Облыс әкімінің 2026 жылғы 17 шілдедегі Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Облыс әкімінің 2026 жылғы 17 шілдедегі Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында
көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
19.10.2026 жылғы жағдай бойынша
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
Орындалған тапсырмалар |
||||
|
1. |
Жергілікті бюджет есебінен соңғы 10 жылда сатып алынған аудандағы ғимараттарға толық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тізімін ұсыну |
2026 жыл 31 тамыз |
Облыс әкімдігінің құрылыс, қаржы басқармалары, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
Жергілікті бюджет есебінен, яғни аудан бюджетінен соңғы 10 жылда сатып алныған ғимараттар мен тұрғын үйлер: «Мойынқұм ауданы бойынша психоневрологиялық аурулары, тірек-қимыл аппараты бұзылған 4 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 15 балаға мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен білім беру курстарын ұсыну орталығын ашу мақсатында Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Кульбаев тұйық көше № 16 үйді 2026 жылы 50 млн. теңгеге жеке тұлғадан сатып алынған. Орындалды. |
|
2. |
Мойынқұм ауылының батыс аймағындағы жайылым жерлерге ағын су жеткізу мәселесін зерделеп, нақты ұсыныс енгізу |
2026 жыл 31 тамыз |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
Мойынқұм ауылының батыс бөлігіндегі жайылымдық жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі зерделеніп, нәтижесінде аталған аумақта жайылымдарды тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін «Радай» және «Шу» өзендерінің арналарын бөлуге мүмкіндік беретін реттегіш гидротехникалық құрылыс салу қажеттілігі анықталды.Аталған нысан салынған жағдайда, қайыр-құм басқан өзен және су арналарының тиісті учаскелерін тазарту арқылы жайылымдық жерлерге су жеткізу мүмкіндігі артып, реттегіш гидротехникалық құрылыс арқылы ағын суды қажетті уақытта жіберу және су ағынын тиімді реттеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.Аталған нысан бойынша Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арқылы жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленген. Алайда қазіргі уақытта жобаны іске асыруға қажетті қаржыландыру мәселесі оң шешімін таппаған. Сонымен қатар, Мойынқұм ауданының жайылымдық жерлерін сумен қамтамасыз етудің балама жолы ретінде «Тасөткел» су қоймасынан қосымша су жіберу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Бұл ретте Шу өзені жүйесінің су өткізу қабілетін арттыру арқылы аудан аумағындағы жайылымдық жерлерге ағын су жеткізу мүмкіндігі қарастырылуы қажет.Сонымен бірге, жергілікті тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын ескере отырып, аудан әкімдігінде тұрғындармен жеке кездесу ұйымдастырылып, ескі арналарды тазарту және табиғи арналардың жағалауларын нығайту жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техника тарту және қаржылай қолдау көрсету мәселесі қаралды.Аталған арналардың мемлекеттік меншікте болмауына және мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрмауына байланысты оларды тазарту жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мүмкін еместігі тұрғындарға түсіндірілді.Арналарды тазарту жұмыстарын арнайы техникамен жүргізу мүмкіндігін қарастыру мақсатында «Қазсушар» Жамбыл филиалының басшысына тиісті сұраныс хат жолданып, филиал тарапынан техникалық көмек көрсетуге дайын екендігі туралы жауап алынды. Алайда арнайы техниканы пайдалану барысында туындайтын жанар-жағармай шығындарының жоғары болуына байланысты жергілікті тұрғындар аталған ұсыныстан бас тартты.Қазіргі уақытта мәселені жедел шешудің балама жолы ретінде аудандағы қалталы, ауылдың жағдайына жанашыр азаматтардың демеушілігімен жайылымдық жерлерге су жеткізу мақсатында бұрын қазылған ескі арналардың жағалауларын нығайту және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Тұлпарсаз», «Қаракөл», «Жамбыл арал» жайлауларына Шу өзенінің ағын сулары жеткізілуде.Осыған байланысты, тапсырма балама жолмен шешімін тапқанын ескере отырып, аталған мәселені бақылаудан алу сұралды. Орындалды. |
|
3. |
Аудан тұрғындарына қысқы жылыту маусымына қажетті шірік сексеуілді ерте босатудың заңдылығын қарау |
2026 жыл 31 тамыз |
Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 91 – бабына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз етуi мақсатында жергiлiктi халықтың сүрекке, оның ішінде отындық сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін отындық сүректi мемлекеттiк орман иеленушiнiң есебiнен жүзеге асырылады. Кеспеағаш аймағынан тыс қоқысты жинау жүргізілгенге дейін бір ай бұрын тиiстi мемлекеттік орман иеленушіге өтінім жасайды және сол өтінімге сәйкес мекеме өз күштерімен лимитт (отынның көлемін) дайындайды. Сондай ақ мемлекеттік орман қоры жерінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы №18-02/942 бұйрығына сәйкес ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес өрт маусымы ауа райының темперетурасына байланысты наурыз-қазан айларына орман қоры жерінде өрт қауіпсіздігі сақталады. Мемлекеттік орман қоры жерінде, жергілікті халықты отындық ағашпен қамтамасыз ету үшін бекітілген шекті сомманы, жергілікті халықтың өтінімдеріне сәйкес сексеуіл отынын босату құнын қайта қарап, 1 текше метр сексеуіл қоқысының жоғарғы қоймадан босату құны 3478 тг, ал төменгі қоймадан босату құны 11672 тг құрайды. Ақпарат үшін: Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 495 937 гектарды құрайды. 2017 жылға дейін жергілікті тұрғындарға мемлекеттік орман қорының кеспеағаш аймағынан тыс аумақтарынан әр отбасына 4 текше метр көлемінде сексеуіл қоқыстың тегін жинап алуға рұқсат берілген. Бұл ретте жиналған сексеуіл қоқысын тұрғындар өздерінің көлік құралдарымен және өз күштерімен өз тұрғылықты жерлеріне тасымалдап келген. Алайда, 2017 жылдан бастап сексеуіл қоқысын халықтың өз күшімен және жеке көлік құралдарымен тасымалдау тәртібі өзгертіліп, оны жинау және белгіленген орындарға жеткізіп беру жұмыстары орман шаруашылығы мекемелерінің (лесхоздардың) күшімен жүзеге асырылуы тиіс. Сексеуіл қоқысын жинау және тасымалдау ормандағы өрт қаупі кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 10 қарашадан бастап жүзеге асырылуы тиіс. Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 367 988 гектарды құрайды. «Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 468 604 гектарды құрайды. Аталған мемлекеттік орман қоры аумақтарында өсімін тоқтатқан, қураған және шіріндіге айналған сексеуіл қалдықтары жергілікті тұрғындардың отынға деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленген тәртіппен босатылады. Сексеуіл отынын жинау, тиеу және тасымалдау жұмыстары ормандағы өрт қаупі кезеңі аяқталғаннан кейін, белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Орындалды. |
|
4. |
Айдарлы ауылында балабақша ашу үшін жеке кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, балабақша тапшылығы мәселесін шешу |
Жыл соңына дейін |
Мойынқұм ауданының әкімі |
Мойынқұм ауданы, Айдарлы ауылы, Биназар 47 мекенжайында орналасқан «Балапан» бөбекжай-бақшасы 2013 жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында іске қосылды. Балабақшада 19 қызметкер бар, оның ішінде 10 педагог, 9 кіші қызметкер. Балабақшаның сыйымдылығы 50. Қазіргі уақытта үш топта 45 бала тәрбиеленуде. Кезекте тұрған балалар жоқ. Осыған орай, қосымша балбақша ашу қажеттілігі жоқ. Орындалды. |
|
5. |
Жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме жұмысына толық зерделеу жүргізіп, аудан тұрғындарының сапалы қоғамдық жол тасымалын ұйымдастыру |
2026 жыл 1 қыркүйек |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудан тұрғындарын сапалы әрі тұрақты қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі тарапынан 6 автобус маршруты ұйымдастырылып, әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізбесіне енгізілді. Аталған бағыттарға қызмет көрсету үшін «Рысымбетов П.Р.» ЖК-мен келісімшарт жасалып, 2026 жылға аудандық бюджеттен тасымалдаушының шығындарын өтеуге 222,0 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар, ауданаралық «Мойынқұм-Тараз» және «Шу-Мойынқұм-Ақбақай» бағыттары ұйымдастырылған. «Мойынқұм-Тараз» бағыты әлеуметтік маңызы бар бағыттар тізіміне енгізіліп, 2026 жылы облыстық бюджеттен 79 млн теңге субсидия қарастырылған. Қазіргі таңда бағыт бойынша күнделікті 1 рейс орындалады. Аудан тұрғындарын қоғамдық көлікпен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі әкімдік тарапынан тұрақты бақылауда. Орындалды. |
|
Мерзімі келмеген тапсырмалар |
||||
|
6. |
Мойынқұм аудандық орталық аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну |
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің құрылыс, денсаулық сақтау басқармалары, Мойынқұм ауданының әкімі(жинақтау) |
«Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына» күрделі жөндеу және қайта жаңғырту (реконструкция) жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті өтінім беріліп, қажетті қаржы бөлінді. Қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы КММ тапсырыс беруші ретінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізіп, нәтижесінде «BS ARCHI GROUP» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Мерзімі келмеген. |
|
7. |
Мойынқұм ауылында жаңадан соғылған тұрғын үйлердің заң талаптарына сәйкес «Отбасы банк» АҚ арқылы азаматтарға берілуін қамтамасыз ету |
Жыл соңына дейін |
Мойынқұм ауданының әкімі |
2024 жылғы 22 қарашадағы № 138-VIII ҚРЗ «Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесіне елеулі өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы шешімді ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қабылдайды. Бұл ретте өтініш берушіге есепке қою туралы хабарлама немесе есепке қоюдан уәжді бас тарту жіберіледі. Сонымен қатар, Заңның 67-бабына сәйкес, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімді де ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қабылдайды. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы аудандық құрылыс бөліміне тұрғын үй сатып алуға тиісті қаржы қарастырылды. Атап айтқанда, жалпы алаңы 1 350 шаршы метр болатын 20 пәтерді сатып алуға 321 407,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Сатып алынған 20 пәтердің 5-еуі қызметтік тұрғын үй, ал 15-і коммуналдық тұрғын үй ретінде белгіленді. Аталған тұрғын үйлерді «Отбасы банк» АҚ арқылы белгіленген тәртіппен өткізу қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Мерзімі келмеген. |
|
8. |
Шу өзенінің түбін тазалау, жағалауын бекіту және су реттегіш гидроқұрылыс нысанын салу жобасын қаржыландыруға талдау жүргізіп, нақты ұсыныстар енгізу |
Жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, құрылыс басқармалары, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
Аталған жобаның құрылыс жұмыстары 2023 жылғы 31 қазанда басталған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында жобалық-сметалық құжаттамада бірқатар техникалық кемшіліктер анықталып, жобалық шешімдерді қайта қарау қажеттілігі туындады. Атап айтқанда, реттегіш гидроқондырғыны күшейту, қосымша қадалар қағу, қадалардың жобада қарастырылған 9 метрден 18 метрге дейінгі тереңдігін ұлғайту, гидроқондырғының орналасу орнын өзгерту және қосымша тығындылар орнату қажеттілігі анықталды. Осыған байланысты мердігер ұйым өз қаражаты есебінен жобалық-сметалық құжаттаманы қайта әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырды. Авторлық қадағалаушы «Пана 2030» ЖШС-нің қатысуымен жобалық-сметалық құжаттаманы қайта әзірлеу жұмыстары «Absolute» ЖШС-не тапсырылды. Қазіргі уақытта жоба екі кезеңге бөлініп, оған қажетті өзгерістер енгізілуде. 2026 жылғы наурыз айында жобалық-сметалық құжаттамаға тиісті түзетулер енгізу және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша қолдау хаты алынды. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2026 жылғы 13 наурыздағы №ПР-31226 хатпен аталған жобаны облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу ұсынылды. Нәтижесінде, аталған мәселе 2026 жылғы 18 тамыздағы облыстық бюджеттік комиссия отырысының №18 хаттамасына сәйкес оң шешімін тапты. Жобалаушы тарапынан 2026 жылғы 10 қыркүйекте жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Алайда мемлекеттік сараптама барысында жобалық-сметалық құжаттаманың жекелеген бөлімдері бойынша екі кемшілік анықталып, құжаттаманы қайта түзетуге қайтарылды. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қазанда сәулеттік-жобалау тапсырмасына (архитектурно-планировочное задание) өтініш жолданды. Сонымен қатар, жобаның атауының өзгеруіне байланысты үшжақты келісімшартты қайта жасау қажеттілігі туындады. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою, жобалық-сметалық құжаттаманы қайта түзету, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу және тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары қатаң бақылауда. Мерзімі келмеген. |
|
9. |
Мойынқұм ауылындағы екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу |
2027 жылдың ішінде |
Мойынқұм ауданының әкімі |
Мойынқұм ауылында барлығы 13 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Ағымдағы жылы Мойынқұм ауылы Амангелді көшесінің бойында орналасқан 6 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы 175897,3 мың теңге қарастырылып, "Мойынқұм су-жылу" кәсіпорынымен келісім шарт жасалды. Қазіргі уақытта 6 көпқабатты тұрғын үйлердің сырт келбеті толығымен ауыстырылып, сыртын қаптау жұмыстары жүргізілді. Қалған үйлерге жобалық сметалық құжаттамалары дайындалып, 2027 жылдың бюджеттік нақтылауына ұсынылатын болады. Мерзімі келмеген. |
|
10. |
«Психоневрологиялық аурулары, тірек-қимыл аппараты бұзылған 4 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 15 балаға мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен білім беру курстарын ұсыну жұмыстары бойынша мердігерді жылдың басында анықтау және алдағы уақытта мұндай кемшіліктердің қайталанбауы үшін бақылауды күшейту
|
2027 жыл қаңтар |
Мойынқұм ауданының әкімі |
2021 жылғы 18 мамырында облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің №79 хаттамасының 4-тармағы және 2021 жылғы 27 шілдедегі аудан әкімдігі мәжілісінің №25 хаттамасының 6-тармағы негізінде 2026 жылға Мойынқұм ауданы бойынша психоневрологиялық аурулары, тірек-қимыл аппараты бұзылған 4 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 15 балаға мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен білім беру курстарын ұсыну» жобасына 37000,0 мың теңге аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. 2026 жылғы 11 наурыздағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен №16138774-ГСЗ1 көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың |
|
11. |
Мойынқұм айналма каналын бетондау мәселесіне талдау жасап, қажеттілігіне қарай тиісті жұмыстарды жүргізу |
Жыл соңына дейін |
«Қазсушар» РМК ЖОФ (келісім бойынша), облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
Мойынқұм және Қылышбай ауылдарының аумағынан өтетін Шу өзенінің арнасы «Фурманов» айналма арнасы болып табылады. 2025-2026 жылдары аталған арна арқылы су көлемінің көп мөлшерде өткізілуіне байланысты Мойынқұм және Қылышбай елді мекендері аумағында жер асты суларының деңгейі көтерілген. Қазіргі таңда «Фурманов» айналма арнасының жекелеген учаскелерін бетондау бойынша ЖСҚ әзірлеуге «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы тарапынан техникалық тапсырма берілді. ЖСҚ әзірлеу аяқталғаннан кейін бетондау жұмыстарын жүргізу мәселесі қаралатын болады. Мерзімі келмеген. |
|
12. |
Қарабөгет ауылына кіреберіс жолды орта жөндеу жұмыстарын жүргізу |
2027 жылдың 2 тоқсаны |
Облыс әкімдігінің экономика, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары, Мойынқұм ауданының әкімі |
2027 жылы аталған автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, тиісті сараптамадан өткізілгеннен кейін, жұмыстарды қаржыландыру мақсатында белгіленген тәртіппен бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Мерзімі келмеген. |
|
Тұрақты тапсырмалар |
||||
|
13. |
Аудан аумағындағы жаңадан іске қосылған тұрақты инвестициялық жобаларды жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеу бойынша нақты жұмыстар жүргізу |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (келісім бойынша), Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
«ANSHUN ENERGY CO.,LTD» ЖШС, «Total Energies» («Актас Энерджи» ЖШС-нің) және «Аметист 2012» ЖШС-нің басшыларымен кездесулер жүргізіліп, жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелу бойынша келіс сөздер жүргізілді. Қазіргі таңда «ANSHUN ENERGY CO.,LTD» ЖШС жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп, қалған ивесторларды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Cонымен қатар, аудан бойынша «Коптас» ЖШС гранит тасын өдіру, «Оргстрой» ЖШС гранит тасын өндіру бойынша жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелді. Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.Тұрақты. |
|
14. |
Жаңадан іске қосылған инвестициялық жобаларға жергілікті жастарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру |
Тұрақты |
Мойынқұм ауданының әкімі |
«ANSHUN ENERGY CO., LTD» ЖШС, «Total Energies» («Актас Энерджи» ЖШС) және «Аметист 2012» ЖШС басшыларымен бірлесіп, жаңадан ашылатын жұмыс орындарына бірінші кезекте жергілікті тұрғындар арасынан білікті әрі жұмысқа ынталы жастарды тарту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде аталмыш компания «Enbek.kz» порталы арқылы 1 адамды көлік жүргізуші мамандығына жұмысқа қабылдады. Сонымен қатар, жастардың кәсіби біліктілігін арттыру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру мақсатында қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру, қажетті мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлау шараларын жүзеге асыру мәселелері қарастырылуда. Сондай-ақ «Аметист-2012БР» компаниясы ««Enbek.kz» порталында · Ұсатқыш операторы– 4 вакансия · тау-кең шебері – 1 вакансия · арнайы техника мен жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь – 2 вакансия · жүк тиегіш операторы – 2 вакансия жариялаған. Тұрақты. |
|
15. |
Облыс аумағынан ашылуы жоспарланған тері, жүн өңдейтін өндіріс орындары туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
Тері мен жүнді терең өңдеу өндірістерін дамыту нәтижесінде жергілікті ауыл шаруашылығы шикізатын тиімді пайдалану қамтамасыз етіліп, жаңа өндірістік жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік қалыптасады. Осы бағытта Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының жауапты мамандары және «Тараз» ӘКК» АҚ-ның менеджерлерімен аудан аумағында ағымдағы жылдың 14 сәуірі күні ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, оның ішінде мал терісін, жүнін өңдеу цехтарын ашу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауына сәйкес жыл соңына дейін түсіндіру жұмыстары ауданда жүргізілетін болады.Тұрақты. |
|
16. |
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауданда тұрақты сүт бағытындағы шаруаларды қаржыландыру үшін жобаларды ұсыныстарын қарау |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, «Тараз» ӘКК және Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүт бағытында «Мойынқұм-сүт» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативы (жетекшісі Баялиев Ақылбай) ашылды. Кооперативтың жоба құны 34,6 млн. теңге құрап отыр. Жобада сүтті сиырлар сатып алып, сүт өнімдерін қайта өңдеу бағыты бойынша жұмыс атқару көзделуде. Бүгінгі таңға қажетті құжаттары жинақталып, «Тараз» ӘКК қарауына ұсынылды. Жыл соңына дейін қаржыландыру жоспарлануда. Тапсырма тұрақты бақылауда. Тұрақты.
|
|
Орындалу үстіндегі тапсырмалар |
||||
|
17. |
Мойынқұм ауылындағы Құлыншақ балабақшасының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну |
2026 жыл 1 қазан |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау) |
«Құлыншақ» бөбекжай-бақшасының ғимараты бойынша 2026 жылғы 24 маусымда «Sarapshu zhobalau kz» ЖШС-нің №260108 бұйрығына сәйкес техникалық қорытынды әзірленді. Техникалық қорытынды нәтижелері негізінде ғимараттың пайдалану сенімділігін қалпына келтіру, құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелерін қолданыстағы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкестендіру, сондай-ақ нысанның алдағы уақытта қауіпсіз әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ұсынылған. Күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасының құнын айқындау мақсатында жобалау-іздестіру жұмыстарына арналған смета әзірленді. Осыған байланысты, 2026 жылғы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 38 729,0 мың теңге және сараптаманың кешенді қорытындысын алуға 2 686,0 мың теңге, жалпы сомасы 41 415,0 мың теңге (қырық бір миллион төрт жүз он бес мың теңге) қаражат бөлу жөнінде сұраныс жолданды. Қазіргі уақытта аталған қаражаттың бөлінуі күтілуде.Орындалу үстінде.
|
|
18. |
Айдарлы және Хантау ауылдарының аралығындағы республикалық маңыздағы автомобиль жолын қоршауды немесе қауіпті жол учаскелерін анықтап, бейнекамералар орнату үшін нақты ұсыныстар енгізіп, іске асыру |
Ұсыныс енгізу – 2026 жыл 31 тамызға дейін, іске асыру – жыл соңына дейін |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Қазавтожол» АҚ (келісім бойынша), Облыстық полиция департаменті (келісім бойынша) |
Аталған тапсырманың орындалуына облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (келісім бойынша) және облыстық полиция департаменті (келісім бойынша) жауапты болып белгіленген. Мойынқұм ауданының әкімдігі тарапынан аталған тапсырманың орындалу барысы, қабылданған шаралар, сондай-ақ нақты ұсыныстар мен іске асыру мерзімдері туралы ақпарат ұсыну мақсатында 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №367 шығыс хатпен облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалына тиісті хат жолданған. Алайда, бүгінгі күнге дейін аталған тапсырманың орындалу барысы туралы ақпарат жауапты мекемелер тарапынан аудан әкімдігіне ұсынылмағанын хабарлаймыз. Жауабы күтілуде. |
|
Мерзімі ұзартылған тапсырма |
||||
|
19. |
Қылышбай ауылындағы ауыз су сапасын жақсарту мақсатында мембраналық сүзгі орнату |
2026 жыл 31 тамыз |
Мойынқұм ауданының әкімі |
Мембраналық сүзгі қондырғысы 27 тамыз күні іске қосылды. Алайда іске қосу барысында қондырғының сорғы жабдықтарының бірінде ақау анықталып, сорғының жұмыс қабілеттілігі бұзылды. Осыған байланысты мембраналық қондырғының істен шыққан сорғысы тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған мекемеге жөндеуге жіберілді. Аталған техникалық ақауға байланысты мембраналық сүзгі қондырғысын толыққанды іске қосу және оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Сорғы жабдығын жөндеу, қайта орнату және қондырғының жұмыс режимін тексеру үшін қосымша уақыт қажет. Осыған орай, іс-шаралар жоспарының мерзімін қазан айының соңына дейін ұзарту сұралды. Мерзімін ұзарту сұралған. |
6