Облыс әкімінің 2026 жылғы 17 маусымдағы Шу ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Облыс әкімінің 2026 жылғы 17 маусымдағы Шу ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

«ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалы аудан әкімдігімен бірлесіп, «Шу–Қайнар» автожолындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізілуін бақылауға алып, уақытылы аяқталуын қамтамасыз етсін

2027 жылғы желтоқсан

(аралы қ ақпарат жарты жыл сайын)

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы тарапынан ағымдағы жылдың сәуір айында жоба қайтадан мемлекеттік сатып алу рәсіміне шығарылды. Конкурс қорытындысы бойынша, ағымдағы жылдың мамыр айында «Шымкент дорстрой» ЖШС 16,0 млрд теңге сомасымен жеңімпаз болып анықталып, жоба 2025–2026 жылдарға өтпелі жоба ретінде қайта іске асырылуда. Бүгінгі күнге, Шу қаласындағы Аспалы көпірден Белбасар ауылына кіреберіс жолға дейінгі 20 шақырымды автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын «СИН СИН» ЖШС, ал Белбасар ауылынан ары қарай 36 шақырымды «Шымкент дорстрой» ЖШСжүргізуде. Қазіргі таңда аталған нысанда жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жалғасуда.

2

Шу ауданында «Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы» (СпецЦОН) орталығын ашу мәселесін қарастырып, ұсыныс енгізсін

2026 жылғы қыркүйек

Шу ауданында «Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығын» (СпецЦОН) ашу қажеттілігіне талдау жүргізілді. Қазіргі таңда аудан бойынша аталған орталықты ашу қажеттілігі жоқ.

3

Елді мекендердің ішкі көшелері мен автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ауыр жүк көліктерінің қозғалысын реттеу мәселесін қарастырып, тиісті ұсыныстар енгізсін

2026 жылғы
қыркүйек

Аудан аумағындағы күрделі және орташа жөндеуден өткен автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету, пайдалану мерзімін ұзарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осыған орай, ауыр салмақты және габариттік параметрлері белгіленген нормадан асатын жүк көліктерінің қозғалысын болдырмау үшін аудандық полиция бөлімі, Көліктік бақылау инспекциясы және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен тұрақты рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Рейд барысында жүк көліктерінің рұқсат етілген салмақ нормаларын сақтауына бақылау жүргізіліп, заң талаптарын бұзған тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

Сонымен қатар, жүк тасымалдаушылар арасында жолдарды сақтау және салмақтық шектеулерді сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бұл бағыттағы бақылау және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

4

Шу қаласындағы «Локомотив», «Қайрат» және «Пищевик» стадиондарының материалдық-техникалық жағдайына талдау жүргізіп, оларды қалпына келтіру және тиімді пайдалану бағытында жандандыру мәселесін қарастырсын

2026 жылғы желтоқсан

Шу қаласындағы «Локомотив» және «Қайрат» стадиондарының материалдық-техникалық жағдайына талдау жүргізілуде. Нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсыныс жолданатын болады. «Пищевик» стадионына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгінгі күнге кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде.

5

Шу қаласындағы Абай атындағы орта мектеп аумағында заманауи спорт алаңын (стадион) салу мүмкіндігін қарастырып, тиісті ұсыныстар енгізсін

2026 жылғы

желтоқсан

Бүгінгі таңда Шу қаласындағы Абай орта мектебінің бос тұрған аумағын бөліп, Шу қаласы әкімдігінің теңгеріміне өткізу жұмыстары жүргізілуде. Келесі сатыда ЖСҚ әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

6

Шу ауданындағы «Благовещенск», «Чапаев», «Фурманов» гидропосттарын және 85 дренаждық ұңғыманы анықтап, теңгерімге алу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін

2026 жылғы

қараша

Шу ауданындағы жер асты суларының деңгейін реттеу және мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында барлығы 85 вертикалды дренаждық ұңғыманың техникалық жай-күйі зерделенді.

Жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 75 ұңғыманың істен шыққаны анықталса, тек 10 ұңғыма ғана қазіргі таңда жұмыс істеп тұр. Жұмыс істеп тұрған 10 ұңғыма аумақтар бойынша төмендегідей бөлінген:

Төле би ауылы — 4 ұңғыма

Қоғаты ауылдық округі — 3 ұңғыма

Ескі-Шу ауылдық округі — 2 ұңғыма

Жаңажол ауылы — 1 ұңғыма

Бұл ретте, жұмыс істеп тұрған 10 ұңғыманың ішінде 6 бірлік ұңғыма қазіргі уақытта аудандық «Ауыз су» мекемесінің теңгерімінде тіркелген.

Сонымен қатар, тексеру барысында барлығы 12 ұңғыманың (оның ішінде Қонаев ауылында — 8, Қоғаты ауылдық округінде — 4) нақты орналасқан жерін анықтау мүмкін болмады.

Аталған істен шыққан және көмек қажет ететін дренаж жүйелерін қалпына келтіру шараларын қолға алу үшін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне тиісті ресми хат жолданды.

7

Шу ауданы аумағындағы заңсыз құм карьерлерін анықтап, олардың қызметін тоқтату бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдасын. Заңды негізде құм карьерлерін ашуға ниет білдірген азаматтарға рұқсат құжаттарын рәсімдеу және қажетті келісу рәсімдерінен өту мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру және сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырсын

тұрақты

Шу ауданында заңсыз карьерлер мен жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін анықтау бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар:

«Altai Building» ЖШС (Шу өзені және Камень-Алтай кен орны): Шу өзені бойынан құм қазу және тас тасымалдау фактісі анықталды. Келтірілген залал 537 609 389 теңге болып есептеліп, Шу аудандық полиция бөліміне және Жамбыл облысының табиғат қорғау прокуратурасына жолданды. Сондай-ақ Жер ресурстарын басқару департаменті компанияға 432 500 теңге айыппұл салды.

«Казкомсервис» ЖШС (Далақайнар ауылы): Канал құрылысына заңсыз топырақ қазу фактісі анықталды. Залал мөлшері 34 357 574 теңге деп есептеліп, Шу аудандық полиция бөліміне өткізілді.

«КазстройKZ» ЖШС (Ескі-Шу ауылдық округі): Погон қазуға рұқсат алып, топырақты жол жөндеу жұмыстары үшін «Синсинь» компаниясына заңсыз сатқаны дрон арқылы тіркелді. Тиісті хаттар аудан әкімдігі мен полиция бөліміне жолданды.

8

Шу және Мойынқұм аудандарын жоғары қысымды газбен қамтамасыз ететін Шу ауданы, Қонаев ауылы маңындағы автоматты газ қысымын реттеу станциясының (АГРС) құрылысын мерзімінде аяқтау, жобаны толық қаржыландыру мүмкіндігін қарастырсын

2027 жылдың

соңына дейін

(аралық ақпарат жарты жыл сайын)

Шу және Мойынқұм аудандарын жоғары қысымды газбен қамтамасыз ететін Қонаев ауылы маңындағы автоматты газ қысымын реттеу станциясының (АГРС) құрылысына қажетті қаражат бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Нысанды 2027 жылдыңI тоқсанының қорытындысымен пайдалануға беру жоспарлануда.

9

«Жамбыл Жарық Сауда – 2030» ЖШС басшылығының Шу аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуін ұйымдастырып, ауа райының қолайсыздығы кезінде электр желілерінің жиі өшуі, кернеу ауытқуыныңшешу жолдары бойынша нақты ұсыныстар енгізсін

2026 жылғы

тамыз

2026 жылғы 15 шілдеде Шу ауданына «Жамбыл Жарық Сауда – 2030» ЖШС басшылығының жұмыс сапары ұйымдастырылып, сапар аясында Шу аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесу өткізілді.

Ауа райының қолайсыздығы кезінде электр желілерінің жиі үзілуі мен кернеу ауытқуларының алдын алу мақсатында аудан аумағындағы электр желілері мен электр бағаналарын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 2029 жылға дейін электр желілері мен электр бағаналарын толық жаңғырту жоспарлануда.

Облыс әкімі аппаратының басшысыЛ. Ілебаев

Жарияланған күні

21 қазан 2026 18:30

Жаңарту күні

21 қазан 2026