн теңге. Мердігер мекеме «Haknazar company» мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестігі). |
|
11 |
«Ұлы Дала» шағынауданы №28 үйді күтіп-ұстау мақсатында Басқарушы компаниялармен келісім-шарт жасауды қарастыру |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков, Д.Жаманбаев, С.Утешов (жинақтау) |
«Ұлы Дала» (15) шағынауданы №28 көппәтерлі тұрғын үйдің ММИБ, КСК-ға тіркелмеген, тұрғындардың талабы жалпы үйге арналған шығыстарды есептеу құралын түбіртекпен келуді сұраған, осыған байланысты тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда «Ұлы Дала» (15) шағынауданы бойынша «Басқару компаниясына» көппәтерлі тұрғын үйді кіргізу бойынша жиналыстар ұйымдастырылды. |
|
12 |
№37 орта мектептің асханасы ғимаратының жағдайын зерделеп, жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша нақты ұсыныс енгізу |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, А.Алтынбаева (жинақтау) |
Білім бөлімі тарапынан №37 ОМ асханасын сүріп, жаңа асхана құрылысын жүргізуге 2025 жылы 28 наурызда №806 шығыс хат білім басқармасына жолданған. Алайда қаржы қарастырылмады. Техникалық қорытынды мерзімі 3 жыл болғандықтан, 02.04.2026 жылы №077 «STR0YC0RP» мекемесі сараптама ұйымы №37 ОМ асханасының бір қабатты ғимаратын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тиімсіз және апаттық жағдайда деп қорытынды берді. Білім бөлімі тарапынан білім басқармасына №37 ОМ асханасын сүруге рұқсат беру туралы хат жолданады. № 37 мектепке жаңа асхана құрылысын жүргізу қажеттілігі бар. |
|
13 |
№5 қалалық емханадағы жеделсатыны (лифт) іске қосу |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, М.Нұрділләұлы (жинақтау) |
№5 қалалық емханасына жеделсаты сатып алуға 40 961,0 мың.теңге қарастырылған. №5 қалалық емхана мен «Казахстанская лифтовая компания Казлифт» ЖШС арасындағы 2024 жылдан бергі сот процестері аяқталып, 2026 жылғы 05 ақпанындағы сот отырысындағы татуласу келісімі бекітілді. Қәзіргі таңда Емхана жеделсатыларды (лифтілерді) толық қабылдап, іске қосылып, тиісті жұмыстарын жүргізуде. |
|
14 |
Жүзбаев көшесінің тұйығына түнгі жарықтандыру жүргізу |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков, Д.Жаманбаев, Ғ.Алтаев (жинақтау) |
Тараз қаласындағы Жүзбаев көшесіне 2019 жылы көше жарығы жүргізілген. Қазіргі таңда көше жарығы толықтай жұмыс істеп тұр. Жүзбаев көшесінің тұйық бөлігін көше жарығымен қамтамасыз ету мақсатында 2027 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіледі. Құрылыс - монтаж жұмыстары 2028 жылға жоспарланған. |
|
15 |
«Дорожник» алабының электр энергиясы мәселесін шешу |
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков, Д.Жаманбаев, Ғ.Алтаев (жинақтау) |
«Дорожник» алқабын электр энергиясымен және көше жарығымен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда мердігер мекеме анықталды. Маусым айындағы бюджетті нақтылау барысында аталған жобаға 100 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылды. Қазіргі уақытта ГАСК-тен құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау туралы хабарлама алыну үстінде. Хабарлама алынғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады. |
5