Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Азаматтарды қабылдау орталығы

Өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Жер заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес, сұраныс салынған жер учаскесі орналасқан жері бойынша жер учаскені беру жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабынын 3-тармағына  сәйкес жер учаскелеріне меншік және  жер пайдалану құқығының өздеріне берілуіне мүдделі, жеке заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы  органына өтініш беріледі.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1 бабына  сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады.

Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөлу үшін су және электр қуатымен қамтамасыз етілген сәйкес келетін алаңшалар дайын болу мөлшерінде және кезектілік тәртібінде, жер учаскелерін беру жүзеге асырылады. 

Жер заңнамасымен жеке тұрғын үй құрылысы  үшін  кезексіз және жеңілдікпен жер учаскенің берілуі  қарастырылмаған.