Облыс әкімінің 2026 жылғы 16 қазандағы Меркі ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Меркі ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған

ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.

Меркі ауданы Сарымолдаев (21 га)және Интернациональный ауылдарындағы (7 га)тұрғын үй алқаптарын газбен қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды жүргізу

2027 жылдың ІІ тоқсаны

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, құрылыс басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

2.

Жеке тұрғын үйлердің кәріз жүйелерін және ағынды суларын төгетін орынның құрылысын жоспарлау

2027 жыл ішінде

Облыс әкмдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

3.

Аудан аумағындағы әлеуметтік нысандарды газға қосу жұмыстарын жүргізу

2027 жыл ішінде

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

4.

Аудандағы 3 білім беру нысанын (№19, №3, №6)күрделі жөндеуден өткізу

2027-2028 жылдар

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, білім басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

5.

Жамбыл ауылдық округі Жеміс-жидек ауылындағы саябақтың жерін мемлекет иелігіне қайтару,қайта жаңғырту

2027 жыл ішінде

Меркі ауданының әкімі

6.

Жамбыл және Ақарал ауылдарындағы спорт нысандары құрылысының заңнама талаптарына сәйкестігіне зерделеу жүргізу

2027 жылдың І тоқсаны

Облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

7.

«Ақшешек» обалы қорымының тарихи-мәдени мұра объектілер тізімінен шығарылу және нысан аумағында демалыс аймағын салудың заңнама талаптарына сәйкестігіне зерделеу жүргізу

2026 жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

8.

Меркі өзенінің бойынан салынып жатқан су электр станциясы құрылысының заңнама талаптарына сәйкестігіне зерделеу жүргізу

2026 жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

9.

Меркі түрік ғибадатханасын ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларын қорғауды қажет ететін тарихи нысандар тізіміне енгізу

2026 жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

10.

Сарымолдаев ауылдық округі Низами көшесінде орналасқан 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйде кәріз жүйесінің болмауының заңнама талаптарына сәйкестігіне зерделеу жүргізу

2026 жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

11.

«Жұлдыз» балалар лагерінің нысаналы мақсатын сақтау және сенімгерлік басқаруға өткізбеу

2026 жыл соңына дейін

Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

Жамбыл облысы

әкімінің аппарат басшысыЛ. Ілебаев

Жарияланған күні

22 қазан 2026 18:55

Жаңарту күні

22 қазан 2026